file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шығыс септік. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 78 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 78абақ. Тақырыбы Шығыс септік.

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу;

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

берілген тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазады;зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

пайымдау мәтінін құрап жаза алады; өз бетімен зат есімдерді септейді.

 Бағалау

критерийлері

• Берілген тақырып бойынша пайымдау мәтінін құрады.

• Зат есімдерді септей алады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Барыс септік.Табыс септік. Жатыс септік. Шығыс септік.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Кім? (не?) қайда жатыр?

- Кім? (не?) қайда барды?

-Неліктен қайшыауыз балапандары қыста ашықпайды?

-Шығыс септігінің сұрақтары қандай?

-Шығыс септігінің жалғаулары қандай?

-шығыс септігі сөйлемнің қай мүшесі болады?

 Құндылықтар

өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық  қабілеттерін дамыту, жануарларға қамқорлық жасауға баулу.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мәтін түрлері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардан үй тапсырмасы сұралады. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша үй тапсырмасы бекітіледі. Бұл тапсырма ауызша жүргізіледі. Әр суретке бір сөйлемнен ойлайды. Қайда сұрағының жауабы қай септіктің жалғауы болып тұрғандығы сұралады.

Кім? (не?) қайда жатыр?

Кім? (не?) қайда барды?

- Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Слайд

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

(Ұ.Ж) 4.3.1.1 - берілген тақырып бойынша әңгімелеу, сипаттау және пайымдау элементтері бар мәтін құрастырып жазу.

Оқушылар «Неліктен қайшыауыз балапандары қыста ашықпайды?» сұрағына топтаса отырып, проблеманы шешеді.Тапсырма «Бортты журнал» әдісі арқылы болжам жасалады.

Болжам

1.Тақырып бойынша бұрыннан не білемін?

2.Бұл туралы не білуім керек?

Оқушылар жұптаса отырып тақырып бойынша ойларын ортаға салады.

(Ж) Оқушыларға Ю.Дмитриевтің «Қайшыауыз» мәтіні беріледі. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды.

Қайшыауыз

Бұл құсты ерекше тұмсығына қарап, бірден айыруға болады. Оның тұмсығы қайшы тәрізді айқасып тұрады. Қайшыауыз деп аталуы да содан.

Қайшыауыз жұмыртқаны қыста салып, қыста балапан шығарады. Сыртта қатты аяз кезінде қызылшақа балапандар ұяда жатады. Әрине, ұясы жылы, анасы үнемі балапандарын қанатының астына алады.

Қайшыауыз балапандарына қыста жақсы тамақ керек. Бұл құстың тамағы - шырша бүрлері. Ал шыршаның жаңғағы қыста піседі. Оларға қыс қорқынышты емес.

Пайымдау мәтінінің ерекшелігі еске түсіру үшін кесте ілінеді. Пайымдау мәтініндегі көмекші сөздердің қыстырма сөздер болып табылатындығы айтылады.

1.Дәлелденетін пікір

2.Дәлелдеу өйткені... себебі... біріншіден, ....

екіншіден,....

3.Қорытынды сол себепті.... сондықтан..... демек.

Сызбаны пайдалана отырып, «Неліктен қайшыауыз балапандары қыста ашықпайды?» тақырыбында пайымдау мәтінін құрастырады.

Үлгерімі төмен оқушыларға көмек беріледі.Оқушылар «Ашық микрофон» әдісі бойынша қорғайды.

Үлгі:

1.Дәлелденетін пікір. Қайшыауыз балапандары қыста ашықпайды.

2.Дәлелдеу. Өйткені бұл құстар қыста өсетін шырша бүрлерімен қоректенеді.

3.Қорытынды Сондықтан оларға қыс қорқынышты емес.

Дескриптор:

  • тақырыпқа сәйкес пайымдау мәтінін құрастырады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
  • грамматикалық нормаларды сақтайды.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалауымен және мұғалім бағалауымен жүзеге асады.

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма. Қабілеті жоғары оқушылар оқулықтағы 65-жаттығуды орындайды. Сызбадағы жалғауларға сай келетін зат есімдерді табады.

Зат есімдер

Жалғаулар

...

-нан

...

-нен

...

-тан

...

-тен

...

-дан

...

-ден

Үлгерімі төмен оқушылар көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып жазады.

1.Ақыл жас... шығар, асыл тас.... шығар. 2.Отан от... да ыстық. 3.Бір жең... қол шығар, бір жаға... бас шығар. 4.Барлық өнер... сөз өнері күшті.

Керекті жалғаулар: –нан –нен -тантенданден.

2-тапсырма.Оқушылар жұмыстарын өзара тексереді.Сұрақтарға жауап береді:

-Сөздерге жалғаулардың әртүрлі жалғануының себебі неде?

3-тапсырма.Шығыс септігі туралы ереже құрастыру тапсырылады.

Сұрақтары -?

6.Шығыс септік

Жалғаулары-?

Дескриптор:

-шығыс септігіне жалғауларды дұрыс жалғайды;

-ол сөздерге сұрақ қояды.

Қалыптастырушы бағалау өзара және мұғалім бағалауымен жүзеге асады.

Слайд

Дидактикалық материал

Слайд

Дидактикалық материал

Дидактикалық материал

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

-Сабақта қандай тапсырмалар орындадың?

-Қай тапсырманы орындауда қиындық келтірді?

-Ол қиындықты қалай шештің?

-өз бетімен;

-сыныптасыммен;

-мұғалім көмегімен;

Үй тапсырмасы 67-жаттығу.

-берілген сөздердің шығыс септігінде тұрғанын дәлелдеу;

-сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу