Морфология әлеміне саяхат. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 65 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән Қазақ тілі Бөлім Табиғат құбылыстары № 65-сабақ. Тақырыбы Морфология әлеміне саяхат | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 3-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Ж.М.Жарылғасова | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу. 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген ақпараттар бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды және өз ойын негіздейді. Мәтін мазмұны бойынша шешім шығаруға бағытталған сұрақ құрастырады. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | Пәндік терминология мен тірек сөздер Морфология. Сөз таптары.Табиғат құбылыстары. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл -Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? -Қыста қандай табиғат құбылыстарын байқауға болады? -Морфология нені зерттейді? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | өз бетімен жұмыс жасау, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір бойы білім алу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз таптары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ.)Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сурет бойынша қыс мезгілінде болатын 9 табиғат құбылысын жазып шығу тапсырылады. Үлгі: боран, қар, аяз, бұрқасын, жел, көктайғақ, жылымық, тұман, бұршақ, қырау, терезеге өрнек салу, мұзқатқақ, сүңгі, кемпірқосақ. Оқушылар дәптерлеріне қыста болатын табиғи құбылыстың 9-ын көркем жазады. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады. | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 минут 15 минут | (Ө.Т)4.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу. 1-тапсырма.Берілген кестеге сүйеніп, сұрақтар бойынша мәтіннің мазмұнына болжау жасайды. Ұсынылған ақпарат негізінде топта өз ойларын дәлелдейді. -Мәтін не туралы болуы мүмкін? -Оған қандай негіз бар?
Сұрақтарға жауап берген соң «Бортты журнал» әдісі бойынша болжамды жүк журналының сол жағына жазады. Оң жағын жаңа тақырыптан соң орындайды.
Жұмыс нәтижесін топта талқылайды. Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің және оқушылардың өзара бағалауымен жүзеге асырылады. Дескриптор: -кесте бойынша мәтін мазмұнын болжайды; -өз ойына дәлелді пікір айтады. 2-тапсырма.Қабілеті жоғары оқушылар ребус шешу арқылы 6,7,8,9-шы болатын сөз таптарын табады.
Табылған сөздерді тақтаға жазады.Сөз таптарының бір-бірнен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сұралады. Үлгерімі төмен оқушылар берілген сөздер ішінен артық сөзді тауып, неліктен артық екенін дәлелдейді.
-Сұрақтарына қарап, қай сөз табының қандай мағына білдіретінін айтуға бола ма? (әр сөз табының қандай ережесін шығарып көреді) 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. 1-тапсырма. Оқулықтағы мәтін оқылады.Мұғалім түсінік береді. Морфология сөз таптарын зерттейді. Сөйлем ішіндегі сөздердің (сөз таптары) атқаратын қызметі, сұрағы, мағынасы, түрленуі туралы мәселелерді қарастырады. 2-тапсырма.Мәтін бойынша шешім табуға арналған бір сұрақ құрастыруға және жауап беруге тапсырма беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар шешім табуға бағытталған сұрақтарды өздері дайындайды. Үлгерімі төмен оқушыларға сұрақтар беріледі. - Берілген сұрақтардың қайсысы мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар? 1. Сөз таптары қалай аталады? 2.Бір сөз табы екінші сөз табынан қандай белгілері арқылы ажыратылады? 3.Морфологиялық талдау қалай жүргізіледі? Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтары дайын болған соң, «Микрофон» әдісі арқылы сұрақ қояды. Келесі топ жауап береді. Үлгерімі төмен оқушылар сұрақ жауабын дәптерлеріне көшіріп жазады.Содан соң 1-тапсырма бойынша «Бортты журналдың» екінші бөлігі толтырылады.
Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың өзара бағалауымен жүзеге асырылады. | Слайд Дидактикалық материал Дидактикалық материал Дидактикалық материал | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс. Мен....... үйрендім. Мен...... әлі үйренуім қажет. Үй тапсырмасы 4-жаттығу. -өлеңді көшіріп жазу; -өлеңнің бірінші тармағындағы сөздерге морфологиялық талдау жасау. (форзацта берілген морфологиялық талдау үлгісі басшылыққа алынады). | Слайд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау. Сабақты қорытындылау кезеңіндегі сұраққа жауап алғанда қабілеті жоғары оқушылардың өзіндік ой-пікір күтіледі. Әр топта оқушылардың түгелдей сабаққа қатысуын қадағалау. | Қалыптастырушы бағалауда дескриптор арқылы бағаланады. | АҚТ қолдану кезіндегі және жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім? Келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?