Тұрақты сөз тіркестері. Мамандықтың бәрі жақсы. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 50 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

50 Тұрақты сөз тіркестері. Мамандықтың бәрі жақсы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 4.2.2.1 - тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану
  • 4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау
  • 4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру
  • 4.3.5.1 - стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • тұрақты сөз тіркестерін сөз тіркестерінен ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;
  • тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрай алады;
  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;
  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • тұрақты сөз тіркестерін сөз тіркестерінен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;
  • тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрай алады;
  • кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;
  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады;
  • тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрай алады;

- кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Бағалау критерийлері

  • тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;
  • тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрай алады;
  • жазу техникасын жетілдіреді;
  • жазба жұмысын өз бетінше редакциялай алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тұрақты сөз тіркесі, монолог

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

«жаны ашыды», «көз ұшында», «құлақ қойған жоқ» тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесің?

Құндылықтар

Ұлттық джәстүр, шешендік өнерімізге баулу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы білім

Сөз және оның мағынасы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І (Т) Өткенді бекіту.

«Бір қадам алға» әдісі

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды.Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім үстеліне жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

1.Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер.2. Мағыналары қарама - қарсы сөздер.3. Жазылуы, айтылуы әртүрлі, мағынасы бірдей сөздер.

4. Әдемі, ........... ( ажарлы, көркем, сұлу, келбетті, көрікті )

5. тақ – (жұп ) ақ – (қара ) батыл – (қорқақ )

Оқушылар жауап берген оқушыны «Бармақ» арқылы бағалайды.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.

1-слайд

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.2.2.1, 4.3.5.1 ( МК, Т ), ( Ж, Ж,Т )

Екі бағандағы сөз тіркестерін салыстырып оқы. Қандай ерекшелік бар?

Мұғалім бағанның сол жағындағы және оң жағындағы сөз тіркестерінің не туралы екенін сұрайды.

бүйрегі ауырды

бүйрегі бұрды

қой аузындағы шөп

қой аузынан шөп алмас

шашы қобырады

төбе шашы тік тұрды

ала жіп алды

ешкімнің ала жібін аттамайды

үйдің төбесі

төбесі көкке жетті

  • «Бүйрегі бұрды» дейтін сөз тіркесі қандай мағына береді?
  • «Жаны ашыды» деген мағына береді.

тұрақты сөз тіркестері

беретін мағынасы

қой аузынан шөп алмас

жуас момын

төбе шашы тік тұрды

қорықты

ешкімнің ала жібін аттамайды

қиянат жасамайды

төбесі көкке жетті

қуанды

Оқушылардың не байқағанын сұрап, тұрақты сөз тіркесі туралы қорытынды тұжырым жасауларына басшылық етеді. Бағанның оң жағындағы сөздердің неліктен тұрақты сөз тіркесі деп аталатындығы анықтатылады.

Оқушылар тұрақты сөз тіркесі туралы ережені қорытындылап айтады.

Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесін тұрақты сөз тіркесі деп атайды.

8-жаттығу

Сөйлемдерді оқы.

«Сөйлемдер туралы үш сұрақ» әдісі арқылы орындалады.

Мұғалім үш сөйлемді тақтаға жазып, оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап беруді тапсырады:

  • Қарамен жазылған «жаны ашыды», «көз ұшында», «құлақ қойған жоқ» тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесің?
  • Тұрақты сөз тіркестерін «аяды», «алыста», «тыңдамады» сөздерімен айтып көр. Не байқадың?
  • Қай нұсқадағы сөздер ойымызды көркемдеп, әсерлі жеткізуге қатысты?

Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша орындайды. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Мұғалім жауап берген оқушыны бағалап отырады.

Бағалау дескрипторы:

  • сөз тіркестерін тұрақты сөз тіркестерінен ажырата алады;
  • тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді;
  • мағынасын түсіндіріп бере алады;

4.2.2.1, 4.3.6.1, 4.3.5.1( МК, Ө, Ж,Т )

9-жаттығу

Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып , сөйлем құрап жаз.

Қас пен көздің арасында, тайға таңба басқандай, мойны жар бермеді.

Ықтимал жауаптар: Қас пен көздің арасында қалаға келіп қалды. Жазулар тайға таңба басқандай көрініп тұрды. Жұмыс жасауға мойны жар бермеді.

Мұғалім оқушыларға сөздерді көркем әрі әдемі қатесіз жазуын ескертеді.

Жұпта жазған сөйлемдерін бір-бірімен ауыстырып, өзара тексереді.

Әр жұптан бір оқушы тұрақты сөз тіркесін дәлелдейді.

Үлгі бойынша сөз топтарын тұрақты тіркес екенін дәлелдеу

Бармағынан

бал тамған-тұрақты сөз тіркесі

үш сөздің тіркесуі арқылы жасалып, «шебер» деген мағынаны білдіреді.

ол ойды көркем, әсерлі жеткізуге көмектеседі.

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырады;
  • тұрақты сөз тіркестері мағынасын түсіндіре алады;
  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

4.1.4.1, 4.3.6.1, 4.3.5.1 (Ө, Ж,Т)

10- жаттығу

Берілген тұрақты сөз тіркестердің мағынасын түсіндір. Тұрақты тіркестерді белгілі бір мамандықпен байланыстырып, монолог құрастырып жаз.

Тұрақты сөз тіркестер: ат басындай, көзді ашып – жұмғанша, қара қылды қақ жарған, құлақ салды.

Монолог – грек тлінен аударғанда сөйлеу деген мағынаны білдіреді. Кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, ой толғауы. Монолог сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл.

Жұпта оқушылар сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіреді.

Ықтимал жауаптар:

Ат басындай- өте үлкен

Көзді ашып -жұмғанша - жылдам

Қара қылды қақ жарған- әділ билік айтатын адам

Құлақ салды-тыңдады

Оқушылар топта тұрақты сөз тіркестерін пайдалана отырып, жеке монолог құрап жазады.

Топта жинақталып отырып,тізбек бойынша өздері құрған монологын оқиды.

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрастыра алады;
  • тұрақты сөз тіркестері мағынасын түсінеді;
  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

4.2.2.1 (Ө, Ж) Шығармашылық үзіліс

Суреттерге қарап, тұрақты сөз тіркестерін тап.

Тапқан сөз тіркестерінің қасына баламасын жазу

........... ашып -жұмғанша- ..........................................

.......... жалғады-................................................

...... құлағында ойнайды-....................................

Қосымша№ 1

2-слайд

оқулық

Қосымша№2

Қосымша№3

3-слайд

Қосымша№4

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана аламын;

тұрақты сөз тіркестері арқылы монолог құрастыра аламын;

жазу техникасын жетілдіре аламын;

жазба жұмысын өз бетімше редакциялай аламын;

Үй тапсырмасы

12- жаттығу, 102- бет

Қосымша№5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу