Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Адами құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Тлеулесова Д.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 - сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу

4.3.7.1 - құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қою

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

-белгілі тақырып аясында әңгімелесе алады; қажет сөздерді қолдана отырып диалогке қатысады;

-амандасу сөздерін дұрыс қолданады;

-мұғалімнің қолдауымен құрамалас сөйлемнің тыныс белгісін қояды;

Оқушылардың көпшілігі:

- сұхбаттасының жасын ескере отырып тақырып бойынша диалог құрастырады;

-құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қояды;

Оқушылардың кейбірі:

-тақырып бойынша диалог құрастыруда тілдік нормаларды сақтайды, сұхбаттасының жай-күйін, жасын ескереді;

- тыныс белгілерін дұрыс қоя отырып құрмалас сөйлем құрастырады;

Бағалау критерийлері

-көркем, сауатты жазады;

-құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қояды;

-белгілі тақырып аясында диалог құрастырады;

-диалог құрастыруда сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескереді

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер: құрмалас сөйлем; сәлем, сәлеметсіз бе, амансыз ба, есенсіз бе, ассалаумағалейкүм

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Сәлем сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?

-Сәлеметсіз бе сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?

-Амансыз ба, есенсіз бе сөздерін қай жағдайда қолдануға болады ?

-Ассалаумағалейкум деп кіммен амандасамыз?

Құндылықтар

Әдептілік, сыйластық, амандаса білу мәдениеті

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу,дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

-

Бастапқы білім

Диалог құрастыра алады, құрмалас сөйлем туралы біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1.(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу.

Түстер арқылы топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

-Балалар, мен бүгінгі сабақты өте көңілді диалогтан бастағым келіп тұр. Мен сұрақ қоямын, ал сендер іс-қимыл көрсете отырып жауап бересіңдер.Келістік пе?

Көңіл күйлерің қалай?

  • Керемет!
  • Сабаққа дайындықтарың қалай?
  • Тамаша!
  • Ынталарың ше?
  • Ғажап!
  • Ендеше бастайық!

-О-о-о!

-Ендеше өздерің байқағандарыңдай бүгінгі сабағымызда диалог арқылы сөйлесеміз, яғни әңгімелесеміз.

3.(Ұ) Қызығушылықты ояту.

Ал, қандай тақырыпта сөйлесетінімізді білу үшін , мына сөзжұмбаққа назар аударайық.

Торкөздердің ішінен сөздерді тауып оқыңдар.

ю

а

р

ә

д

е

п

е

в

с

ж

г

й

ц

з

г

н

у

ә

д

е

п

т

і

л

і

к

к

г

ш

л

в

х

ъ

о

ч

б

щ

а

р

ф

н

х

з

я

а

м

а

н

д

а

с

у

в

-Бүгінгі сабақта әдептілік жайлы сөз болмақ.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Оқушыларды бағалау критерийімен таныстыру.

 Слайд №1

 Слайд №2

 

 

 Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №4

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №5

 

Сабақтың ортасы

5-37 мин

3 мин

5 мин

2 мин

3 мин

5 мин

3 мин

1 мин

10 мин

(Ұ) Көркем жазу

Бас әріп пен кіші әріпті жазу үлгісін көрсету.Әріптерді дұрыс байланыстыра отырып, сауатты жазу.

Әдептілік деп үлкенді cыйлaуды, aйнaлaдaғы aдaмдaрды құрметтеуді aйтaмыз.

-Бұл сөйлемде қандай тыныс белгілері бар?

-Үтір неліктен қойылған?

Оқушылардың құрмалас сөйлем туралы білімдері пысықталады.

(Ө) Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастырып, тыныс белгілерін қойып жаз.

1.Телефонмен, бар дауыспен, сөйлескенде, айғайламай, сөйлескен жөн, әдептілікпен.2.Дастарқан, тыныштық, басында, сақтап, асты, ішу, асықпай, керек.3.Біздің, тәртіпті, сыныптың, оқушылары.4.Орын, беру, үлкендерге, автобуста, керек.

1.Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт.

2.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?

