Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі. «Өзара сын» Мазмұндама жазу. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Адами құндылықтар Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Тлеулесова Д.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі. «Өзара сын» Мазмұндама жазу | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.3.3.1* - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жоспар құрып мазмұндама жазу 4.3.6.1- каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру | ||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Сөздік қор |
| ||||||||
Құндылықтар | Әдептілік, сыйластық | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||
Бастапқы білім | Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құра алады. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5мин | Ұйымдастыру кезеңі 1.Ынтымақтастық атмосферасын құру. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық,достарым, Арайлап атқан күнге! Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандақ көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла. 2.Үй тапсырмасын тексеру. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі арқылы үйде жаттап келген мақал-мәтелдерді айтып шығады. 3.Топқа бөлу. 1,2,3,4 деп санау арқылы топқа бөлінеді. 4.Сабақтың мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін айту. |
| |||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | 1.Ой қозғау Адам бойындағы 5 жағымды мінез-құлықты жаз. Адам бойындағы 5 жағымсыз мінез-құлықты жаз. Өз бойыңда осылардың қайсысы бар? Белгіле. 2.(Ұ) Тыңдалым. Мұғалім мәтінді оқиды. Өзара сын Асқарбек ағай тәрбие сағаттарын қызықты да, әсерлі өткізеді. Бірде ол келесі тәрбие сағатында «Әділ сөз» тақырыбында әңгімелесетінімізді , яғни онда өзара сын айтысына түсетінімізді ескертті. Өзара сын айтуда әрбір сынаушы сынайтын досының әуелі жақсы жағын, содан соң кемшілігін әділеттікпен дәлелдеп шығуы тиіс. Мен Досан досыммен өзара сын айтысына түстім. – Ардақты досым Досан, сен әдепті, кішіпейіл оқушылардың бірісің. Меніңше, сенің жеңе алмай жүрген кемшілігің бар. Ол – жалқаулық. Сен жалқау болмасаң, үштік бағаларың болмас еді,– дедім. Досан: – Құрметті Әділет! Сен шыншыл, үздік оқушысың. Сен менің үштіктерімді сөз етіп, жалқау екенімді дәлелдедің. Жалқау болмауға сөз беремін. Сенің «Мен бәріңнен артықпын!», «Мен бәрін білемін!» деп кеудеңді қағатын менмендіктерден арылуыңды қалар едім. Маған Досанның үлкен адамдарша салмақтап сөйлеген сөзі қатты әсер етті. – Әдепті дос, құрметті құрдас, осы уақытқа дейін менің бұл кемшілігімді бетіме басып айтқан жоқ едің. Мен енді «менмен» болмауға сөз беремін,– деп, Досанның қолын алдым. Асқарбек ағай: – Жақсылықты әділ бағалап, кемшіліктеріңді мойындап, өзара сынды өз дәрежесінде жүргіздіңдер. Сын, осылай, әділетті болу керек. Әділетті сынды мойындай білген адам өз кемшілігін түзей алады,– деді. Біз өзара сынның пайдасы көп екен-ау деп ойлады. Ә. Табылдиев 3.(Ұ)Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. -Асқарбек ағай «Әділ сөз» тақырыбы бойынша қандай жұмыс ұйымдастырылатынын хабарлады? -Әділет Досан досына қандай сын айтты? -Досан өз бойындағы кемшілігі туралы айтылған сынға қалай жауап берді? -Әділет қандай уәде берді? -Екі достың өзара сын білдіруіне Асқарбек ағай қандай баға берді? -Басты кейіпкер қандай ой қорытты? 4.(Ж). Оқушылар жұпта ақылдаса отырып тірек сөздерді жазады.Тақтада берілген тірек сөздер мен өздерінің жазғандарын салыстырады. Өзара сын айтысы, жақсы жағы, кемшілігі, әдепті, кішіпейіл жалқаулық, шыншыл, үздік, менмендік, әділ, мойындау. 5.(Т) Мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құрады. Оқушылар топта ақылдаса отырып, мәтінді бөліктерге бөледі. Әр бөлікті мұқият оқып, тақырып қояды, жоспар құрады. Жоспар жазылған парақшаларын тақтаға іледі. Сынып оқушылары оқып шығады. Топта талқылайды. Әр топ ақылдасып, жоспардың ең ұтымдысын таңдайды. Жоспар үлгісі: 1.«Әділ сөз» тақырыбындағы тәрбие сағаты 2.Әділеттің Досанға айтқан сыны 3.Досанның Әділетке айтқан сыны 4. Әділеттің сөз беруі 5.Асқарбек ағайдың пікірі 6.Достардың қорытынды ойы. Сергіту сәті. Күлім қағып қолымды,Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайын 6. (Ж) Тірек сөздер мен жоспарға сүйене отырып мазмұндама жазады. 7.(Ұ, МК) Өз –өзіңді тексер. Жазба жұмысыңды қайта оқып, тексеріп шық. -Мәтін мазмұны толық баяндалды ма? -Сөйлемдер дұрыс құрастырылған ба? Әр сөйлемде айтылған ой толық па? -Мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба? -Сөздер қатесіз жазылған ба? Мұғалім оқушылардың жұмыстарын жинап алады. 8. (Ж) Саралау:Жұптық жұмыс. Мазмұндаманы уақытынан бұрын жазып бітірген оқушылар жұптасып өзара «Өзара сын» диалогын құрастырады. |
| |||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі Оқушылар таңдаған стикерлерін алма ағашына апарып іледі. Жасыл түсті алма – бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл күйім көтеріңкі. Сары түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. |
| |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қабілеті жоғары оқушылар өзара жұптасып диалог құрады, топта көшбасшы болады. Мазмұндама жазу барысында қабілеті төмен оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. | Оқушылардың жазба жұмыстарын дескриптор бойынша тексеріп, бағалау. Бағалау қорытындысы келесі сабақта жарияланады. . | Сергіту сәтін өткізу. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?