Мәдени мұра дегеніміз не? Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Мәдени мұра Күні:2-тоқсан | Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мәдени мұра дегеніміз не? | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, газет-журнал, сөздік, сызба, кесте, диаграмма, сайт) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздік/мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну. 4.3.8.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру және таза жазу. | |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Сөздік қор | Мәдени мұра, ежелгі ескерткіштер, ежелгі әдебиет, көне ғимараттар, көне қару-жарақ, Алтын адам,сақ тайпалары, әшекейлер, т.б. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәдени мұра жайлы түсінік берілді | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. - Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын. ІІ. Үй жұмысын тексеру «Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі Мақсаты:«Жиренше шешен» туралы оқыған аңыз жайлы қалыптасқан түсініктерін анықтау. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберлеріне бір-біріне қарама-қарсы тұрып, мазмұнын айтады. Мұғалім шеңбердің ортасында тұрып, әр жұпты тыңдайды және оқушылардың бір-бірін әділ бағалауларын тексереді. ІІІ. Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау - Жалпы «Мәдени мұра» деген сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесіңдер? - Кім тағы мысал келтіре алады? - Мәдени мұраларға тағы нені жатқызуға болады? Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау. | Презентация Қима сөздер | ||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут | (Ұ,Қ) Мотивациялық-қызығушылық кезеңі «Адасқан әріптер» ойыны Мақсаты:Ойын арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Т Ы Н А Л Д А М А -Бүгінгі сабақ мәдени мұралардың бірі - Алтын адам туралы болмақ. - Алтын адамды неліктен мәдени мұрамызға жатқызамыз?-Көне заттарды іздеп, зерттеумен кімдер айналысады? - Археолог деген кім? Қалай түсінесіңдер? Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Қосымша ақпарат беру:Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археолог- сол тарихи мұраларды қазып, зерттейтін адам. Ендеше алдымыздағы сабақтарымыз осыған байланысты өтілетін болады. (Т)Оқылым Мақсаты:Алтын адам жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту, оқу дағдыларын жетілдіру. Алтын адам «Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ отбасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4000 жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерінде жасалған. Бас киімі қазақ ұлттық киіміне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. з.б мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі мәдениет, өнер, мифология жайлы мол дерек беретін Алтын адам- сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді. Ежелгі ескерткіштердің бірі-Алтын адам -еліміздің мақтанышы, байырғы ата-бабаларымыз жайлы сыр шертеді. Ол еліміздің аса құнды мәдени мұрасы болып табылады. Алтын адам туралы мәтін бөліктері таратылады. Әр топ мәтін бөлігінде айтылған ақпаратты оқып, елші ретінде басқа топтарға барып, өз оқығанымен бөліседі. (Т,Қ) «Дұрыс-Бұрыс» әдісі Тапсырма:Мәтінді пайдалана отырып,сөйлемдердің дұрыс,бұрыстығын анықтаңдар.
Тақтаға дайын жауап нұсқасы шығарылады. Топтар парақтарымен ауысып, бір-бірін тексеріп, дескриптор арқылы бағалайды. (Т,Қ)Оқылымнан кейінгі жұмыс Мақсаты:Мәтінде кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтау, ақпаратты өңдеу. Көсем- Мүрде- Қорған- Семсер- Қанжар- Өркениет- (Ө,Қ)Жазылым Мақсаты: Оқушылардың көркем, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Тапсырма:Берілген сөздердің орнын ауыстырып, сөйлем құрастырып жаз. 1.Қазақстанның, «Алтын адам»,баға жетпес олжасы.2.Таңғылдырып келеді,археологиялық ескерткіштер,бүкіл әлемді, өз ғажайыптарымен.3.Киімі,оның,безендірілген,әшекейлермен, алтын. Оқушылардың жазба жұмысы тақтаға шығарылған дайын нұсқа арқылы тексеріледі.Жұптар дәптерлерімен ауысып, бір-бірін бағалайды. | https://www.youtube.com/watch?v=DYAB8Im0O-g Наши №12 Алтын адам (каз) үлестірмелі таратпа қағаздар | ||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі -Бүгін мен ...................... түсіндім. -Маған ...................... қызықты болды. -Маған ........................... қиындық туғызды. Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» көздері арқылы өздерін бағалайды. | Бағдаршам | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтарға мотивациясы әр түрлі оқушыларды біріктіру, тапсырмалар орындау. | Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап, мағынасын сөздік арқылы анықтауын, ақпаратты өңдеуін бағалау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?