Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1-тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру

Сабақ мақсаттары

Жоспар бойынша тірек сөздерді қолданып, монолог құрау.

 Сөздік қор

Ғажайып табиғат, сұлу, көркем көрініс, монолог,диалог, т,б, сөздер мен сөз тіркестер.

 Бағалау критерийі

Жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып, монолог құрайды.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер, ғылымға кіріспе.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтінмен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 2 минут

3 минут

Сабақтың ортасы

30 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

Психологиялық сәт:

Мақсаты: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Мынау менің жүрегім,Елімді мен сүйемін.Жақсылыққа жақын боп,Әрдайым күліп жүремін.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін анықтау.

(МК) Өткенді қайталау Монолог – сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.Монологта сөйлеушінің басты мақсаты – тыңдаушыға хабарды мүмкіндігінше анық жеткізу.

Монолог пен диалогтің айырмашылықтарын анықтау,

мысалдар келтіруді ұсыну.

(МК,Ұ) Монолог тыңдау және оқу

Мақсаты: Монологты тыңдау арқылы тірек сөздерді анықтау.

«Туған жер»

Туған жер — бізді қоршап тұрған барлық нәрсе. Бұл дыбыстар мен түстерге, әсерлері мен ашылымдарымен ерекшеленетін үлкен әлем. Мен үшін Отанымыз алғашқы қадамдармен, алғашқы кітаптармен басталды. Әдемі әдемі елдердің әртүрлілігінен Отан — бұл жылы және жайлы жер, туыстық, тәрбиелеу және тәрбиелеудің түп-тамырымен байланысты орын.

Туған жер — біз өскен жер, бұл бізді сақтаған мәдениет пен салт-дәстүр. Менің Отаным — гүлденген, хош иісті, көңілді, жарқыраған талантты Қазақстан.

Туған жер — менің үлкен бөлігім, ал мен туған жер кішкене бөлігімін. Әр адамның өмірі мен тағдыры өз туған жердің тағдырына байланысты. Туған жердің тағдыры негізінен өз азаматтарының патриоттық сезімінің тереңдігі мен күшіне байланысты. Сондықтан туған жерге деген сүйіспеншілікті өмірлік философия ретінде қабылдаймын.

(МК,Ұ) Сұрақ-жауап әдісі

Мақсаты:Тыңдалған, оқылған материал жайлы түсініктерін анықтау.

-Монолог не туралы болды?

-Монолог айтушының айту мәнері қандай?

Ойлау картасы

-Бұл қандай жер?

-Ол қандай өңірде орналасқан?

-Ол жерде не бар?

-Нені көруі мүмкін?

-Қандай дыбыстарды естуі мүмкін?

-Қандай сезімде болуы мүмкін?

-Оның қандай ерекшелігі бар?

-Неге олай аталды деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

(Т)Жоспар құру

Мақсаты: Көмекші сұрақтар арқылы жоспар құрасыру.

-Монологта бірінші не туралы айтасыңдар?

-Содан кейін не туралы айтуға болады?

-Монологты қалай аяқтайсыңдар?

(Ө,Қ) Монолог құру

Топтарда ойлау картасы арқылы жинақталған тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, монолог .

Бағалау критерийі: тірек сөздерді қолданып, жоспар арқылы монолог құрады.

Дескриптор:

-жоспар құрайды;

-жоспар бойынша жүйелі мәтін құрайды;

-тірек сөздерді орынды пайдаланады;

-сөйлемдердің құрылымын сақтайды.

Оқушылар топта құрған монологтарын оқиды, ақылдаса отырып дескриптор арқылы өзара бағалайды, ең жақсы шыққан монологты анықтап, ұжым алдында оқиды.

Презентация

Монолог жазылған үлестірме парақтар

Ойлау карталары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: Оқушылар сөйлемдерді толықтырып, өз ойларын айтады.

Сабақта:

Мен ........................ білдім.

Мен........................... үйрендім.

Маған................................. қызықты болды.

Мен үшін ................................. қиындық туғызды.

Бағалау

Оқушылар «Табыс баспалдағы» арқылы өздерінің жетістіктерін сабақтың басында құрылған бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Табыс баспалдағы мен стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарға тапсырма беру арқылы

Мәтін мазмұныны ашатындай сұрақтар қою және жауап беруін бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу