Шежірелер сыр шерткенде. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:.

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шежірелер сыр шерткенде

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну

2.1 Оқу түрлерін қолдану

Сабақ мақсаттары

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікір алмасу

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

 Сөздік қор

Шежіре, тәуелсіздік,

 Бағалау критерийі

Тыңдалған мәтіннен негізгі ойды түртіп, негізгі ойды анықтауын бағалау

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру арқылы, шежіре құрастыру арқылы қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Өткенді бекіту.

Ойын: «Ішкі және сыртқы шеңбер»

Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.( мәтін туралы)

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. -Бұл бөлім Қазақстан тарихы туралы.

Сабақтың ортасы 30минут

ІҮ. Негізгі бөлім

Мағынаны ашу. Өрнектер шығару арқылы «Шежіре» сөзін шығару.

Мақсаты: Оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру.

308*53000+8907890-90

480:806300:90120*4

Шежіре сөзіне түсініктеме беру.

Шежіре- (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

Оқушыларға Тәуелсіздік жайлы видеоайналым ұсыну.

-Балалар сендер осы видеода не байқап, түсіндіңдер?

Оқушылар бір -бірлерімен пікір алмасады. Мақсаты: оқушылар түсініктерін айтқанда синоним сөздерді қолдануларына назар аудару арқылы сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Бүгінгі сабағымызда біз сендермен Еліміздің Тәуелсіздігіне көз жүгіртеміз.

Топпен жұмыс:Астана қаласының тарихы. Мәтінге сүйеніп, қала тарихының хронологиясын жасауды оқушыларға ұсыну.Мақсаты: мәтінді мазмұнын түсініп, негізгілерін түртіп алып, пікір алмасады.

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.

Мәтіндегі жаңа сөздердің астын сызғызып, мағынасын анықтау,сөйлем құрап жазғызу. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табу.

Топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойында патриотизм сезімін ояту.

Әр топқа қима қағазда жазылған жылдар мен атаулары беріледі. Топтағы оқушылар жылдарды ретімен орналастырып, жапсырады.

Топтар ортаға шығып, шыққан жұмыстарын оқиды.

Оқиғаларды шақтарға бөлу.

-Балалар, біздің елемізді келешекте қандай етіп елестетесіңдер?

Оқушылар өз ойларын айтады.

-Ол қандай шақ болады?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Сурет бойынша өлең құрау.

https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc

карточка

презентация

Астананың тарихы туралы мәтін, сурет,А3 қағаз, маркер.

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды: Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

Сен үшін не қызықты болды?

«Астана» тақырыбына өлең құрау.

Үй жұмысы: Ана тілі оқулығы 220 бет, сөзжұмбақты шешу.Қазақ тілі 5 бет 10-жаттығу

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу