Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі. Қазақ тілі, 4 сынып, әдістемелік нұсқаулық.
Әдістемелік нұсқаулық
2-бөлім. Адами құндылықтар.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі
Оқу мақсаттары:
4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу
4.3.7.1 - құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою
Бағалау критерийлері
-көркем, сауатты жазады;
-құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қояды;
-белгілі тақырып аясында диалог құрастырады;
-диалог құрастыруда сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескереді
Құндылықтар: Әдептілік, сыйластық, амандаса білу мәдениеті
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, дүниетану
Ресурстар:
Сабақ барысы:
І (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі.
.«Түстер» әдісі (Оқушыларға түрлі-түсті карточклар таратылады. Карточкалардың бір беті түсті, ал екінші жағы бір түсті болу керек .Оқушылар аударып қарап, бірдей түстер бір топқа бірігеді)
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
-Балалар, мен бүгінгі сабақты өте көңілді диалогтан бастағым келіп тұр. Мен сұрақ қоямын, ал сендер іс-қимыл көрсете отырып жауап бересіңдер.Келістік пе?
Көңіл күйлерің қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (Қолдарын шапалақтайды)
- Ынталарың ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді де бұлғайды)
- Ендеше бастайық!
О-о-о! (Бас бармақтарын көрсетеді)
-Ендеше өздерің байқағандарыңдай бүгінгі сабағымызда диалог арқылы сөйлесеміз, яғни әңгімелесеміз.
2. (Ұ) Қызығушылықты ояту.
Ал, қандай тақырыпта сөйлесетінімізді білу үшін , мына сөзжұмбаққа назар аударайық.
Торкөздердің ішінен сөздерді тауып оқыңдар.
ю | а | р | ә | д | е | п | е | в |
с | ж | г | й | ц | з | г | н | у |
ә | д | е | п | т | і | л | і | к |
к | г | ш | л | в | х | ъ | о | ч |
б | щ | а | р | ф | н | х | з | я |
а | м | а | н | д | а | с | у | в |
Оқушылар әдеп, әдептілік, амандасу сөздерін тауып оқиды.
3.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу.
1.(Ұ) Көркем жазу
Бас әріп пен кіші әріпті жазу үлгісін мұғалім тақтаға жазып көрсетуі керек. .Әріптерді дұрыс байланыстыра отырып, сауатты жазуды талап ету.
Әдептілік деп үлкенді cыйлaуды, aйнaлaдaғы aдaмдaрды құрметтеуді aйтaмыз.
-Бұл сөйлемде қандай тыныс белгілері бар?
-Үтір неліктен қойылған?
Оқушылардың құрмалас сөйлем туралы білімдері пысықталады.
2.(Ө) Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қойып жаз.
1.Телефонмен, бар дауыспен, сөйлескенде, айғайламай, сөйлескен жөн, әдептілікпен.2.Дастарқан, тыныштық, басында, сақтап, асты, ішу, асықпай, керек.3.Біздің, тәртіпті, сыныптың, оқушылары.4.Орын, беру, үлкендерге, автобуста, керек.
1.Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт.
2.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?
Дескриптор:
-бірінші құрмалас сөйлемді дұрыс құрастырып, тыныс белгісін қойды;
-екінші құрмалас сөйлемді дұрыс құрастырып, тыныс белгісін қойды;
-бірінші жай сөйлемді дұрыс құрастырды;
-екінші жай сөйлемді дұрыс құрастырды;
-көркем, сауатты жазды;
3. (Ұ) Тыңдалым.Мұғалім өлеңді оқиды.
Мұғалім өлеңді оқиды.
Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Құрбы, досқа күлімдеп,
Жақындаса кетеміз.
Атын атап:
СӘЛЕМ!-деп,
Бас изесіп өтеміз.
Кездессе егер ағалар,
Немесе әпке-апалар:
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ағай!-деп,
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, апай!-деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Жолықтырсақ ал енді
Ақ жаулықты әжейді:
АМАНСЫЗ БА, әжей!-деп,
ЕСЕНСІЗ БЕ, шешей!-деп,
Қолдарын біз аламыз,
Инабатты баламыз.
