Мәдени мұра дегеніміз не? Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Мәдени мұра Күні:2-тоқсан | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мәдени мұра дегеніміз не? | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру 4.2.6.1 аңыз, шешендік сөз, батырлар жыры, фантастикалық әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау 4.3.9.2 диалогте қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Бейнежазба мазмұнына салыстыра отырып баға беру.Мәтіндерді оқып, жанрлық ерекшеліктерін анықтау. Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастырып жазу, диалогте қолданылатын тыныс белгілерді дұрыс қою. | |||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||
Сөздік қор | Мәдени мұра,киіз үй, киіз үй жабдықтары, киіз үйдің әбзелдері: кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұр. , т.б. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер, тарих. | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәдени мұра жайлы түсінік берілді | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. - Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын! (Ұ,Қ) Мотивациялық-қызығушылық кезеңі «Ойлан! Тап!» Мақсаты:Жұмбақ жасыру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ұқсайтын шеңберге Жиһазы мол кең бөлме. Қабырғасы жиылып, керiледi, Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi. Бұл не? -Бүгінгі сабақ мәдени мұралардың бірі – киіз үй туралы болмақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. | Презентация Қима сөздер | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут | «БББ» кестесін толтыру Оқушыларға кестенің 1 және 2-ші бағандарын толтыру ұсынылады. -Киіз үй туралы не білесің? -Нені білгің келеді?
(Ө,Ұ) 1-оқылым Мақсаты:берілген мәтіндерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тану. Жанрын ажырату. Қазақтың баспанасы – киіз үй Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі халықтардың баспанасы болып келген. Оның арғы тегі арба үстіне орнатылған күйме үй. Ал киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне үш мың жылдай уақыт өтті. Киіз үй біріншіден - көші-қонға қолайлы баспана Оны тез бұзады, шапшаң тігеді. Киіздің ыстықты, суықты өткізбейтін қасиеті – киіз үйдің аптап шілдеде – сая, ызғырықта – жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оған аппақ киіз жабады. Ақ түс басқа түске қарағанда күн сәулесін жақсы шағылыстырып, жылуды аз сіңіреді. Киіз үйдің әбзелдері: кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұр. Олар ағаштан, жүннен жасалады. 2-оқылым:«Киіз үй» Атам менің айбынды, Атам менің сүйікті. Бір қойнауға шалғынды Киіз үйін тігіпті. Алдымдағы арнаулы Шопан үйі дөңгелек Ақша бұлттан аумайды, Қонақтаған жерге кеп. Әрі жарық, әрі кең, Ақ сарайдай бұл бөлме. Жасауымен, сәнімен Қызықтырады кіргенде. Алашаның жердегі Ашық екен өрнегі. Текеметтен төрдегі Көзімді алғым келмейді. Қастек Баянбай Оқу жұмысынан кейін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратқызу: -Қай мәтін көркем шығармаға жатады? -Қайсысы көркем шығарма емес? Неліктен? -Қандай ұқсастығы бар? / екі мәтіннің де киіз үй тақырыбына арналғандығы/ -Қандай айырмашылығы бар? /бірінші мәтіннің көркем шығармаға жататын өлең, екіншісі- ғылыми мәтін/ (МК), (Ұ) Оқылымнан кейінгі жұмыс Мақсаты:«Қазақтың баспанасы – киіз үй», бейнефильмін көру арқылы білімдерін кеңейту. (Ж) Берілген сөздерді қолданып диалог құрастырып жазу. Мақсаты:Құраған диалогтерін тыныс белгісін дұрыс қойып жазу дағдыларын жетілдіру. Мәтіндердегі қарамен жазылған «тез бұзады, шапшаң тігеді», «ыстықты, суықты», «кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұрдың», «ағаштан, жүннен» сөздерге назар аудартып, осы сөздерді диалогте қолдануды ұсыну.Оқушылардың диалогті жазуда каллиграфиялық талапқа сай орындалуын қадағалау. Оқушылардың жазған диалогтері тексеріліп, төмендегі дескриптор арқылы бағаланады. Бағалау критерийі: сөздерді пайдаланып, диалог жазады. Дескриптор: - диалогті тақырыпқа сәйкес жазады; - диалог құрылымын сақтап жазады; - тыныс белгілерін дұрыс қояды; - орфографиялық нормаларды сақтайды; - көркем жазу нормаларын сақтайды. | БББкестесі, Киіз үй суреттері https://www.youtube.com/watch?v=3W_PZ2KFLcY үлестірмелі таратпа қағаздар | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «БББ» кестесін толтыру Оқушыларға кестенің 3-ші бағанын толтыру ұсынылады. -Киіз үй туралы не білдіңдер?
Оқушылар киіз үй жайлы не білгендерін, ол жайлы қандай жаңа ақпарат алғандарын кестенің 3-ші бағанына жазып, толтырады. Өзін-өзі бағалау «Баспалдақ» сатыларында өз орындарын анықтап, сабақтағы жетістіктерін бағалайды. | БББ кестесі Баспалдақ, стикерлер | ||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Жұпта араласып, бір-біріне қолдау көрсету. | Диалог құрып, тыныс белгілерін дұрыс қоюын бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?