Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі. «Өзара сын» Мазмұндама жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, әдістемелік нұсқаулық. 2 сабақ


2-бөлім. Адами құндылықтар

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік, ар-ұят –адамдықтың белгісі.

Өзара сын. Мазмұндама жазу

Оқу мақсаттары: 4.3.3.1* - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама жазу;

4.3.6.1- каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру;

Бағалау критерийлері

  • тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, бөліктерге бөліп жоспар құрады;
  • тірек сөздер мен құрған жоспарға сай мазмұндама жазады;
  • каллиграфиялық нормаларды сақтау;

Құндылықтар: Әдептілік, сыйластық.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу

Ресурстар:үлестірме парақшалар, презентация

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар орындарынан тұрып, шеңберге бірігеді.

Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де. (достарын нұсқайды)

Қуанайық,достарым, (екі қолын екі жаққа созады)

Арайлап атқан күнге! (екі қолын жоғары көтереді)

Жақсылық көрсең біреуден, (жан-жағына бұрылады)

Мен қандаймын деп ойла. (өзін көрсетеді)

Жамандық көрсең біреуден (жан-жағына бұрылады)

Мен қандаймын деп ойла. (өзін көрсетеді)

Үй тапсырмасын тексеру. «Сыртқы және ішкі шеңбер» әдісі арқылы үйде жаттап келген мақал-мәтелдерді айтып шығады.(Шеңбер болып тұрған оқушылар 1-2 ге саналады. 1 –лер сыртқы, 2-лер ішкі шеңбер болады. Сыртқы және ішкі шеңбер оқушылары бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қарама-қарсы тұрған оқушылар үй тапсырмасын бір-біріне айтады. Бірден «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.)

«Бас бармақ» әдісі.

 

 Топқа бөлу

 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлінеді.Оқушылар қайта шеңберге тұрып, 1ден 4 ке дейін саналады.

 1-лер 1 топ

 2-лер 2-топ

 3-тер 3 топ

 4-тер 4 топ болып бірігіп, орындарына отырады.

 Сабақтың мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерімен таныстыру.

1.Ой қозғау.

Адам бойындағы 5 жағымды мінез-құлықты жаз.

Адам бойындағы 5 жағымсыз мінез-құлықты жаз.

Өз бойыңда осылардың қайсысы бар? Белгіле.

2.(Ұ) Тыңдалым.

Мұғалім мәтінді оқиды.

 Өзара сын

Асқарбек ағай тәрбие сағаттарын қызықты да, әсерлі өткізеді. Бірде ол келесі тәрбие сағатында «Әділ сөз» тақырыбында әңгімелесетінімізді , яғни онда өзара сын айтысына түсетінімізді ескертті. Өзара сын айтуда әрбір сынаушы сынайтын досының әуелі жақсы жағын, содан соң кемшілігін әділеттікпен дәлелдеп шығуы тиіс.

  Мен Досан досыммен өзара сын айтысына түстім.

  – Ардақты досым Досан, сен әдепті, кішіпейіл оқушылардың бірісің. Меніңше, сенің жеңе алмай жүрген кемшілігің бар. Ол – жалқаулық. Сен жалқау болмасаң, үштік бағаларың болмас еді,– дедім.

  Досан:

  – Құрметті Әділет! Сен шыншыл, үздік оқушысың. Сен менің үштіктерімді сөз етіп, жалқау екенімді дәлелдедің. Жалқау болмауға сөз беремін. Сенің «Мен бәріңнен артықпын!», «Мен бәрін білемін!» деп кеудеңді қағатын менмендіктерден арылуыңды қалар едім.

  Маған Досанның үлкен адамдарша салмақтап сөйлеген сөзі қатты әсер етті.

  – Әдепті дос, құрметті құрдас, осы уақытқа дейін менің бұл кемшілігімді бетіме басып айтқан жоқ едің. Мен енді «менмен» болмауға сөз беремін,– деп, Досанның қолын алдым.

  Асқарбек ағай:

  – Жақсылықты әділ бағалап, кемшіліктеріңді мойындап, өзара сынды өз дәрежесінде жүргіздіңдер. Сын, осылай, әділетті болу керек. Әділетті сынды мойындай білген адам өз кемшілігін түзей алады,– деді.

  Біз өзара сынның пайдасы көп екен-ау деп ойлады.

  Ә. Табылдиев

3.(Ұ)Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Әр сұрақты жеке оқыңыз. Жауаптың бірнеше нұсқасы тыңдаңыз .Мадақтау, қолпаштау сөздері арқылы кері байланыс беріңіз. Бұл кезеңде оқушы жауабында сөйлемнің құрылымына, тілдік нормалардың сақталуына баса назар аударыңыз. Түсінбеген оқушылар барын байқасаңыз, мәтінді тағы бір қайталап оқып шығыңыз.

-Асқарбек ағай «Әділ сөз» тақырыбы бойынша қандай жұмыс ұйымдастырылатынын хабарлады?

-Әділет Досан досына қандай сын айтты?

-Досан өз бойындағы кемшілігі туралы айтылған сынға қалай жауап берді?

-Әділет қандай уәде берді?

-Екі достың өзара сын білдіруіне Асқарбек ағай қандай баға берді?

-Басты кейіпкер қандай ой қорытты?

4.(Ж). Оқушылар жұпта ақылдаса отырып тірек сөздерді жазады.Тақтада берілген тірек сөздер мен өздерінің жазғандарын салыстырады.

Егер қажет деп тапсаңыз тірек сөздер қатарын толықтыруға болады.

Өзара сын айтысы, жақсы жағы, кемшілігі, әдепті, кішіпейіл жалқаулық, шыншыл, үздік, менмендік, әділ, мойындау.

5.(Т) Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады.

Оқушылар топта ақылдаса отырып, мәтінді бөліктерге бөледі.

Төменде берілген нұсқаулықты тақтадан көрсетіп, түсіндіріңіз.

Әр бөлікті мұқият оқып, тақырып қояды, жоспар құрады.

Жоспар жазылған парақшаларын тақтаға іледі.

Сынып оқушылары оқып шығады.

Топта талқылайды.

Әр топ ақылдасып, жоспардың ең ұтымдысын таңдайды.

Жоспар үлгісі:

1.«Әділ сөз» тақырыбындағы тәрбие сағаты

2.Әділеттің Досанға айтқан сыны

3.Досанның Әділетке айтқан сыны

4. Әділеттің сөз беруі

5.Асқарбек ағайдың пікірі

6.Достардың қорытынды ойы.

Сергіту сәті.

Күлім қағып қолымды,Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайын

6. (Ж) Тірек сөздер мен жоспарға сүйене отырып мазмұндама жазады.

7.(Ұ, МК) Өз –өзіңді тексер.

Жазба жұмысыңды қайта оқып, тексеріп шық.

-Мәтін мазмұны толық баяндалды ма?

-Сөйлемдер дұрыс құрастырылған ба? Әр сөйлемде айтылған ой толық па?

-Мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?

-Сөздер қатесіз жазылған ба?

Мұғалім оқушылардың жұмыстарын жинап алады.

8. (Ж) Саралау:Жұптық жұмыс.

Мазмұндаманы уақытынан бұрын жазып бітірген оқушылар жұптасып өзара «Өзара сын» диалогын құрастырады.

(Сыпайы, әділ болу керектігін ескерту)

 

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі

 Оқушылар таңдаған стикерлерін алма ағашына апарып іледі.

Жасыл түсті алма – бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.

 

 

  Мазмұндаманы бағалау.

 

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

1

Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, бөліктерге бөліп жоспар құрады;

Тірек сөздер мен құрған жоспарға сай мазмұндама жазады;

Каллиграфиялық нормаларды сақтау

мәтін бойынша жоспар құрады

мәтін мазмұнын жоспарға сәйкес жүйелі жазады;

сөйлемдердің құрылымын сақтайды;

сөйлем құрастыруда грамматикалық нормаларды сақтайды

тірек сөздерді орынды пайдаланады;

сөздер мен сөйлемдерді сауатты жазады;

1

1

1

1

1

1

каллиграфиялық норманы сақтап жазады.

1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу