Мәтіндерді салыстыра аламын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Табиғат құбылыстары Күні: | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мәтіндерді салыстыра аламын | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.10.1 мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта түрлі жанрда/стильде берілген мәтіндерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Стиль , стиль түрлері, жанр түрлері, т.б. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | ||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Стиль және жанр түрлерін біледі | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі «Сөйлем құра» ойыны Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім қорапша ұсынады. Оқушылар кезекпен қорапша ішіндегі қима қағаздарды таңдап алады. Тапсырма:
Сөздер: көлде, жазда, демалыс, жемістер, қыркүйек, жаңбыр, мектеп, алғашқы қоңырау, бау-бақша, құстар, т.б.
/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, неліктен екі топқа бөлінгендігін айтады, сабақтың тақырыбына болжам жасайды/. ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару. | Презентация Қима қағаздарға жазылған сөздер, қорапша | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-35 минут | (Ұ, МК,Ө) «Кім жылдам?» ойыны Мақсаты: өткенді қайталау, бекіту. Оқушылар допты бір – біріне лақыру арқылы сұрақтар қойып, өзара жауап береді.
/Оқушылар өзара «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бірін-бірі бағалайды/ (Т),(Қ) «Ойлан. Анықта. Дәлелде». Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы берілген ғылыми-танымдық және көркем әдеби мәтіндерді салыстыру. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Мұғалім оқушыларға мәтіндерді бірнеше бөліктерге бөлінген қима қағаздар ретінде береді. (Екі мәтін екі түсті қағазға шығарылуы керек).
Жазда Жаз - төрт мезгілдің бірі. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Демалысқа шыққан балалар қуанып, достарымен таңнан кешке дейін асыр салып ойнайды. Ал кейбірі жүктерін жинап, алыстағы туыстарына жол тартады. Жаз - жеміс-жидек, қауын-қарбыз пісетін мезгіл. Бұл мезгілде құстар да улап-шулап, жаздың сәнін келтіреді. Жаз- еңбек демалысының, шомылудың маусымы. Шомылу ағзадағы зат алмасуды жақсартады, жүйке жүйесіне, қан тамырына, тыныс алу жолдарына оң әсерін тигізеді. «Ғаламтор» желісінен
Күзде Қайтқан құсты көрдің бе? Қаптай ұшқан әуелеп? Күткен күзім, келдің бе, Сыңсып бағың мәуелеп?! Қамба толы астыққа, Алғыс саған, алтын күз! Бір уыс дән шаштық та, Қап-қап қауын алдық біз. Ескен Елубай /Тапсырма орындалып болған соң, топтар ұжым алдында кестелерінде толтырған ақпаратты қорғайды, өзара бағалайды (Кетедегі әрбір дұрыс толтырылған бағанға 1 баллдан беріледі) кері байланыс жасалады/. | Доп қима қағаздар кесте презентация | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут мин | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Жетістік жолы» арқылы өздерін бағалайды. | Жетістік жолы | |||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Топтар бойынша тапсырмалар орындау | . | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?