Дескриптор:

-бірінші құрмалас сөйлемді дұрыс құрастырып, тыныс белгісін қойды;

-екінші құрмалас сөйлемді дұрыс құрастырып, тыныс белгісін қойды;

-бірінші жай сөйлемді дұрыс құрастырды;

-екінші жай сөйлемді дұрыс құрастырды;

-көркем, сауатты жазды;

(Ұ) Тыңдалым.

Мұғалім өлеңді оқиды.

Қайтар жолда мектептен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Құрбы, досқа күлімдеп,

Жақындаса кетеміз.

Атын атап:

СӘЛЕМ!-деп,

Бас изесіп өтеміз.

Кездессе егер ағалар,

Немесе әпке-апалар:

СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, ағай!-деп,

СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, апай!-деп,

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Жолықтырсақ ал енді

Ақ жаулықты әжейді:

АМАНСЫЗ БА, әжей!-деп,

ЕСЕНСІЗ БЕ, шешей!-деп,

Қолдарын біз аламыз,

Инабатты баламыз.

Кез болса егер қарсы алдан

Жасы келген қарт адам:

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ!-деп,

Ұсынып қос қолын,

Ұлдар білер өз жолын.

АМАНСЫЗ БА, ата!-деп,

ЕСЕНСІЗ БЕ, ата!-деп,

Қыздар тұрар қатар кеп.

Қайтар жолда мектептен

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

(Ө)Жеке жұмыс.

Мәтінде кездескен амандасу сөздерін жаз.

Оқушылар теріп жазады.

Бағалау:Өзін-өзі бағалау.Тақтада берілген дұрыс жауапқа қарай отырып, өзін тексереді.

(Ө) Сәйкестендіру тесті

Мұғалім тест жазылған парақшаларды оқушыларға таратады.

Әр оқушы тапсырманы орындайды.Оқушылар орындап болған соң, парақшаларын ауыстырады.

(Ұ) Сұрақ-жауап.

-Сәлем сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?

-Сәлеметсіз бе сөзін кімдерге қатысты қолданамыз?

-Амансыз ба, есенсіз бе сөздерін қай жағдайда қолдануға болады ?

-Ассалаумағалейкум деп кіммен амандасамыз?

Сұрақ-жауаптан кейін оқушылар бір-бірінің сәйкестендіруін дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді.

Өзара бағалау: Әр дұрыс жауапқа ұпай санын айту арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

Күлім қағып қолымды,Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайын

(Т) Әр топ амандасу әрекеті бар диалог құрастырады.

1-топ. Оқушы мен оқушы

2-топ.Оқушы мен мұғалім

3-топ.Әже мен қыз

4-топ. Ата мен бала

Мұғалім амандасу сөздерінің дұрыс таңдалуына бақылау жасайды.

Әже мен қыз арасындағы сұхбаттасу:

- Армысыз, әже!

- Бармысың, қызым!

- Қолыңыздағыны маған беріңіз. Көмектесейін.

- Рақмет, айналайын!

(Осындай үлгіде диалог құрастырады)

Дескриптор:

-амандасу сөздерін дұрыс қолданды;

-қатысымдық әрекетке байланысты сұрақ қойды;

-сұрақтарға жауап берді;

-сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтады;

Әр топтың диалогі тыңдалады.

Бағалау: Әр топты оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Мұғалім дескриптор бойынша әр топты ұпай арқылы бағалайды.

 Слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Үлестірме парақшалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №8

 Слайд №9

 

 

 

 

 

 Парақшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №10

 

 

 

 

 

 Слайд №11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

37-40 мин

3 мин

Кері байланыс «Табыс баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге есімдерін жазып табыс баспалдағының сатысына іледі.

Үй тапсырмасы:

Үйге тапсырма:

Әдептілік жайлы 2-3 мақал-мәтел тауып, дәптерге жазып, жаттап келу.

 Табыс баспалдағы

 стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмен оқушылардың әр тапсырманы орындау барысында жеткен жетістіктері үшін мадақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар диалог құрастыруда тілдік нормаларды сақтауы қажет.

Дескриптор арқылы бағалау.

Өзара бағалау

Партада дұрыс отыруларын қадағалау.

Сергіту сәтін өткізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу