Көркем мінез дегеніміз не? Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Адами құндылықтар

Күні:1-тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көркем мінез дегеніміз не?

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу

Сабақ мақсаттары

Мәтінді тыңдату арқылы оның негізгі тұстарын түртіп алып, топтарда өзара пікіралмасуды ұйымдастыру.

 Сөздік қор

Әдептілік, «кешіріңіз», «ғафу етіңіз, «сөзіңізді бөлейін деп тұрмын», «сөзіңізді бөлуге бола ма?»

 Бағалау критерийі

Тыңдаған матіннің негізгі тұстарын түртіп алады.

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын.

ІІ. Өткенді бекіту.

-Отанды қандай сөздермен сипаттауға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сөздік диктант жазғызу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Сыпайылық, әдептілік, инабаттылық, сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, сенім,адалдық.

-Балалар, бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Балалар, бұл сөздерді біріктіріп, бір сөзбен қалай айтуға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

-Бүгінгі сабақ адами құндылықтар туралы болмақ.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты арқылы бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Қима сөздер

Сабақтың ортасы

10-30 минут

(МК), (Ұ) Б. Әділовтің «Қызғаныштың салдары» мысалын оқу. Мысалдың тақырыбы мен мазмұнындағы сәйкестікті табу. Мысал атының негізгі ойдың қысқаша атауы екендігін дәлелдеу.

Қызғаныштың салдары

Үстел үстінде Радио мен Теледидар қатар тұратын. Үй ішіндегілер Теледидарды қызықтайтын. Радионың бұған қатты намысы келетін.

-Сен келдің де, мен ескерусіз қалдым,- дейтін ылғи.

Теледидарды атарға оғы жоқ еді. Ал ол болса, бұған еш ашуланбайтын.

-Екеуіміз кезекпен сөйлесейік,-дейтін. –Мен сөйлеп болған соң, сен сөйле.

-Көрсетемін, кезекті, - дейді Радио қанасына сыймай. –Тапқан екенсің ақымақты!

Сөйтті де, теледидармен қосыла сөйлеп, оны мазақ ете бастады. Тыңдап отырған иесі Радионы тоқтан ажыратып тастады.

Балтабай Әділов

(Ұ) Тыңдау арқылы мысал кейіпкерлерінің іс-әрекетін сипаттайтын сөздерді түртіп алу.

(Ж) Түртіп алған сөздердің көмегімен мәтіннің мазмұнын айту.

(Т) Кейіпкерлердің іс-әрекетін анықтап, бағалау.

Мұғалім оқушылардың мысал кейіпкерлері-Радио мен Теледидардың іс-әрекетін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін түртіп алуларына басшылық жасайды.

Мысалы:

Радио: намысы келеді, қанасына сыймайды, мазақ ете бастайды.

Теледидар: кезекпен сөйлесейік.

(Т) Венн диаграммасы арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті салыстырылады.

Топтар радио мен теледидардың мінезі мен іс-әрекеттерін салыстырып, ақылдаса отыра Венн диаграммасын толтырады. Жауап беру барысында салыстыра сипаттауда «ал» көмекші сөзі қолданылады. Мысалы, Радио қызғаншақ, шыдамсыз, ал Теледидар салмақты.

(Т) «Синквейн» әдісі арқылы сабақты бекіту.

Радио мен Теледидар жайлы бесжолды өлең құрастырып жазу.

Мысалы:

Не? Радио

Қандай? қызғаншақ

Не істейді? мазақ етеді

Сөйлем..... Радио теледидарды мазақ етеді.

Не? техникалық құрал

Топтар бір-бірінің құраған өлеңдерін «Галлерея» әдісімен жүріп, оқиды, тексереді, стикер жапсыру арқылы бағалайды.

үлестірмелі таратпа қағаздар

Венн диаграммасы

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Жетістік баспалдағы» арқылы өздерінің орындарын анықтап, стикерге аттарын жазып, бағалайды.

Баспалдақ, стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу