Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Тарихыңды таны-тұлғаңды құрметте

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Оқиғаны болжау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру, мазмұнын айту

Сабақ мақсаттары

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру/ бағалауға және себеп –салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 Сөздік қор

Тұлға, тарих, құрметте

 Бағалау критерийі

Мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіреді/ бағалауға және себеп –салдарын анықтауға негізделген сұрақтар қояды және жауап береді.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру, мәтін құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Шежіре, бірыңғай мүшелер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,Жүрегіме басып ұстай қаламын.Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,Болып кетер сонда дереу жан - жағым.- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз

ІІ. Өткенді бекіту.Әр оқушыға таратып берілген сөздерден сөйлем құрастырады. алма, алмұрт, өрік, шие биледі, жарысты, көрсетті ақ, сары, көк, қызыл бірінші, екінші, үшінші, төртінші

Мақсаты: Бірыңғай мүшелермен сөйлем құрастыра білу, сөйлемдегі орнын анықтау.Дескриптор: сөйлем құрастырады; тыныс белгісін дұрыс қояды; бірыңғай мүшелерді анықтайды.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 минут минут

10 минут

13 минут

ІҮ. Негізгі бөлім

Абай Құнанбаев туралы бейнежазба көрсету.Топтастыру: -Абай Құнанбаев кім?Әр топ сөйлем құрастырады. Сөйлемдерін тақтаға жазады, бірыңғай мүшелері табады.

Мақсаты: тыңдаған мәтіннен негізгілерін бөліп алу, бірыңғай мүшелерді табу.Жұптық жұмыс

Абайдың қара сөздерін оқып, мағынасын түсіндіру, бірыңғай мүшелерді табу.

Дескриптор:мағынасын түсіндіреді; бірыңғай мүшелерді анықтайды; Жеке жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, жоспар құру. Мәтінге байланысты бір сұрақ құру.

Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80 - жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда - саттық жасауды үйрену екенін айтты.Мақсаты: Мәтіннің негізгі ойын анықтайды.Дескриптор: Мәтінге жоспар құра алу Мәтін бойынша сұрақ құрау.

https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc

Абайдың қара сөздері

Сабақтың соңы

3 мин

2 минут

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды:

-Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

-Сен үшін не қызықты болды?

Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін тыңдау.

Үй жұмысы: 64 бет, 56 жаттығуАбайдың 1 өлеңін жатқа айту.

https://www.youtube.com/watch?v=K7-WmmJsnsM

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу