ӘМәтінмен жұмыс. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі мен әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Адами құндылықтар | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Мәтінмен жұмыс | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.2.8.1 кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау 4.2.6.2 көркем, публицистикалық, ғылыми-танымдық және ресми стильдердің түрлерін (мақала күнделік, өмірбаян, хат, естелік...) ажырату | |||||
Сабақ мақсаттары | Кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалай,көркем, публицистикалық, ғылыми-танымдық және ресми стильдердің түрлерін (мақала күнделік, өмірбаян, хат, естелік...) ажыратуды үйрету | |||||
Бағалау критерийлері | Кейіпкердің/кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалайды | |||||
Тілдік мақсаттар | терминдер | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | ережелер | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі.Сабаққа психологиялық дайындық Блиц турнир Мәтін деген не? Мәтін бөліктерін ата Мәтін түрлерін ата Мәтіннің стиль түрлерін ата | |||||
Сабақтың ортасы 32 минут | (Ұ) Мәтінді оқу және талдау. Өзара сын Асқарбек ағай тәрбие сағаттарын қызықты да, әсерлі өткізеді. Бірде ол келесі тәрбие сағатында «Әділ сөз» тақырыбында әңгімелесетінімізді , яғни онда өзара сын айтысына түсетінімізді ескертті. Өзара сын айтуда әрбір сынаушы сынайтын досының әуелі жақсы жағын, содан соң кемшілігін әділеттікпен дәлелдеп шығуы тиіс. Мен Досан досыммен өзара сын айтысына түстім. – Ардақты досым Досан, сен әдепті, кішіпейіл оқушылардың бірісің. Меніңше, сенің жеңе алмай жүрген кемшілігің бар. Ол – жалқаулық. Сен жалқау болмасаң, үштік бағаларың болмас еді,– дедім. Досан: – Құрметті Әділет! Сен шыншыл, үздік оқушысың. Сен менің үштіктерімді сөз етіп, жалқау екенімді дәлелдедің. Жалқау болмауға сөз беремін. Сенің «Мен бәріңнен артықпын!», «Мен бәрін білемін!» деп кеудеңді қағатын менмендіктерден арылуыңды қалар едім. Маған Досанның үлкен адамдарша салмақтап сөйлеген сөзі қатты әсер етті. – Әдепті дос, құрметті құрдас, осы уақытқа дейін менің бұл кемшілігімді бетіме басып айтқан жоқ едің. Мен енді «менмен» болмауға сөз беремін,– деп, Досанның қолын алдым. Асқарбек ағай: – Жақсылықты әділ бағалап, кемшіліктеріңді мойындап, өзара сынды өз дәрежесінде жүргіздіңдер. Сын, осылай, әділетті болу керек. Әділетті сынды мойындай білген адам өз кемшілігін түзей алады,– деді. Біз өзара сынның пайдасы көп екен-ау деп ойлады. Ә. Табылдиев (Т) Кейіпкерлерге арнап, -мақала жазу, оқу; - хат жазу, оқу Мұғалім «Бағытталған оқуды» ұйымдастырады. Бағытталған оқу қадамдары: Мәтінді оқу мақсатын оқушылармен бірге талқылау; Бағалау өлшемдерін оқушылармен келісу; Оқушыларды қабілетіне қарай топқа бөлу (4-8 оқушы); Топта жұмыс істеу уақытын (10-20 мин) белгілеу; Мәтінді таңдауда оқушылардың даму кезеңдеріне сәйкестігін ескеру; Таныс емес мәтін болу қажеттігі; Оқушылардың мәтінді оқуының өз бетінше жүзеге асуы және мәтіндегі мәселелерді белсенділікпен шешуі; Әр оқушының пікірталасқа өз үлесін қосуы; Оқу техникасының сақталуы. Мұғалімнің басшылығымен талдау жұмысында мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қойылып, негізгі идея анықталады. Қалыптастырушы бағалау Бағалау критерийіБілім алушы •Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қояды. Тапсырма Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз. 1.Қыс түсті.Өзен суы қатты. 2. Қарлыға аялдамаға келді.Меруерт күтіп тұр екен. 3.Күн батты.Аспанда жұлдыздар шықты. _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ДескрипторБілім алушы -жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдыра алады. | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. Бағдаршам көздері арқылы меңгергенін анықтау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Бүгінгі сабақта не қиын болды? –Не қызықты болды? –Не маңызды болды? | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?