Қазыналарды табу-археологиялық жаңалықтар. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: 3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Қазыналарды табу-археологиялық жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.2.1 сұхбат, тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (күнделік, мақала, мінездеме) жазу

Сабақ мақсаттары

Сұхбат, тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін жазу.

 Сөздік қор

Мұра, мәдени, қазына, күнделік,мақала, мінездеме.

 Бағалау критерийі

Сұхбат, тірек сөздерді қолданады.

Бір стильде мәтін жазады.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Күнделік жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткенді бекіту. Ы-і әріптерін орнына қойып, сөйлемді көшіріп жазу.

Күндел...к сізд...ң қаншал...қты таб...сты және м...қты екен..ңізді көрсетед... .Өзара тексеру

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Мақсат бойынша бағалау критерийлерін құрастыру.

Үлестірмелі карточкалар

Сабақтың ортасы

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Шашылған әріптерден оқушылар «мінездеме» сөзін құрастырады.

М

І

Н

Е

З

Д

Е

М

Е

Мінездеме - түрлі мекеме, ұйым бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жиі жазылатын іс қағазының бір түрі.

Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

1) тақырыбы;

2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

3) негізгі мәтін;

4) қорытынды;

5) мінездемені талап етуші ұйымның аты;

6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;

7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;

Оқушыларға мінездеменің құрылымы мен үлгісі таратылып беріледі. Оқушылар топта мінездеменің құрылымын анықтау керек. Жеке оқушының мінездемесі

Құрманәлі Құрманғазы 2008 жылы маусымның бесі Көкшетау қаласында дүниеге келді. Қазіргі уақытта Назарбаев Зияткерлік мектебінің 4 сынып оқушысы.

Құрманәлі Құрманғазы өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.

Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Құрманәлі Құрманғазы өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Құрманғазы болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.

Айы, күні, жылы, аты-жөні, қолы.Оқулықпен жұмыс. «Бұл кім?» ойыныҚаныш Сәтбаев туралы бір оқушыға мәлімет оқыту, қалғандары бұл кім екенін тауып алады. Қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы әрі қоғам қайраткері. Ол Жезқазған, Қарағанды, алтай жер аймақтарын зерттеп, көптеген кен орындарын ашқан.Ана тілі оқулығындағы 102 бет «Қазына көтерген бала» шығармасымен танысу. 1.Мәтінді түсініп оқу.2.Қаныш туралы айтылған жерлерін түртіп алу.3. Қаныш балаға мінездеме жазу.

Топтық бағалау

+

-

Мінездеме тақырыбы

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет

Негізгі мәтін

Қорытынды

Мінездеме берілген күн, ай, жыл

Мінездеме бергеннің аты-жөні

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Телеграмма» жазу

Үй жұмысы: Досыңа мінездеме жазу

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Тыңдалған материалдар бойынша өз пікірін білдіру

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу