Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі
Топқа бөліну
1 топ
2 топ
3 топ
4 топ
Ынтымақтастық атмосферасын құру
-Көңіл күйлерің қалай?
-Керемет!
-Сабаққа дайындықтарың қалай?
-Тамаша!
-Ынталарың ше?
-Ғажап!
-Ендеше бастайық!
-О-о-о!
Торкөздердің ішінен сөздерді тауып оқыңдар.
Бағалау критерийлері
-көркем, сауатты жазу;
-құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қою;
-белгілі тақырып аясында диалог құрастыру;
-диалог құрастыруда сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескеру;
Көркем жазу
Әдептілік деп үлкенді cыйлaуды, aйнaлaдaғы aдaмдaрды құрметтеуді aйтaмыз.
Тапсырма: Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қойып жаз.
Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Құрбы, досқа күлімдеп,
Жақындаса кетеміз.
Атын атап:
Сәлем!-деп,
Бас изесіп өтеміз.
Кездессе егер ағалар,
Немесе әпке-апалар:
Сәлеметсіз бе, ағай!-деп,
Сәлеметсіз бе, апай!-деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Жолықтырсақ ал енді
Ақ жаулықты әжейді:
Амансыз ба, әжей!-деп,
Есенсіз бе, шешей!-деп,
Қолдарын біз аламыз,
Инабатты баламыз.
Кез болса егер қарсы алдан
Жасы келген қарт адам:
Ассалаумағалейкүм!-деп,
Ұсынып қос қолын,
Ұлдар білер өз жолын.
Амансыз ба, ата!-деп,
Есенсіз бе, ата!-деп,
Қыздар тұрар қатар кеп.
Қайтар жолда мектептен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Жеке жұмыс.
Өзіңді тексер:
Өлеңде кездескен амандасу сөздері:
Сәлем, сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе, ассалаумағалейкүм.
.
Сәйкестендіруді тексер
Құрбы ассалаумағалейкүм
Ата сәлем
Әже сәлеметсіз бе
Сыныптас амансыз ба?
Мұғалім сәлеметсің бе
1 ұпай
1 ұпай
1 ұпай
1 ұпай
1 ұпай
Сергіту сәті.
Күлім қағып қолымды,
Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайынСұрақ-жауап.
-Сәлем сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?
-Сәлеметсіз бе сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?
-Амансыз ба, есенсіз бе сөздерін қай жағдайда қолдануға болады ?
-Ассалаумағалейкүм деп кіммен амандасамыз?
Топтық жұмыс
Әр топ амандасу әрекеті бар диалог құрастырады.
1-топ. Оқушы мен оқушы
2-топ.Оқушы мен мұғалім
3-топ.Әже мен қыз
4-топ. Ата мен бала
Кері байланыс
«Табыс баспалдағы»
Стикерге есіміңді жаз. Табыс баспалдағының қажет деп санаған баспалдағына стикеріңді іл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?