Кез болса егер қарсы алдан
Жасы келген қарт адам:
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ!-деп,
Ұсынып қос қолын,
Ұлдар білер өз жолын.
АМАНСЫЗ БА, ата!-деп,
ЕСЕНСІЗ БЕ, ата!-деп,
Қыздар тұрар қатар кеп.
Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Құрбы, досқа күлімдеп,
Жақындаса кетеміз.
Атын атап:
СӘЛЕМ!-деп,
Бас изесіп өтеміз.
Кездессе егер ағалар,
Немесе әпке-апалар:
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ағай!-деп,
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, апай!-деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Жолықтырсақ ал енді
Ақ жаулықты әжейді:
АМАНСЫЗ БА, әжей!-деп,
ЕСЕНСІЗ БЕ, шешей!-деп,
Қолдарын біз аламыз,
Инабатты баламыз.
Кез болса егер қарсы алдан
Жасы келген қарт адам:
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ!-деп,
Ұсынып қос қолын,
Ұлдар білер өз жолын.
АМАНСЫЗ БА, ата!-деп,
ЕСЕНСІЗ БЕ, ата!-деп,
Қыздар тұрар қатар кеп.
Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
4.(Ө)Жеке жұмыс.
Мәтінде кездескен амандасу сөздерін жаз.
Оқушылар теріп жазады
Сәлем, сәлеметсіз бе, сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе, ассалаумағалейкүм сөздерін дәптерге жазып алады.
Өзін-өзі бағалау:Тақтада берілген дұрыс жауапқа қарай отырып, өзін тексереді.
5.Ө) Сәйкестендіру тесті
Мұғалім тест жазылған парақшаларды оқушыларға таратады.
Әр оқушы тапсырманы орындайды.Оқушылар орындап болған соң, парақшаларын ауыстырады.
6.(Ұ) Сұрақ-жауап.
-Сәлем сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?
-Сәлеметсіз бе сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?
-Амансыз ба, есенсіз бе сөздерін қай жағдайда қолдануға болады ?
-Ассалаумағалейкүм деп кіммен амандасамыз?
Сұрақ-жауаптан кейін оқушылар бір-бірінің сәйкестендіруін дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді.
Өзара бағалау: Әр дұрыс жауапқа ұпай санын айту арқылы бағалайды.
7.Сергіту сәті.Оқушылар орындарынан тұрып, қимыл-әрекет арқылы сергіту сәтін орындайды.
Күлім қағып қолымды,Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайын
8.(Т) Әр топ амандасу әрекеті бар диалог құрастырады.
1-топ. Оқушы мен оқушы
2-топ.Оқушы мен мұғалім
3-топ.Әже мен қыз
4-топ. Ата мен бала
Мұғалім амандасу сөздерінің дұрыс таңдалуына бақылау жасайды.
Әже мен қыз арасындағы сұхбаттасу:
- Армысыз, әже!
- Бармысың, қызым!
- Қолыңыздағыны маған беріңіз. Көмектесейін.
- Рақмет, айналайын!
(Осындай үлгіде диалог құрастырады)
Дескриптор:
-амандасу сөздерін дұрыс қолданды;
-қатысымдық әрекетке байланысты сұрақ қойды;
-сұрақтарға жауап берді;
-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтады;
Әр топтың диалогі тыңдалады.
Бағалау: Әр топты оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Мұғалім дескриптор бойынша әр топты ұпай арқылы бағалайды.
9.Кері байланыс «Табыс баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге есімдерін жазып табыс баспалдағының сатысына іледі.
Үй тапсырмасы:
Әдептілік жайлы 2-3 мақал-мәтел тауып, дәптерге жазып, жаттап келу.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында).
Бастауыш білім беру.(2-4 сыныптар)
2.«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ. Қазақ тілі. Оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы. 4-сынып
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?