Біріккен сөздер. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 54 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З.Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

54 Біріккен сөздер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.2.1 - күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)

4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау

4.2.5.1 - дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • біріккен сөзді тауып, жасалуын түсіндіре алады;
  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрастыра алады;
  • дереккөздерден (мәтін ) қажетті ақпараттарды таба алады;

Оқушылардың көпшілігі:

-біріккен сөзді тауып, жасалуын түсіндіре алады;

-тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрастыра алады;

  • дереккөздерден (мәтін ) қажетті ақпараттарды таба алады;

Оқушылардың кейбірі:

-біріккен сөздің жасалуын біледі;

-тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрастыра алады;

- дереккөздерден (мәтін ) қажетті ақпараттарды тауып, түсіндіре алады;

Бағалау критерийлері

  • біріккен сөзді тауып, жасалуын түсіндіре алады;
  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрастыра алады;
  • дереккөздерден (мәтін ) қажетті ақпараттарды таба алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Біріккен сөз, монолог, геолог, пайдалы қазба,мыс

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

- Кен орындарын табумен кімдер айналысады?

-Қазақтан шыққан геологтардан кімдерді білесіңдер?

-Жезқазған жерінде қандай пайдалы қазба бар?

Құндылықтар

Геолог мамандығын құрметтеу, еңбектерін бағалай білу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы білім

Біріккен сөздер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар «Қазақстанның пайдалы қазбалар картасынан» пайдалы қазбалар шығатын, біріккен сөзден тұратын 5-6 жер – су аттарын жазып шығады. Біріккен сөздердің жазылуын еске түсіреді.

 

Ықтимал жауаптар: Жезқазған, Қарашығанақ, Екібастұз, Құмкөл, Ақтөбе.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.

1-слайд

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.4.2.1 ( Ө,Ж, Т ) 30 –жаттығу. Мәтінді тыңда.

1.Cұрақтар тізбегі

- Кен орындарын табумен кімдер айналысады?

-Қазақтан шыққан геологтардан кімдерді білесіңдер?

Сұрақтарға жауап берген соң тапсырма «Жүк журналы» әдісі арқылы орындалады.

Болжам

Жаңа ақпарат

Геолог мамандығы туралы не білемін?

кен орындарын іздейді;

шығатын орнын табады;

пайдалы қазбаларды шартты белгілер арқылы картаға түсіреді;

Оң жағын мәтінді оқып болған соң толтырады.

- Неліктен Қазақстан жерасты байлығының «қоймасы» деп айтылады?

Топ оқушылары жұмыс нәтижесін талдайды. Өзара бірін – бірі бағалайды.

31- жаттығу

(Т) «Сәйкестендіру» стратегиясы

Жер –су атаулары мен олардан шығатын пайдалы қазбаларды оқушылар топта ақылдаса отырып, сәйкестендіреді. Біріккен сөздерді табады.

Үлгі бойынша сөйлем құрастырып жазады.

Үлгі: Арқалықта алюминий өндіріледі.

Каллиграфиялық нормаларды сақтауына және қатесіз жазуға көңіл аударылады.

Жұмыс нәтижесі топта талқыланады.

Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің және оқушылардың өзара бағалауымен жүзеге асырылады.

Бағалау дескрипторы:

-сөйлемнен біріккен сөздерді табады;

- біріккен сөздің жасалуын түсіндіреді;

-көркем әрі қатесіз жаза алады;

4.2.5.1, 4.4.2.1 ( Ө,Ж, Т )

1- тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Бұл тапсырма «Үйрете отырып, үйренемін» әдісі арқылы орындалады. Мұнда, ең алдымен, оқушылар өлеңді өздері оқып шығады. Оқушылар алдын-ала белгіленген кезекпен мұғалімнің рөлінде келесідей амалдарды орындайды:

Мұғалім рөліндегі оқушы қасындағыларға сұрақ қояды.

  • Өлең не туралы?
  • Жезқазған жерінде қандай пайдалы қазба бар?

Өлең мазмұны талданып болған соң, оқушылар біріккен сөзді тауып, оның қалай жасалғанын түсіндіреді.

2 -тапсырма

( Дереккөзбен жұмыс)

Мыстан не жасалады?

Мәтінді мұғалім рөліндегі оқушы оқып шығады.

Мәтіннен оқушылар жұптаса отырып, сұрақтың жауабын тауып жазады.

Мыс сонымен бірге архитектурада қолданылады. Ғимараттардың төбелері мен маңдайшаларына мыстан жасалған қаңылтырларды пайдалану 100-150 жылға дейін жетеді.

Аурухана ішілік бактерияны таситын: есіктер, есік тұтқалары, су құбырлары, қабат аралық қорғандар, керуеттің бастары, столдың беттері.

Ежелгі адамдар мысты тиын жасау үшін қолданған.

Мыстан қарулар, құралдар және безендіру заттарын жасауға болады.

Мыс күшті, жылуды жақсы өткізетін және тот басуға тұрақты металл болғандықтан,тамақ істеу табаларын жасауда қолданылған.

Мыс электр қуаты өндірісінде күнделікті тұтынуда электр схемалары мен өткізгіштерін жасауда қолданылады.

Музыкалық аспаптар мен мүсіндер жасауда қолданылады.

Мыс тот басуға тұрақты және жылуды жақсы өткізетін болғандықтан, су жүргізу жүйелерінде және жылыту құралдарын жасауда қолданылады.

Бағалау дескрипторы:

  • біріккен сөзді тауып, жасалуын түсіндіре алады;
  • мәтіннен қажетті ақпаратты таба біледі;

4.1.4.1 - тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау

Мұғалім жалпыға бірдей жоспар ұсынып, оқушылардың жоспар және тірек сөздер арқылы монолог құрауын ұйымдастырады. Ең алдымен оқушыларға монологтың не екендігі, оның диалогтан ерекшелігі еске түсіріледі.

Тірек сөздер: ( оқулықта берілген )

Жоспар:

1.Жерасты қазбаларын іздеу

2.Халық игілігіне жарату

3.Қазақстан байлығын мақтан ету

Мұғалім оқушылардың топта құраған монологтарын топта баяндауына және берілген дескрипторлар арқылы баяндамашыны бағалауына мүмкіндік жасайды.

(Т), (Қ) Құрастырылған монологты баяндау және бірін-бірі бағалау

Бағалау дескрипторы:

  • сөздер мен тірек сөздерді орынды пайдаланады;
  • жоспардан ауытқымайды;
  • қатесіз, жүйелі жазады;

оқулық

Қосымша№1

2-слайд

3-слайд

Қосымша№2

4-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

Үй тапсырмасы

34 –жаттығу.

Дереккөздерден сұрақтарға жауап ізде. Ақпаратыңда кездескен біріккен сөздерді дәптеріңе жазып ал.

5-слайд

Қосымша№3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу