Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


  • Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Мәдени мұра

Күні:2-тоқсан

  • Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 4
  • Қатысқандар:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1-сұхбаттасының жасын, жай-күйін-ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;

4.3.2.1* сұхбат, тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін ( күнделік, мақала, мінездеме) жазу;

4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және шағын мәтінді жетілдіру.

Сабақ мақсаттары

Сұхбат, тірек сөздерді қолданып мақала жазу. Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді тауып, түзету.

 Тілдік мақсаттар

Мұражай, көне заттар, мәдени мұра, т.б. сөздер мен сөз тіркестерді пайдалану.

 Бағалау критерийі

  • Сұхбаттасының жасын, жай-күйін-ескере отырып, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
  • Сұхбат, тірек сөздерді қолданып мақала жазады;
  • Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді тауып түзетеді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті пікіралмасу арқылы, сұрақтар құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 Байланыстар

Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәдени мұра мәңгілік сыр шертеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақ тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

«Сөз маржан» ойыны

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, сабақтың тақырыбын ашу.

Тапсырма:Маржандарға тізілген әріптерден сөздер құрастырыңдар.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

(Т;Қ) Хабарламаны оқу.

Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 4 А сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.

-Балалар, бұл не?

-Мәтіннің бұл стилі неге жатады?

Мұғалім дайын хабарламаны оқытады.

(Т) Хабарламаны құру.

Оқушыларға топта өз хабарламаларын құрастырады. Өз хабарламаларының нұсқасын ұсынады.

(Ө) Мақаламен жұмыс

Мақсаты:Хабарлама мен мақаланың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.

Мұражайда

Үстіміздегі жылдың 19 қарашасында 4 «А» сынып оқушылары өлкетану мұражайына барды.

Қала орталығында орналасқан өлкетану мұражайы бүгінгі күн талабына сай безендірілген. Мұражайда өте көп тарихи жәдігерлер сақталған. Мұражай қызметкері Роза Біржанова әр экспонаттың ерекшелігіне тоқталып, қызықты ақпараттар берді. Оның, әсіресе Алтын адам туралы айтқан ақпараты балаларды қатты қызықтырды.

Туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстардың қатырылған бейнесін кәдімгі тірі аң-құстардан ажырату бізге қиынға соқты.

Балалар мұражайдан көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. Әрқайсысы көргендерімен бөлісуге асықты.

Хабарлама мен мақала мәтіндері салыстырылады, ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Мақала жазудың ерекшеліктері жайлы ақпарат беріледі.

Қосымша ақпарат: қызықты оқиғалар туралы хабарлауда нақты уақыты, болған жері, кімдермен өткізгені туралы фактілер болу керек. Дәл осы элементтердің мақала жазуда да қолданылу керек , бұларға қоса өз пікірін, көзқарасын, сезімін білдіру қажет. Мақала жазуда Қашан? Қайда? Не? Кіммен? және Қалай өтті? сұрақтарын басшылыққа алу қажет.

Мақала жазуға қойылатын талаптар:

  • Тақырып қызықты, анық және ақпараттық болу керек.
  • Мақаланың кіріспе бөлігінде ақпараттың негізгі мәнін жеткізе алатын, осы арқылы қызығушылықты тудырып, оқырманды мақаланың соңына дейін ұстап тұратын сөйлемдер қажет.
  • Негізгі бөлімде оқиғаның кіммен және қалай өткені баяндалуы қажет.
  • Мақаланың қорытынды бөлігі автордың сол нәрсенің пайдалы не пайдасыздығын көрсетуімен немесе соған өз сезімін білдірумен аяқталуы тиіс.

Мақала қысқа, сауатты, дәлелді деректермен жазылуы қажет.

(Ө,Қ)Мақала жазу

Мақсаты: Мақала жазуды үйрету.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар жоғарыда айтылған ақпараттарды ескере отырып, өз беттерінше мақала жазады. Жазған мақалаларын топта оқиды. Ең жақсы, қызықты мақала анықталады, талданады.

Хабарлама жазылған парақтар

Флипчарт, маркелрер

Мақала жазылған қима қағаздар

Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

-Не білдік?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады

(Ө) «Жетістік жолы» өзін-өзі бағалау.

Стикерлерге өз аттарын жазып, жетістіктер баспалдағында өз орындарын анықтайды.

Үйге тапсырма:Диалогтің мәтінін пайдалана отырып, Әмірханның атынан мақала жазу.

Жетістік баспалдағы, стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мотивациясы жоғары оқушыларды хабарламаны жазуда мотивациясы төмен оқушылармен жұптастыру

Оқушылардың мақала жазу дағдылары бағаланады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу