Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі. «Өзара сын» Мазмұндама жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 2 сабақ


Сабақтың тақырыбы: “Өзара сын” Мазмұндама жазу

Үй тапсырмасын тексеру.

“Карусель” ойыны

Сабақтың мақсаты:

Тыңдаған мәтін бойынша мазмұндама жазасыңдар.

Бағалау критерийі:

Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, бөліктерге бөліп жоспар құру;

Тірек сөздер мен құрған жоспарға сай мазмұндама жазу;

Каллиграфиялық нормаларды сақтау;

Адам бойындағы 5 жағымды мінез-құлықты жаз.

Адам бойындағы 5 жағымсыз мінез-құлықты жаз.

Өз бойыңда осылардың қайсысы бар? Белгіле.

Ойқозғау

Өзара сын

Асқарбек ағай тәрбие сағаттарын қызықты да, әсерлі өткізеді. Бірде ол келесі тәрбие сағатында «Әділ сөз» тақырыбында әңгімелесетінімізді , яғни онда өзара сын айтысына түсетінімізді ескертті. Өзара сын айтуда әрбір сынаушы сынайтын досының әуелі жақсы жағын, содан соң кемшілігін әділеттікпен дәлелдеп шығуы тиіс.

Мен Досан досыммен өзара сын айтысына түстім.

Ардақты досым Досан, сен әдепті, кішіпейіл оқушылардың бірісің. Меніңше, сенің жеңе алмай жүрген кемшілігің бар. Олжалқаулық. Сен жалқау болмасаң, үштік бағаларың болмас еді,– дедім.

Досан:

Құрметті Әділет! Сен шыншыл, үздік оқушысың. Сен менің үштіктерімді сөз етіп, жалқау екенімді дәлелдедің. Жалқау болмауға сөз беремін. Сенің «Мен бәріңнен артықпын!», «Мен бәрін білеміндеп кеудеңді қағатын менмендіктерден арылуыңды қалар едім.

Маған Досанның үлкен адамдарша салмақтап сөйлеген сөзі қатты әсер етті.

Әдепті дос, құрметті құрдас, осы уақытқа дейін менің бұл кемшілігімді бетіме басып айтқан жоқ едің. Мен енді «менмен» болмауға сөз беремін,– деп, Досанның қолын алдым.

Асқарбек ағай:

Жақсылықты әділ бағалап, кемшіліктеріңді мойындап, өзара сынды өз дәрежесінде жүргіздіңдер. Сын, осылай, әділетті болу керек. Әділетті сынды мойындай білген адам өз кемшілігін түзей алады,– деді.

Біз өзара сынның пайдасы көп екен-ау деп ойлады.

Ә. Табылдиев

-Асқарбек ағай «Әділ сөз» тақырыбы бойынша қандай жұмыс ұйымдастырылатынын хабарлады?

-Әділет Досан досына қандай сын айтты?

-Досан өз бойындағы кемшілігі туралы айтылған сынға қалай жауап берді?

-Әділет қандай уәде берді?

-Екі достың өзара сын білдіруіне Асқарбек ағай қандай баға берді?

-Басты кейіпкер қандай ой қорытты?

Сұрақтар

Тірек сөздер

Топтық жұмыс.

Мәтінді бөліктерге бөл

Әр бөлікті мұқият оқы

Әр бөлікке тақырып қой

Әр бөлікке қойған тақырыбыңды жазып, жоспар құр

Жоспарды жаз

Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу