Сөз және оның мағынасы. Мамандықтың бәрі жақсы. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 49 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

49 Сөз және оның мағынасы. Мамандықтың бәрі жақсы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

4.3.5.1стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

4.1.2.1мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма, сызба, кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын дәлелдеу

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • көп мағыналы сөздерді ажырата біліп, мағынасын түсінеді;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады
  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжап және өз ойын дәлелдей алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • көп мағыналы сөздерді ажырата біліп, мағынасын түсінеді және сөйлеу барысында қолданана алады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді түзете алады;
  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжай алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата біліп, мағынасын түсінеді және сөйлеу барысында қолдана алады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжауды үйренеді;

Бағалау критерийлері

  • көп мағыналы сөздерді ажырата біліп, мағынасын түсінеді;
  • мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзете алады;
  • мәтіннің тақырыбы бойынша мәтіннің мазмұнын болжап, өз ойын дәлелдей алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Синоним, антоним, омоним

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Теңізші қандай мамандық?
  • Теңізші мамандығын неге қатерлі дейміз?

Құндылықтар

Мамандық иелерін құрметтеу, ардақтау, мақтаныш ете білу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы білім

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК,Т) Сызбадан қандай мәлімет алуға болады?

Сызба бойынша сөздердің мағынасы туралы ой қорытындысын жаса.

Сөз және оның мағынасы

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.

Сызба

1-слайд

Кесте №1

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.2.2.1 (Ж,Т) 2- жаттығу

Берілген сөздерді сөз мағынасының түрлеріне жікте.

Бұл сөздер қай мамандыққа қатысы болуы мүмкін?

антоним синоним омоним

«Сәйкестендіру» стратегиясы

Оқушылар жұптаса отырып берілген сөздерді сөз мағынасының түрлеріне жіктейді, сәйкестендіреді. Топта қай мамандыққа қатысы барын дәлелдеп, жұмыстарын талқылайды. Өзара бағалау жүргізіледі.

Дескриптор:

  • сөз және оның мағынасын ажыратады;
  • сөз мағынасының түрлеріне жіктей алады;

4.2.2.1, 4.3.5.1 (МК, Ө) Көркем жазу

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып, сөйлем жазады.

Мысалы: Мм Мм Мм

Мамандық таңдау - маңызды іс.

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

(Ж, Т) 3-жаттығу. Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, 2-3 сөйлем құрастырып жазу.

Тірек сөздер: тағам, тәтті -ащы, ыстық- салқын, қатты -жұмсақ, қою – сұйық

Берілген сөздер сөз мағынасының қай түріне жататынын анықтайды.

Оқушылар сурет пен тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырып жазады. Жұпта талқылап, бір –бірін өзара тексеріп, жіберілген қате түрлерін анықтайды.

Өзара бағалайды.

Дескриптор:

  • тірек сөздерді орынды пайдаланып,сөз мағынасының түрін анықтайды;
  • жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды;
  • грамматикалық нормаларды сақтайды.

Сергіту сәті. «Кім? Қандай?» ойыны.

Әрбір топқа нұсқау беріледі, топтар берілген мінездемелер қай мамандыққа сай екендігін қимыл, ым-ишарамен көрсетеді, келесі топ көрсетілген мамандықтың атауын айтады.

Мысалы,

-Әртүрлі тәттілер қасында......................

-Білімнің тұтқасы қолында..............................

-Қай мамандық ақшамен байланысты..................

4.1.2.1, 4.2.2.1 (Ө, Ж,Т)

4- жаттығу

Тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжау.

1. «Ассоциация» әдісі

Теңізші мамандығы туралы не білеміз?

Тапсырмаға байланысты өздері білетін мәліметтерді жазады.

Мысалы: Теңізші – мамандық, батыл, еңбекқор, өжет т.б

Нәтижесін әуелі жұпта, содан соң шағын топта талқыланады. Топтардың бұл тақырыпқа қатысты жазған деректерінен презентация жасалады. Содан соң болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады

  • Теңізші қандай мамандық?
  • Теңізші мамандығын неге қатерлі дейміз?

2. Мәтіннен синонимдерді теріп жазу, қарамен жазылған сөздердің антонимдерін табу

Мысалы: ержүрек, өжет, батыл (синоним )

қиын – оңай

ыстық - суық

қараңғы - жарық

Дескриптор:

скриптор

  • тақырып бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды;
  • өз ойына дәлелді пікір айтады;
  • сөз мағынасының түрлеріне жіктей алады;

4.2.2.1 (Ө, Ж ) Саралау. Шығармашылық үзіліс.

1-деңгей:

Сөздердің антонимін тауып жаз:

...- арық …- қисық

…-қону …- таяз

(семіз, ұшу, түзу, терең)

Көп нүктенің орнына мағынасы мәндес сөздерді тауып жаз: арман, ........, ..........

алыс, ......., ...........

(қашық,мақсат,қиял,шалғай)

2-деңгей: Артық сөзді тап!

1. Жерлес, елдес, ауылдас, байлық

2. Ылғалды, ақылды, дымқыл, сызды

3. Жаман, жақсы, ақ, жақын, алыс

( байлық, ақылды, ақ)

3-деңгей:

Жұмбақты шеш. Қарамен жазылған сөзді қарама – қарсы мағыналы сөзбен ауыстыр.

Жеңілдікпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар

Дескриптор:

  • сөз және оның мағынасын ажыратады;
  • сөз мағынасының түрлерін анықтай алады;

оқулық

Кесте №2

2-слайд

3-cлайд

Кесте №3

4-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Стикер» әдісі бойынша бағалау жүргізіледі.

Бағалау критерийлері бойынша:

  • Мен не үйрендім?
  • Маған ... қиын болды?
  • Мен ... үйренгім келеді?

Үй тапсырмасы

Мәндес сөздері бар 2-3 сөйлем жазу

5-слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу