Абайдың қара сөздері- ұрпаққа мәңгі мұра. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.

  • Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Мәдени мұра

Күні:.

  • Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 4 «В»
  • Қатысқандар:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Абайдың қара сөздері- ұрпаққа мәңгі мұра

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

Сабақ мақсаттары

аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

 Тілдік мақсаттар

Ақыл, қайрат, жүрек, қара сөз, ақын, т,б,

 Бағалау критерийі

Қара сөздің мағынасын түсінеді;

Қара сөзді өмірдегі жағдаятпен салыстырып бағалайды;

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 Байланыстар

Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақтың баспанасы-киіз үй

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақ тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

(Ұ) «Жұмбақ адам»

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту. Сабақтың тақырыбын анықтау.

Оқушыларға жұмбақ сурет көрсетіледі. Оқушылар жасырылған адамды табуы тиіс.

  • Балалар, бұл кім?
  • Абай Құнанбаев туралы не білеміз?
  • Абай Құнанабаев кім болған?

- Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ, қалай ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Сабақтың ортасы

2 минут

4 минут

3 минут

5 минут

10 минут

5 минут

(Ө. Ұ) «БББ кестесін толтыру.

Мақсаты: оқушылардың бұрынғы білемдерін анықтау, алдына мақсат қоюға бағыттау.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

(Т, Ұ) Бейнежазба

Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы ақпаратпен танысу.

Оқушыларға бейнежазбадан автор туралы ақпаратты тыңдап, бейнежазба бойынша сұрақ құрастырады, құрастырған сұрақ бойынша кері байланыс жасалады.

(Ө, Ұ) «Сен маған, мен саған»

Мақсаты: Бейнежазба бойынша өзара сұрақ қоюға, лезде жауап беруге дағдылану.

/Оқушылар сұрақ-жауап алмасады, жауап береді, кері байланыс жасалады/.

(Т) Постермен жұмыс.

Мақсаты: жинақтаған ақпаратты бекіту.

Тапсырма: Абай кім? Тақырыбында постер құрау.

/Тапсырма «Галлерея» әдісі бойынша өзара тексеріледі, ақпарат толықтырылады, өзара бағаланады/.

(Ұ) Қара сөз-дана сөз.

Мақсты: аудиожазба бойынша анықтаған ақпаратты өмірмен байланысты салыстырып, ақпаратты анықттау, ой бөлісу.

Оқушыларға Абайдың 17-ші қара сөзі тыңдатылады.

  • Айтысқа нелер қатысты?
  • Қайрат не деді?
  • Ақыл не деді?
  • Жүрек ше?
  • Ғылым Қайрат, Ақыл, Жүрекке қандай баға берді? Олардың қандай жақсы тұстары мен кемшіліктерін көрсетті?
  • Ғылым үшеуіне қандай ақыл айтты?

/оқушылардың жауабын тыңдап, кері байланыс жасау/.

  • Мәтін топтарға таратылып беріледі.

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманныңекеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Әрбір топ берілген мәтін бойынша, өз пікірінің дұрыстығын өмірлік жағдаятпен (мысалмен) дәлелдеп беруі тиіс.

/Әрбір топ өз пікірін қорғайды, «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша өзара бағаланады/.

Бейнежазба

Постермен жұмыс

Аудиожазба

Дәптермен жұмыс.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

«СМС хабарлама» арқылы өзі қалаған адамға саба, стикерге аттарын жазып, бағалайды.

(Ө) «БББ» кестесін толтыру. Кері байланыс жасау.

тақырыбында эссе жазу.

Баспалдақ, стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

ОН ЖЕТІНШІ СӨЗ

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманныңекеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

Оқушының аты-жөні________________________________________________________

Қазақтың баспанасы киіз үй

Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Ал киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жылдай уақыт өтті. Киіз үй біріншіден - көші-қонға қолайлы баспана Оны тез бұзады шапшаң тігеді.

Киіздің ыстықты суықты өткізбейтін қасиеті – киіз үйдің аптап шілдеде – сая, ызғырықта – жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Ақ түс басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып жылуды аз сіңіреді.

Киіз үйдің әбзелдері: кереге уық есік шаңырақ туырлық үзік бау-басқұр. Олар ағаштан жүннен жасалады.

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу