Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Күнделік жазбаларын баламалы көзқарас тұрғысынан жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.4.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/ тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

Сабақ мақсаттары

Оқыған, тыңдаған материалға жоспар құрып, тіре сөздерді пайдалана отырып мазмұндама жазу.

 Сөздік қор

Зерттеу, археология, қазына

 Бағалау критерийі

Жоспар құрып, тірек сөздерді қолдана отырып, мазмұндама жазады.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мақаланы салыстыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққ аудару.

Сөздік диктант. Көп нүктенің орына ұ-ы әріптерін жазу.Құл...н, құд...қ, м...рын, қ...мыз, қ...нан, ж...лын, ыд..ыс, т..йым.

Үй жұмысын тексеру. Оқушылар жазған мақаласы мен дайын мәтінді салыстырады.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Мақсат бойынша бағалау критерийлерін құрастыру.

Сабақтың ортасы

10-35мин

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. 1. Тақырыпты ашу мақсатымен Отырар қаласы туралы бейнежазбаны көрсету. Әр оқушы 1 сұрақтан дайындайды.Оқушылар бейнежазба бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

2.Мәтінмен жұмыс

Отырар – қаһарман қала

Отырар-ежелгі қалалардың бірі. Ол ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің орта тұсындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталған. Қаланың өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне моңғол шапқыншылығының зияны орасан зор тиді. Қала күл-талқан болып қиратылды, тұрғындарының біршама бөлігі басы ауған жаққа кете барды, біршамасы сол арада қырылып қалды, енді біршамасы құлдыққа әкетілді. Моңғолдардың атты әскері бүкіл Қазақстан аумағында қирату мен апатттың қайғылы толқыны болып өтті. Дегенмен де Отырар қайта көтерілді. Кейінгі ортағасырлық Отырарды қазу барысында көптеген қыш, металл бұйымдар, шақалар мен әшекейлік заттар, тастан жасалған ұсақ-түйектер жиналды.Қала жоңғар шапқыншылығы барысында зардап шегіп, XVIII ғасырдың ортасында біржолата қаңырап бос қалды. Мемлекетте адам сияқты, туады, өседі, дамиды, өледі. Қойнауы тарих пен аңызға тұнып тұрған ордалы Отырар да осылайша өмір сүруін тоқтатты.

  • Оқушылар мәтінді түсініп оқиды.
  • Қажетті сөздерді түртіп алады.
  • Мәтінге жоспар құрады.
  • Тірек сөздерді пайдаланып мазмұндама жазады.

Дескриптор:

Мәтінге жоспар құрады

Тірек сөздерді пайдаланады

Мазмұндама жазады.

Сабақтың соңы

36-40 мин

Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»

  • Мен үшін бүгінгі сабақ ....
  • Маған қиын болған кезім...
  • Келесі сабақта .... білгім келеді.

Үй жұмысы: Ана тілі 80 бет 1,2,4,7 сұрақ

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу