Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтақырыбы | Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.6 Тыңдарманның назарын аударту 3.9 Пунктуациялық нормаларды сақтау | |||||
Сабақ мақсаттары | 4.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) және қыстырма, одағай сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманды қызықтыру 4.3.9.3 сөйлемнің бірыңғай мүшелерін ажырату және тыныс белгісін (үтір, қос нүкте) дұрыс қою | |||||
Сөздік қор | Нышан, мақтаныш, рәміз. | |||||
Бағалау критерийі | Тақырыпқа тыңдарманды қызықтыруын бағалау | |||||
Құндылықтарды дарыту | қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Бірыңғай сөйлем мүшелері | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Психологиялық сәт:Мынау менің жүрегімЕлімді мен сүйемінЖақсылыққа жақын бопӘрдайым күліп жүремін.ІІ. Үй жұмысын тексеру«Қырдың жас түлегі» мәтінінен Шоқанның еліне деген сағынышы суреттелген жерді оқу. ІІІ. Өткенді қайталау. «Суреттер сөйлейді» ойыны. Тақтада бірнеше тұлғалардың суреті ілінген. Бұл кім? деген сұраққа топта талқылап, оқушылар жауабын айтады. Қазақтың атақты палуаны және и цирк артисі. Кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрес бойынша әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін жеңіске жетті. Ұлы Отан соғысының жылдарында Қажымұқан халық арасында өнер көрсетіп, жиналған қаржыға майданға Амангелді Иманов есімі берілген ұшақ сыйлаған. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Түсін мені» ойыны Оқушылар карточкалар алады. Карточкада киіз үй, домбыра, бесбармақ, алтын адам деген сөздер жазылған. Балалар сол карточкадағы сөздерді оқып, сөздерді атамай, сипаттау керек. Қалғандары қандай сөз жазылғанын анықтауы керек. Ым-ишара қолдануға болады.
Оқушылар «нышан» сөзіне ассоциациялық карта жасайды. | |||||
Сабақтың ортасы | ІV. Ой шақыру. Төбедегі көзінен, Күн сәулесі түседі. Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. (киіз үй)V. Жаңа сабақты меңгерту. Топтық жұмыс: бейнежазбаны көрместен бұрын, тапсырманы беріп алу керек. 1-топ: киіз үй құрлымы туралы ақпарат келтіреді. 2-топ: киіз үй түрлерін атайды. 3-топ: киіз үйдің ерекшеліктерін атайды. 4-топ: бейнежазба бойынша 4 сұрақ құрастарады. (сұрақтары 2-қарапайым, 2 күрделі сұрақ болуы тиіс) Киіз үй жайлы 4 сөйлем жазу. Сөйлемдерінде бірыңғай сөйлем мүшелері болуы тиіс. (К) киіз үй туралы бейнежазба көру. Бейнежазбадағы деректерді мұғалім оқып тұрады. Топтық жұмыс: бейнежазбаны көрместен бұрын, тапсырманы беріп алу керек. 1-топ: киіз үй құрлымы туралы ақпарат келтіреді. 2-топ: киіз үй түрлерін атайды. 3-топ: киіз үйдің ерекшеліктерін атайды. 4-топ: бейнежазба бойынша 4 сұрақ құрастарады. (сұрақтары 2-қарапайым, 2 күрделі сұрақ болуы тиіс) Киіз үй жайлы 4 сөйлем жазу. Сөйлемдерінде бірыңғай сөйлем мүшелері болуы тиіс. VІ. Оқулықпен жұмыс(Ұ) Ана тілі оқулығының 215-бетіндегі «Туған жердің ыстығын-ай» мәтінін оқу. Тізбектеп оқу. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Автордың айтайын деген негізгі ойын анықтау. Туған ел жайлы мақалдар жазу. VІІ. Дәптермен жұмыс«Бірыңғай мүшелер» тақырыбын ашу. 50-жаттығу, 62-бет -Бірыңғай» сөзі нені білдіреді? -Ұқсастығы неде? Мысал келтір. Дәлелдеп үйрен «Еліміздің нышандары» тақырыбына сөйлемдер құрастыру. 51-жаттығудағы «Дәлелдеу үлгісіне» қарап сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді тауып дәлелде. «Біздің нышан» атты әр топ нышан ойлап табады. 1-топ: сыныптың 2-топ: мектептің 3-топ: қаланың 4-топ: Қазақстанның нышанын ойлап табады. Топтар өз жұмыстарын қорғаған кезде мұғалім оқушылардың тыңдаушыны қызықтыра алуын бағалайды. | https://www.youtube.com/watch?v=XjsYPFmSshI карточка презентация | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: «Сөйлемді аяқта»
Үй жұмысы:55-жаттығу. 64-бет, 208-209 бет «Елтаңба мен Ту туралы жыр» | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтарға тапсырма беру арқылы | Тақырыпқа тыңдарманды қызықтыруын бағалау | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?