Шежірелер сыр шерткенде. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шежірелер сыр шерткенде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.1 Оқу түрлерін қолдану

Сабақ мақсаттары

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

 Сөздік қор

Шежіре, тәуелсіздік,

 Бағалау критерийі

Тыңдалған мәтіннен негізгі ойды түртіп, негізгі ойды анықтауын бағалау

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру арқылы, шежіре құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын!

ІІ. Өткенді бекіту. «Дұрыс-бұрыс» ойыны арқылы.

Оқушыларға ақпараттарды тарату. Оқылған ақпараттың дұрыс не бұрыстығын анықтау.1832 жылы Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. (бұрыс)1863 жылы Ақмола бекінісі салынды. (бұрыс) 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. (дұрыс) 1961-1992 жылға дейін Ақмола атанды. (бұрыс)

1992 -1998 жылға дейін Целиноград деп аталды. (бұрыс)1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. (дұрыс)1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ақмола атанып келеді. (бұрыс)- Бұл тапсырмада шежіре не туралы сыр шертті?- Осы шежірені әрі қарай қалай жалғастырушы едіңдер?Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін анықтау( шежіре туралы).

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. -Бұл бөлім Қазақстан тарихы туралы.

Сабақтың ортасы

30 минут

ІҮ. Негізгі бөлім

Мағынаны ашу. «Сөйлемді толықтыр»

............ - (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – .......... шығу тегі, таралуын баяндайтын .......... ғылымының бір тармағы.

Топпен жұмыс: 2007 және 2008 жылдарда туған оқушылар екі топқа бөлінеді. Мақсаты: мәтінді мазмұнын түсініп, негізгілерін түртіп алып, пікір алмасады.

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репрессияға ұшырады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі. Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар. 1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл да біздің үлкен мақтанышымыз. 1995 жылы 30тамызда Жаңа Конституция қабылданды.2006 жылы Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды.2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл болды. Бұл үлкен мереке. 26 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасы да, ел де тез дамып келді. 2012 жылы Қазақстан астанасының ЕХРО-2017 көрмесін өткізуге байланысты сайысты жеңіп алды. Мәтінді аяқтау. Мәтіндегі жаңа сөздердің астын сызғызып, мағынасын анықтау,сөйлем құрап жазғызу. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табу.

Топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойында патриотизм сезімін ояту.

Әр топқа қима қағазда жазылған жылдар мен атаулары беріледі. Топтағы оқушылар жылдарды ретімен орналастырып, жапсырады.

Топтар ортаға шығып, шыққан жұмыстарын оқиды.

Оқиғаларды шақтарға бөлу.

-Балалар, біздің елемізді келешекте қандай етіп елестетесіңдер?

Оқушылар өз ойларын айтады.

-Ол қандай шақ болады?

https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc

карточка

презентация

Астананың тарихы туралы мәтін, сурет,А3 қағаз, маркер.

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды: -Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

-Сен үшін не қызықты болды?

Үй жұмысы: Көкшетау қаласының хронологиясын құрау.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу