Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.10 Мәтіндерге салыстырма

лы талдау жасау

2.5 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

4.2.5.1 мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және олардың құрылымдық бөліктерін анықтау, әр бөлігіне ат қою

4.3.9.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін қою

 Сөздік қор

Тұлға, тарихи, құрмет, ізет,

 Бағалау критерийі

Мәтіннің түрлерін, олардың құрылымдық бөліктерін анықтайды, бөліктерге ат қояды.

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

7 минут

Сабақтың ортасы

20 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

ІІ. Өткенді қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін тексеру.

«Дұрыс-бұрыс» ойынын ойнау.

  • Ахмет Байтұрсынов ағартушы.
  • Ол тұңғыш әліппе жазған жоқ.
  • «Қазақ» деген атпен газет шығарды.
  • Ол Қарағанды обылысында дүниеге келді.
  • Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын» деген ертегі жазды.

Автордың негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тауып, мәнерлеп оқыту.

«Стоп кадр» арқылы сахналық көрініс көрсету.

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Тақтада бірнеше тұлғалардың суреті ілінген. Соның ішінен Шоқан Уәлиханов туралы ақпарат оқу. Оқушылар сол ақпараттар бойынша тұлғаны таниды. (Әуен ойналып тұрады).

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ (шын аты Мұхаммедханафия). Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетау облысы) баурында өткен. Ол әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар баланы әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде ол орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, «Современник» журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Уәлихановтың «Абылай» шығармасымен танысу.«Шеңбер бойымен оқу» стратегиясын қолдану.Топтағы оқушылар кезекпен шеңбер бойымен мәтінді оқиды, қалғандары мұқият тыңдап, мәтіннің негізгі ойын анықтауға арналған сұрақтар қояды.

-Бұл мәтіннің жанры қандай? (мақала)

Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.

  • Қиын кезең
  • Абылай сұлтан
  • Абылайдың саясаты
  • Абылайдай хан болмаған

Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды; Сұрақтарға жауап береді; Бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды.

ІҮ. Дәптермен жұмыс

Мәтіннен бірнеше құрмалас сөйлемдерді таптырып жаздырту.Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісінің қойылуын айту.Жай сөйлемдерден кейін үтір қойылады.

Мәтіннен х, һ әріптері бар кездесетін сөздерді теріп жазуға, сөздердің дұрыс жазылуын есте сақтауға жаттығу ұйымдастыру. «Қатемді тап» ойыны арқылы оқушылар өзара тексереді.

Презентация

Сұрақтар

Портреттер

Шоқан Уәлиханов туралы ақпарат

Ү. Бекіту. Ана тілі оқулығы, 117 бет сөзжұмбақты шешу.

Үй тапсырмасы: Ана тілі, 120 бет, 1,2 тапсырма

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтыры, өз ойларын айтады.

Сабақта:

Мен ........................ білдім.

Мен........................... үйрендім.

Маған................................. ұнады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Мәтін мазмұныны ашатындай сұрақтар қою және жауап беруін бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу