Біріккен сөздер. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 54 сабақ


«Қазақ тілі» пәні 4-сынып

4-бөлім: Мамандықтар әлемі

Сабақ тақырыбы

54 Біріккен сөздер.

(«Қазақ тілі» оқулығы 4-сынып.

«Атамұра», 2019 ж. )

Дайындаған: Калимова З.Б.

Оқу мақсаттары

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау

4.2.5.1 - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

Бағалау критерийлері

біріккен сөзді тауып, жасалуын түсіндіре алады;

тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрастыра алады;

дереккөздерден (мәтін ) қажетті ақпараттарды таба алады;

«Қазақстанның пайдалы қазбалар» картасы

Дереккөзбен жұмыс

Мыстан не жасалады?

Мыс сонымен бірге архитектурада қолданылады. Ғимараттардың төбелері мен маңдайшаларына мыстан жасалған қаңылтырларды пайдалану 100-150 жылға дейін жетеді.

• Аурухана ішілік бактерияны таситын: есіктер, есік тұтқалары, су құбырлары, қабат аралық қорғандар, керуеттің бастары, столдың беттері.

• Ежелгі адамдар мысты тиын жасау үшін қолданған.

• Мыстан қарулар, құралдар және безендіру заттарын жасауға болады.

• Мыс күшті, жылуды жақсы өткізетін және тот басуға тұрақты металл болғандықтан,тамақ істеу табаларын жасауда қолданылған.

• Мыс электр қуаты өндірісінде күнделікті тұтынуда электр схемалары мен өткізгіштерін жасауда қолданылады.

• Музыкалық аспаптар мен мүсіндер жасауда қолданылады.

• Мыс тот басуға тұрақты және жылуды жақсы өткізетін болғандықтан, су жүргізу жүйелерінде және жылыту құралдарын жасауда қолданылады.

Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрап жазу

Тақырыбы: Мен геологпін

Тірек сөздер: Мен, геолог, жерасты қазбалары, іздеп табу, оның қорын анықтау, кен байлықтары, халықтың игілігіне жарату, армандау, Ерейментау, Ақсу, Жезқазған, Кентау, мақтан ету.

 Жоспар:

1. Жерасты қазбаларын іздеу

2. Халық игілігіне жарату

3. Қазақстан байлығын мақтан ету

Рефлексия

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

Үй тапсырмасы

34 –жаттығу.

Дереккөздерден сұрақтарға жауап ізде. Ақпаратыңда кездескен біріккен сөздерді дәптеріңе жазып ал.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу