Сөз таптары. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 66 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 66-сабақ. Тақырыбы Сөз таптары | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.2.5.1 -дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау; 4.2.6.1-белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -Дереккөздерден қажетті ақпаратты табады. -Анықталған ақпаратқа қатысты пікір білдіреді. -Бір тақырыпқа берілген мәтіндерді салыстырады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Морфология. Морфологиялық талдау. Мәтін: түрі, жанр,стиль. Кемпірқосақ. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Кемпірқосақ қалай пайда болады? Оны табиғаттың таңғажайып құбылысы деп айтуға бола ма? Қыс мезгілінде кемпірқосақ көріне ме? Сұрақтарына қарап, сол сөз табының қандай мағына білдіретінін айтуға бола ма? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Белсенді қарым-қатынас,өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және дамыту. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану, көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Күрделі сөздер.Сөз таптары. Морфологиялық талдау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. «Кемпірқосақ» әні шырқалады. Жаңбыр бітті, алақай! Далаға шық, балақай! Кемпірқосаққа қара, Әрбір түсті сана. Бірінші түсі оның - қызыл қызғалдақтай. Екінші түсі оның - қызыл сары балдай. Үшінші түсі оның - сап-сары тарыдай, Төртінші түсі оның - жасыл жапырақтай. Бесінші түсі оның - көгілдір аспандай. Алтыншы түсі оның - көк көлдің суындай. Жетінші түсі оның - күлгін орамалдай. - Кемпірқосақ, көбінесе, қай мезгілде көрінеді? -Қыс мезгілінде көріне ме? (Сол күні ауада жоғары ылғалдылық, қатты аяз, жарқырап күн шығып тұрса көрінеді.) Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады. | https://www.youtube.com/watch?v=y5mF5aU4JNw http://bloximages.chicago2.vip.townnews.com/tetonvalleynews.net/content/tncms/assets/v3/editorial/b/ba/bba905be-1205-11e1-8232 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут 15 минут 15 минут | (Т) 4.2.5.1 -дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау. 1-тапсырма.Оқушылар бұл тапсырманы топта орындайды. Бұл тапсырма «Түртіп оқу» стратегиясы арқылы орындалады. Алдымен, оқушылар «Кемпірқосақ» мәтінін оқиды. Оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады: -Қай мезгіл суреттелген? Қай сөзден аңғаруға болады? -Кемпірқосақ қай кезде көрінді? -Күрделі сөздерді табайық.Неліктен олар күрделі сөздер деп аталады? (көкжиек, кемпірқосақ, бір-бірінен) Оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп алады. Түсініксіз сөздердің мағынасын өз түсініктерінше, сөздіктер мен анықтамалықтар, энциклопедиялардан анықтайды. Оқушылар жеке отырып анықтаған жаңа сөздерінің мән-мағынасын бір-біріне түсіндіреді, ақпарат алмасады. Топта жаңа сөздер мен терминдердің беретін мағынасымен бөліседі, семантикалық картамен жұмыс жүргізеді. Топ мүшелері бас бармақтарын көрсетіп, жұмыстарының орындалғаны туралы белгі береді. Мұғалім мәтін ішінде кездескен түсініксіз сөздермен жұмыста төмендегі әдіс-тәсілдерді қолдана алады: 1-тәсіл.Заттың өзін көрсету арқылы түсіндіру тәсілі. 2-тәсіл.Суретін көрсету арқылы түсіндіру тәсілі. 3-тәсіл.Синониммен алмастыру арқылы түсіндіру тәсілі. 4-тәсіл.Анықтамасын беру арқылы түсіндіру тәсілі. 5-тәсіл.Өмірден фактілер, мысалдар келтіру арқылы түсіндіру тәсілі. 6-тәсіл.Сөзді құрамына ажырату арқылы түсіндіру тәсілі Бұл тапсырма қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.
Бұл тапсырма үлгерімі төмен оқушыларға беріледі
Жауабы. Үлгі
Дескриптор: -мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, қысқаша түсіндіреді; - жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді. Дәптермен жұмыс. Асты сызылған сөздердің орнына сөздіктан анықтаған сөздерді қойып жазып шығады.
Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады. Әр топ келесі топ туралы пікірлерін айтады. 4.2.6.1-белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. (Т)1-тапсырма.Оқушыларға қиылған қағазға жазылған сөздер беріледі. Кемпірқосақ түсіне байланысты әр топ сөздерден жұмбақ құрастырады.Түстері арқылы тексеріледі. Неліктен шешуі кемпірқосақ болғанын дәлелдейді.
Нөсерден соң жаңағы, Бұлт сейіліп, күн шықты. Көкте түрлi жолақты, Өрнек тұрды ғаламат! 2-тапсырма.Оқулықтағы «Кемпірқосақ» мәтініне назар аудартады. Оқушыларға «Кемпірқосақ» және жұмбақ мәтіндерін салыстырып, стиліне қарай қайсысы көркем әдеби, қайсысы ғылыми-танымдық мәтін екені анықтатылады. Мәтіндердің түрі, жанры, стилі бойынша салыстырып, кестеге жазады. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттап айтады. Мұғалім екі мәтінді «Бағыттап оқу» стратегиясы арқылы оқуды жүзеге асырады. Ол үшін кіріспе кезеңінде оқушылардың мәтінді зерттеуіне аз ғана уақыт беріледі: олардың атауын, жанрын, мазмұнын болжауды талқылайды. Бұл жұмыс түрі жұппен ұйымдастырылып, олар бір-бірімен ой бөліседі. Келесі кезекте мәтіннің жанры анықталып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары ажыратқызылады. Ол үшін оқушыларға «Қай мәтінде құбылыс белгілері нақты, қайсысында бейнелі суреттелген?» проблемалық сұрағы қойылады.Мұғалім тарапынан төмендегідей сұрақтар қойылады: -Неліктен автор мәтінге осындай атау таңдаған? -Мәтіннің атауы арқылы не туралы екендігін немесе жанрын біле аламыз ба? -Қай мәтіннен кандай ақпарат алуға болады? -Қай мәтін көркем шығармаға жатады? -Қайсысы көркем шығарма емес?Неліктен?
Дескриптор: -мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтайды; -мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Қосымша материал №1 Дәптермен жұмыс. Слайд Қосымша материал №2 Слайд Қосымша материал №3 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін жүргізіледі. - Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз? - Сіз үшін не жеңіл болды? - Сізге қай жерде көмек қажет болды? Үй тапсырмасы оқулықтағы 9-жаттығу: -жұмбақтар кітабынан табиғат құбылыстары: сүңгі, жаңғырық, тұман, бұршақ туралы жұмбақтар тауып, көркем етіп жазу; -жазған жұмбақтарда сын есім, сан есім, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанынын тауып, дәлелдеу. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Оқушылардың -мәтіндердің түрін, жанрын, стилін анықтауы, мәтіндердің ұқсасытығы мен айырмашылықтарын сипаттай білуі және дереккөздерінен алынған жаңа ақпараттың мағынасын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаза білуі, оған қорытынды жасай білуі бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?