Мазмұндама. Торғайлар. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 74 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлім Табиғат құбылыстары

№ 74абақ. Тақырыбы Мазмұндама.Торғайлар.

Мектеп:

Күні: 3-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

4.3.3.1 - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, үлгі бойынша мазмұндама жазады; мұғалімнің көмегімен зат есімдерді септейді.

Оқушылардың көбі:

тыңдаған материал бойынша бірлесіп жоспар құрады, тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады;зат есімдерге сұрақ қою арқылы септейді.

Оқушылардың кейбірі:

тыңдаған материал бойынша жоспар құрады, мазмұндама жазады;өз бетімен зат есімдерді септейді.

 Бағалау

критерийлері

•Тыңдалған мәтіннің негізінде мазмұндама жазады.

•Ілік септігінің жалғауларын біледі.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Зат есімнің септелуі. Атау септік.Ілік септік. Сұрақтары.Жалғаулары.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Қыстап қалатын құстарды атай аласың ба?

-Қыста құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

 Құндылықтар

адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашырлық білдіруі, айналадағы құстарға қайырымдылық жасау

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есім. Зат есімнің септелуі. Мәтінге жоспар құру. Мәтіннің бөліктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ж)1.Ұйымдастыру бөлімі. Көркем жазу минуты. Берілген суретте қыстап қалатын құстардың аттарын қаллиграфияны сақтай отырып, алфавит ретімен жазып шығу.

торғай көктеке қарға кептер

сарышымшық пайызторғай үкі қайшыауыз

суықторғай сауысқан сарнауықторғай тоқылдақ

Кептер, көктеке, қайшыауыз, қарға, пайызторғай, сарнауықторғай, сарышымшық, сауысқан, суықторғай, тоқылдақ, торғай, үкі.

- Бұл құстардың ұқсастығы не? (...зат есім)

- Байқағанымыздай, ірілеу құстармен бірге кішкентай құстар – торғайлар қыстап қалады екен.

Қыс маусымы - қыстар үшін өте ауыр кезең. Құстарға қыста қорек тауып жеу қиынға түседі. Сондықтан қыста құстар суықтан емес, аштықтан қырылады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Слайд

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

30 минут

(Т) 4.3.3.1 - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-қадам. Мәтінді мұғалім оқиды.Тапсырма «Еркін жазу» әдісі арқылы жүргізіледі.

2-қадам. Оқушыларға сұрақ қою:

1.Мәтіннің тақырыбын басқа қалай деп қояр едіңдер? (Қамқорлық. Дәулеттің қамқорлығы. Кішкентай торғайлар)

2.Автордың негізгі ойы? (Құстарға қамқорлық )

3-қадам. Берілген сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құрады.

Сұрақтар:

  • Дәулет терезе алдынан нені байқады?
  • Дәулет торғайларға қандай қамқорлық жасады?
  • Дәулеттің ойына не келді?

Мазмұндама жоспары:

  • __________________________________
  • __________________________________
  • __________________________________

4-қадам. Орфографиялық дайындық. Тақтадан тірек сөздер жазылады. Ілік септігі жалғауларына ң әрпі жазылатынын ескеру.

- барлық сөз тіркестерінің ұқсастығы неде? (Ілік септігінің жалғаулары, ң жазылады)

Күннің әлсіз нұры, терезенің алдына, Дәулеттің жаны ашу, апасының сөзі, нанның қиқымы, терезенің жақтауы, торғайдың пайдасы, шыбын-шіркейдің көзін. 5-қадам. Лексикалық дайындық. Сөздерді синонимдерін таңдау. Мысалы, жаураған сияқты –тоңған сиқты.

Саңылау жасау - терезені аздап ашу,

Түйіндеген –қорытындылаған, шешкен.

6-қадам. Мұғалімнің оқып беруі.

7-қадам. Оқушылар жұптасады. Мазмұнын айтуға дайын оқушы мазмұнын айтуға қиналатын оқушымен жұптасып, мазмұнын айтып береді.

8-қадам. Жоспар бойынша мазмұндама жазады.

Торғайлар

Қыс. Күн суық. Қаңтар айында күннің әлсіз нұры ауланы шуаққа бөлей алмай тұр. Дәулет терезе алдында сыртқа қарап, жалғыз өзі отыр еді. Үлкен терезенің алдына бір топ торғай ұшып келді. Қарындары қатты ашқан болуы керек. Дір-дір етеді. Дәулеттің торғайларға жаны ашыды. Терезені ашып, торғайларды үйге кіргізіп алғысы келді. Апасының: «Терезені ашып қойма, үй суып кетеді» деген сөзі есіне түсті.

Ол терезені сәл саңылау жасай ашты да, нанның қиқимын алып, терезенің жақтауына септі. Торғайлар нанның қиқымын тез-тез шоқып жеді де, ұшып кетті. Кенет торғайлар бұрынғысынан да көбейіп ұшып келді. Терезе жақтауына жапырлай қонып, топырлап барады.

«Торғайдың пайдасы көп» дейтін әжесі. Олар ағашқа, алмаға, жүзімге зиянды құрт-құмырсқаларды теріп жеп, жамандыққа жол бермейді емес пе?  Өз ойын осылай түйіндеген Дәулет нан салынған ыдысқа тағы да қолын соза берді.

9-қадам. 7-қадамда мазмұнын айтқан оқушылар енді тыңдайды. Керісінше, мазмұнын тыңдап отырған оқушы жазғанын жұбына оқып береді.

10-қадам. Жазған мәтін ішінен ілік септігінде тұрған сөздердің жазылуына мән береді. Сол сөздердің астын сызады.

Дескриптор:

  • мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
  • сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
  • грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;

- каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

- сөйлемдердегі ілік септігінде сөздерді табады.

- жалғауларында ң әрпінің жазылуын біледі.

Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.Соңынан мұғалім бағалайды.

Слайд

Жұмыс дәптері

Слайд

Қосымша материал №1

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі.

Маған бұл сабақта не маңызды болды?

Қай мәселені шешуде қиындық туғызды?

Үй тапсырмасы

- мұз үстіндегі төтенше жағдайдан қорғану кезінде дұрыс болатын әрекетті белгілеу;

-берілген сөздерден зат есімдерді тауып, ілік септігінің жалғауын жалғау.

Слайд

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау.

Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады.

АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу