Шежірелер сыр шерткенде. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтақырыбы | Шежірелер сыр шерткенде | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.4 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мазмұндама жазу 3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау | |||||
Сабақ мақсаттары | 4.3.4.1 өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу 4.3.9.3 сөйлемнің біріңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) дұрыс қою | |||||
Сөздік қор | Шежіре, тәуелсіздік, егемендік. | |||||
Бағалау критерийі | оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып, мазмұндама/тірек сөздерді пайдаланып эссе жазады. Сөйлемнің біріңғай мүшелерін ажыратады және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) дұрыс қояды. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру арқылы, шежіре құрастыру арқылы қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Шежіре, етістіктің шақтары | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. ІІ. Өткенді бекіту. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар «Егемен Қазақстан» тақырыбына үйде жазған эсселерін оқиды, етістіктерді анықтап, қай шақта тұрғанын айтады.Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.( етістіктің шақтары туралы)Дескриптор: мәнерлеп оқу; тыныс белгілеріне назар аудару; сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болуы; етістіктің шақтарын айыра білуі. ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. | |||||
Сабақтың ортасы | ІҮ. Негізгі бөлім Оқушыларға Тәуелсіздік жайлы видеоайналым ұсыну. -Балалар сендер осы видеода не байқап, түсіндіңдер? Оқушылар бір -бірлерімен пікір алмасады. Бірнеше сөйлем құрау. Мақсаты: Сөйлемдегі сөздердің ретін сақтап, көркем сөздер таңдау арқылы сөз орамдарын жақсартуға жаттықтыру, бірыңғай мүщелерді ажырату. Топтық жұмыс. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан. Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері Қазақстанды әлемнің жүзден астам елі таныды. Туған жерімізде талай-талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Біздің еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық валюта қорына мүше болып қабылданды. Қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. 1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді. Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау - әрбір азаматтың борышы. Мәтінге жоспар құру.Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді тауып, астын сызу. Жаңа сөздердің мағынасын анықтап, сол сөздерді қатыстырып жаңа сөйлемдер құрастыру. Дескриптор:мәтінге жоспар құрады; жаңа сөздермен сөйлем құрайды; Бірыңғай сөйлем мүшелерін ажыратады.Жеке жұмыс: құрған жоспар бойынша, тірек сөздерді пайдаланып мазмұндама жазу.Мазмұндамаларды оқып, кері байланыс беру. | https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc
карточка презентация | ||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды: -Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің? -Сен үшін не қызықты болды? «Атамекен» әнін орындау. Үй жұмысы: 63 бет, 52 жаттығу | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтар бойынша тапсырмалар орындау | Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?