Дұрыс жазу және грамматика. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-Бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дұрыс жазу және грамматика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 мәнмәтінде тұрақты сөз тіркестері мен көпмағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру және таза жазу

Сабақ мақсаттары

Сөз тіркестерін ажырату, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану, жазу техникасын жетілдіру.

 Сөздік қор

Құндылық, мәдени мұра, Алтын адам

 Бағалау критерийі

Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін ажыратып қолдана білу.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пән аралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Адами құндылықтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 2 минут

3 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Қазақ тілі бал тілім

Өзің барда шалқыдым.

Тілмен бірге самалмын

Тіліме кім тағар мін-дегендей қазақ тілі сабағын бастайық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.Күзі демалыста оқып келген әдеби кітапты жарнамалау.

ІІІ. Сабақтың тақырыбын анықтау.

«Алтын адам» туралы бейнежазба көру.

Сабақтың ортасы минут

ІV. Жаңа сабақты меңгерту.

- Алтын адамды мәдени мұрамызға жатқызуға болады ма?- Неге олай ойлайсыңдар? - Жалпы «Мәдени мұра» деген сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

- Кім тағы мысал келтіреді?

- Дұрыс айтасыңдар, бір сөзбен айтсақ олар ата-бабаларымыздан қалған тарихи ескерткіштер екен.

- Археолог деген кім? Қалай түсінесіңдер?

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.

Археолог сол тарихи мұраларды қазып, зерттейтін адам екен.

Ендеше біз сендермен алдымыздағы сабақтарымыз осыған байланысты өтілетін болады.

Оқушыларды топтарға бөліп «Алтын адам» туралы мәтіндер бөліктерін тарату. Әр топ мәтін бөлігінде айтылған ақпаратпен басқа топтармен бөліседі, ал екінші сол топқа мәтін жайлы сұрақтар қояды.

Алтын адам

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. з.б мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.

Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.

Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.

(Т) Жаңа сөздер: Таңғалдырып келеді, қорған, әшекейлер, өрнектер, қару-жарақ, жерленген, баға жетпес олжа, табылған бұйымдар Сөз тіркестерін табу (баға жетпес олжа, табылған бұйым)Сөз тіркесіне ереже шығару.

Осы берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашып түсіндіреді.

Деңгейлік тапсырмаларды орында:

І деңгей – жаңа сөздермен сызба бойынша сөз тіркестерді құраңдар.

ІІ деңгей – жаңа сөздермен өз сөйлемдеріңді құраңдар.

ІІІ деңгей – Берілген сөздермен сөйлемдер құраңдар

І деңгей:

сын есім + зат есім

зат есім + етістік

сан есім + зат есім

ІІ деңгей:

1.Қазақстанның, «Алтын адам»,баға жетпес олжасы.2.Таңғылдырып келеді,археологиялық ескерткіштер,бүкіл әлемді, өз ғажайыптарымен.3.Киімі,оның,безендірілген,әшекейлермен, алтын.

ІІІ деңгей – Жоғарыда берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құраңдар

(Ұ) Мәтінді тыныс белгілерін қойып, қатесіз көшіріп жаз.

«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды ол Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі оны 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан ол еліміздің аса құнды мәдени мұрасы болып табылады

Мәтінді пайдалана отырып,сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңдар!

  • Алтын адам» 1968-1969 жылдары Есік қорғанынан табылған.
  • Кемел Ақышев ғалым,археолог.
  • “Алтын адамның”қару-жарағы мен сақинасы да күмістен жасалған.
  • 2000 жылы Астанадан екінші “Алтын адам” табылды.
  • Оны белгілі археолог Кемел Ақышев тапқан.

Тест

1.Бірінші “Алтын адам” қашан табылған?

А)1968-1969ж. Ә)1969-1970ж. Б)1970-1971ж.

2.Екінші “Алтын адам” кім тапқан?

А)З.Самашев. Ә)К.Ақышев. Б)Ш.Уәлиханов

3.Екінші “Алтын адамды” қайда тапқан?

А)Астанадан. Ә)Алматыдан. Б)Атыраудан.

4.Сақ жауынгері қай ғасырларда өмір сүрген?

А)б.з.д. V-IV ғғ. Ә)б.з.д.VI-Vғғ.. Б)б.з.д.VII-VIғғ.

5.Бірінші “Алтын адам” қайда табылған?

А)Шымкентен. Ә)Атыраудан. Б)Есік қорғанына

Презентация

Алтын адам туралы видео

Сабақтың соңы3 минут

Рефлексия

Өздерін бағалау

Сабақтың мақсатына оралып, «Шығу билеті» әдісі бойынша өздерін бағалайды.

Үй жұмысы: «Алтын адам» шығарма жазу, сөз тіркестерін табу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Білімі деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.Мәтін ішінен сөз тіркестерін табу

Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау, оған қатысты сұрақтар қоя біледі.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу