Шығарма. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 82 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

82абақ. Тақырыбы Шығарма

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу.

4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; жоспар бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып мәтін құрап жаза алады.

Оқушылардың көбі:

тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды; жоспар бойынша сөздер мен сөз тіркестерді өз бетінше іріктеп орынды қолданып, мәтін құрап жаза алады.

Оқушылардың кейбірі:

сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады; жоспар бойынша көркем бейнелі сөздерді қолданып, мәтін құрап жаза алады.

 Бағалау

критерийлері

Берілген ақпараттар бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және өз ойын негіздейді.

Берілген тақырып бойынша әңгімелеу мәтінін құрады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Мәтіннің мазмұнын болжау, қысқы ойын, қыстың пайдасы, оқиға.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Мәтін қыс тақырыбына байланысты не туралы болуы мүмкін?

-Оған қандай негіз бар?

-Қандай оқиға болуы мүмкін?

 Құндылықтар

өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық  қабілеттерін дамыту, адами құндылыққа баулу.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері. Мәтіннің құрылымдық бөліктері.Шарықтау шегі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Т)Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылар Әли және Айямен бірігіп, «»Қыс туралы» ән шырқайды.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

http://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI

Сабақтың ортасы

12 минут

20 минут

(Ө.Т)4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу.

Тапсырма. Берілген суретке сүйеніп, сұрақтар бойынша мәтіннің мазмұнына болжау жасау. Ұсынылған ақпарат негізінде жұпта өз ойыңды дәлелдеу. Тапсырма «Кластер» әдісі арқылы орындалады.

-Мәтін қыс тақырыбына байланысты не туралы болуы мүмкін?

-Оған қандай негіз бар?

1-қадам. «Қыс» тақырыбына кластер жасайды.Топтағы оқушылар шеңбердің айналасына өз ойларын жаза береді.

2-қадам.Оқушылар жеке жазуды топта талқыға салады. Жалпы топтың атынан жауап дайындайды.

3-қадам. Кластер бойынша топтың жауабын тақтаға жазады. Өз ойларын дәлелдейді.

Дескриптор:

-сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

-тақырып негізінде өз ойын дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асады.

(Т.Ө)4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу.

Суретке сүйеніп, «Шаңғышылар жарысы» тақырыбына әңгімелеу мәтінін құрап жазу.

Жоспар

1.Қысқы демалыс (Қысқы күнді қалай суреттер едің?)

2.Шаңғышылар жарысы (Қандай оқиға болуы мүмкін?)

3.Демалыстың пайдасы (Қысқы демалыс туралы өз ойың)

1-тапсырма. Оқушылар топпен ақылдаса отырып, мәтіннің бірінші бөлігі бойынша семантикалық картаға тірек сөздер жазады. Кесте тақтаға жазылады. Оқушылар топтан шығып, кестеге жаза береді. Мұғалім сұрақтар қойып, ойларын жетілдіреді.

Қысқы

демалыс

Шаңғышылар жарысы

Демалыстың пайдасы

Қалың қар, аппақ, қар, шытымыр аяз, мұз жапқан, ауылдан қашық, орман, жету қиын.

Бір топ бала, қарындасы, сырғу, қызықты, жүйткіді,құлады, жәрдем беру, беттері домбығу,

байқар емес, озып шығу.

Көңілді,

мәре-сәре, риза болу,

пайдалы өткізу.

2-тапсырма.Оқушылар жазуға кіріседі. Мұғалім көмекті қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтарын беріп отырады.

Дескриптор:

  • тақырыпқа сәйкес әңгімелеу мәтінін жазады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
  • көркем, әдеби тілде жазады;
  • орфорграфиялық қателер жібермейді;
  • пунктуациялық қателер жібермейді;
  • грамматикалық нормаларды сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалаумен жүзеге асады.

Слайд

АЗ, маркер, фломастермагнит, стикер

Слайд

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Мұғалім оқушылармен олардың деңгейі мен түсініктерін байқау үшін жеке әңгіме жүргізеді.

Үй тапсырмасы

-қыс тақырыбында үш мақал-мәтел жазу, мағынасын ашу.

-мақал-мәтелден зат есімдердің қай септікте тұрғанын табу.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/04e5/00077ef4-880f23af/img8.jpg



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу