«Отаным десем ойыма...» тақырыбына мазмұндама жазамын. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ
Отаным – алтын бесігім
Отан – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасына балайды.
Отан белгісі бір адам үшін оның туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, солармен бірге осы өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту– қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан теңіз ертегі-аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал - мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы.
Бауырлас халықтарымызға ортақ «Отаның - алтын бесігің», «Туған жердің тасы да болысады», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» «Ер елінде, гүл жерінде», «Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты ғажайып мақалдар қаншама?!
Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге оны жауларынан жан аямай қорғау – әр перзенттің парызы, міндеті. Отан - ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?