Қос сөздер. Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 56 сабақ
Пән: Қазақ тілі. Бөлім Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | № 56 Қос сөздер. Отбасы мүшелерінің мамандықтары. | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз) 4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру | |||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор |
| |||||||
Құндылықтар | Мамандық иелерінің еңбегін құрметтей білу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||
Алдыңғы білім | Біріккен сөздер | |||||||
Сабақтың барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Сынып қабырғасында мамандықтарға байланысты бірнеше суреттер ілініп тұрады.
Бұл тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Саяхат жасап, аралап жүріп, сыныптағы оқушылар бірнеше мамандық түрлерімен танысады. -Қандай мамандық түрлері бар? - Бұл мамандық иелері сіздердің үйлеріңде бар ма? -Қандай мамандық атаулары сендерге таныс емес? -Қойшы туралы не білеміз? Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін белгілеу. |
1-слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 30 мин. | 4.2.3.1, 4.4.2.1 Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. «Түртіп алу» тәсілі арқылы түсінбеген сөздерін белгілеуін, белгіленген сөздерді «Түсіндірме сөздіктен» табуын ұйымдастырады. Шеген, шығыр, қауға 1-тапсырма Топта мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды құрастырып, келесі топқа ұсынады да көрші топтың өздеріне қойған сұрақтарына «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып, жауап береді. Үлгі: Не себепті арқанды түйеге байлап қауға тартады? Сенің ойыңша, Көпен Әмірбектің әкесі кім болған? 2-тапсырма Көпен Әмірбек туралы мәлімет Көпен Әмірбеков (29 наурыз 1950 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ешкіқора ауылы) - журналист, сықақшы. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы сатира кеңесінің төрағасы. "Тамаша" ойын-сауық отауының белсенді авторы. 3-тапсырма Мәтіннен күрделі сөздері бар сөйлемдерді теріп жазу. Үлгі: Әке - шешем қойшы болды. Жұпта жазған сөйлемдерін тексеріп, өзара бағалайды. Бағалау дескрипторы:
Сергіту сәті Топ оқушылары мамандық иелерінің іс -әрекетін қимыл арқылы көрсетеді. Келесі топ маман иесін табады. 4.4.2.1, 4.3.6.1 Топ оқушыларына күрделі сөздер жазылған карточкалар таратылып беріледі. Бұл тапсырма «Карточкадағы терминдер» әдісі арқылы жүргізіледі. Сыныпты аралап жүріп, күрделі сөздерді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіреді.
1 топ Алуан-алуан, бақа- шаян, жап -жасыл 1І топ Көре- көре, бүгін- ертең, оп- оңай 1ІІ топ Әлсін- әлсін, құлын- тай, үп –үлкен Қабілеті жоғары оқушы орташа оқитын оқушыға көмектеседі. Оқушылар байқағандарын қорытындылай отырып, ережені құрастырады.
44- жаттығу. Қос сөздерді оқып шығып, көшіріп жазу
Мұғалім оқушылардың қос сөздері бар сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық талапқа сай орындалуын қадағалайды. Жұптар өзара бір-бірін тексереді. Бағалау дескрипторы:
4.4.2.1 45- жаттығу Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Топта оқушы жазғанын жұбымен тексереді, сонан соң бір оқушы топ алдында жазғанын оқып, дәлелдейді. Қ.Б:топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. Бағалау дескрипторы:
|
оқулық
2-слайд Қосымша№1 Қосымша№2 3-слайд | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс-сабақтан жаңа идеялар байқадым Сары түс-жаңа сабаққа көңілім толды Қызыл түс-бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті Үй тапсырмасы 46-жаттығу. Кестеге қарап, түсіндіру | 4-слайд | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?