Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Оқиғаны болжау

2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру, мазмұнын айту

Сабақ мақсаттары

4.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

 Сөздік қор

Тұлға, тарихи, құрмет, ізет,

 Бағалау критерийі

Мәтін мазмұныны ашатындай сұрақтар қою және жауап беруін бағалау

Құндылықтарды дарыту

қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтінмен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5минут

5минут

Сабақтың ортасы

25 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.

ІІІ. Өткенді қайталау.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өткен тақырыпты пысықтау.

«Галерея» ойыны

Қабырғада Абайдың өлеңдері жазылған. Оқушылар жұппен өздеріне қалаған өлең тұсына барып, аяқтап айтады.Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспанКүз болып дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге.Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз.

Әсемпаз болма әрнеге,Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де - бір кірпіш, дүниегеСен де - бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қалан! Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім.Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Тақтада бірнеше тұлғалардың суреті ілінген. Бұл кім? деген сұраққа топта талқылап, оқушылар жауабын айтады.

Тұлға сөзіне синоним сөздер ойластыру.

-Қандай сұраққа жауап бердік?

-Сұрақ не үшін қояды?

-Сұрақ арқылы нені анықтауға болады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

ІV. Ой шақыру.Ызыңдап ән салады,Жұп - жұқа қанатыТәттіге тамсаныпҚоқысқа қонады.V. Жаңа сабақты меңгерту.(К) Балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Ахмет Байтұрсыновтың «Екі шыбын» өлеңі.Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы дүниеден өткен.А. Байтұрсынов – көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай облысы Сартүбек деген жерде туған. Ол арап әрпі негізінде тұңғыш рет қазақтың әліппесін жазды. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. А. Байтұрсынов ұлтшыл деген жаламен тұтқынға алынған. Ол жазықсыз жалаға ұшырады.

VІ. Оқулықпен жұмыс(Ұ) Өлеңді тоқтап оқу арқылы оқиға желісін болжау. Мәнерлеп оқу.Тізбектей оқу.

(Т) Топтар мысалдың мазмұнын ашатындай бір сұрақ ойластырады. Сұрақтар қайталанбауы керек.

І топ: Бірінші шыбын қандай? деген сұраққа жауап береді.

ІІ топ: Екінші шыбын қандай? деген сұраққа жауап береді.

ІІІ топ: Өлеңнен автордың негізгі ойы жазылған жерді тауып, дәлелдейді.

ІҮ топ: өлеңнін үзіндісін «Стоп кадр» арқылы көрсетеді. Қалғандары үзіндіні анықтап, дәлелдейді.

VІІ. Дәптермен жұмыс

Өлеңді көшіріп алу.

Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Бал тәтті ғой, балалар!

Тапсырма:

  • Бірыңғай мүшелерді тап.
  • Бірыңғай мүшелердің соңғы сөзіне назар аудар.

Не байқадың?

Ережені оқу. Түсіндіру.

https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc

ақпарат

презентация

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтыры, өз ойларын айтады.

Сабақта:

Мен ........................ білдім.

Мен........................... үйрендім.

Маған................................. ұнады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Мәтін мазмұныны ашатындай сұрақтар қою және жауап беруін бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу