Мәдени мұра дегеніміз не? Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.
Алтын адам
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ отбасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4000 жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерінде жасалған. Бас киімі қазақ ұлттық киіміне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. з.б мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі мәдениет, өнер, мифология жайлы мол дерек беретін Алтын адам- сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.
Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Ежелгі ескерткіштердің бірі-Алтын адам -еліміздің мақтанышы, байырғы ата-бабаларымыз жайлы сыр шертеді. Ол еліміздің аса құнды мәдени мұрасы болып табылады.
«Дұрыс-Бұрыс»
Тапсырма:Мәтінді пайдалана отырып,сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңдар.
- Алтын адам» 1968-1969 жылдары Есік қорғанынан табылған.
- Оны Кемел Ақышев ғалым,археолог тапқан.
- “Алтын адамның” қару-жарағы мен сақинасы да күмістен жасалған.
- 2000 жылы Астанадан екінші “Алтын адам” табылды.
- Алтын адам- Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем болған.
- Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 26 тоға жапсырылған.
Оның төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі мемлекеттік туымызға енді.
Тапсырма:Берілген сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрастырып жаз.
1.Қазақстанның, «Алтын адам»,баға жетпес олжасы.2.Таңғылдырып келеді,археологиялық ескерткіштер,бүкіл әлемді, өз ғажайыптарымен.3.Киімі,оның,безендірілген,әшекейлермен, алтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?