Қазақтың баспанасы – киіз үй. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Мәдени мұра

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың баспанасы – киіз үй

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

Сабақ мақсаттары

  • аудио-бейнежазба мазмұнына өмірде болған/өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып баға беру

Бағалау критерийі

  • бейнежазба мазмұынын өзге шығармамен салыстырып, баға бере алады

 Тілдік мақсаттар

Киіз үй, баспана, кереге, уық, есік, шаңырақ, туырлық, үзік, бау-басқұр, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәдени мұра дегеніміз не?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

Жұмбақты шеш

Төбедегі көзінен,

Күн сәулесі түседі.

Бұрышы жоқ төрінен,

Самал еркін еседі. Киіз үй

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, сабақтың тақырыбы анықталады/

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

Сабақтың ортасы

10-35 минут

(Ө, МК, Ұ) «Білемін/ білдім» кестесі

Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыту, шығармаларды өзара салыстыра сипаттауға баулу.

Оқушыларға кесте таратылып беріледі.

Оқушылар берілген кестенің бірінші бағанына оқушылар алдымен өздерінің киіз үй туралы ақпаратты толықтыру тапсырылады.

Білемін

Білдім

Білдім

/ Кестедегі «Білемін» бағанына толтырған ақпараттарын өзара жұппен бөліседі, ұжымда қандай ақпарат жинақтағанын ортаға салады, кері байланыс жасалады/

(МК, Ө) Бейнежазба «Киіз үй»

  • (МК, Ө) Оқушыларға бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар бейнежазба мазмұнына сәйкес тыңдаған ақпаратты кестеге түсіру;
  • (Ө, Ж) Кестеге толтырған ақпаратты негізге ала отырып, бейнежазба мазмұнына сәйкес нақтылау сұрақтарын қойып, өзара жауап беру, қажеттіліге қарай ақпарат толықтыру.
  • (Ө) «Киіз үй» өлеңін оқу, қажетті ақпаратты жинақтаған ақпаратты кестеге толтыру.
  • (Т) Бейнежазба мен өлең жолдарынан жинақтаған ақпаратты өзара салыстыра сипаттау/Оқушылр топта бірігіп, кестедегі ақпаратты ортаға салады. Ортақ бір кестеге толтырып, ұжым алдында қорғайды/.

Киіз үй

Атам менің айбынды,

Атам менің сүйікті.

Бір қойнауға шалғынды

Киіз үйін тігіпті.

Алдымдағы арнаулы

Шопан үйі дөңгелек

Ақша бұлттан аумайды,

Қонақтаған жерге кеп.

Әрі жарық, әрі кең,

Ақ сарайдай бұл бөлме.

Жасауымен, сәнімен

Қызықтырады кіргенде.

Алашаның жердегі

Ашық екен өрнегі.

Текеметтен төрдегі

Көзімді алғым келмейді.

Қастек Баянбай

Дескрипторлар:

  • Бейнежазба мен өлең жолдарынан ақпарат жинақтайды;
  • Жинақтаған ақпаратқа салыстырмалы түрде баға береді.

/Дескрипторлар негізінде бағаланып, кері байланыс жасалады/

https://youtu.be/XjsYPFmSshI

https://youtu.be/MG3pgrWOyjA

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Блоб ағашы» арқылы өздерін бағалайды.

Блоб ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу