«Отаным десем ойыма...» тақырыбына мазмұндама жазамын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1-тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Отаным десем ойыма...» тақырыбына мазмұндама жазамын (аудиовизуалды материал бойынша)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.4.1* өз бетінше оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша бірлесе жоспар құрып, мазмұндама/мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді пайдаланып эссе жазу

4.3.7.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету

Сабақ мақсаттары

Тыңдалған материал бойынша тірек сөздерді пайдаланып, мазмұндама жазуға үйрету. Көркем жазу дағдыларын жетілдіру.

 Сөздік қор

Шежіре, тәуелсіздік, , атамекен, туған жер, халық, т.б.

 Бағалау критерийі

Бірлесе құрылған жоспар бойынша тірек сөздерді қолдана отырып, мазмұндама жазады.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілігі мазмұндама жазу барысында қалыптасады.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Егер қазір менің айтқаным сендерге ұнаса, онда қол соғыңдар.- Бүгін сендерді көргеніме мен өте қуаныштымын.

ІІ. Өткенді бекіту.

-Шежіре дегеніміз не, қалай түсінесіңдер?

-Монолог дегеніміз не?

-Монолог пен диалогтың айырмашылығы неде?

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Проблемалық сұрақ:

-«Отан» дегенде ойларыңа не келеді?

Оқушылардың ойларын тыңдау.

Сахналық көріністі тамашалау

Ағасы ойланып отырады. Қасына кішкентай қарындасы келіп,- Аға сен не ойлап отырсың?- Бүгін мұғалім бізге мынадай сұрақ қойды, «Отаным десем ойыма...» дегенде ойларыңа не келеді?Сол кезде қоңыраудың соғылмасы бар ма? Мен енді сол жайлы ойлап отырмын.- Аға, Отан деген не?- Жамбыл атамыздың мына бір өлең жолдары есіме түсіп отыр.Отаным десем ойыма...Шалқыған байтақ жер келер,Отаным десем ойыма...Көгілдір тартқан көл келер.Баурайы байлық, қойны құтОтаныма ешқашан мекен де болмас тең келер.- Ал, сен Отан жайлы не айтасың?Отан – елдің анасыОтан – жердің анасыБақытты ғой, дәл мендейТәуелсіз ел баласы!

Интерактивті тақтада сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру. -Бүгінгі сабақ Отанымыз -Қазақстан туралы болмақ.

Сабақтың ортасы

10-30 минут

2-сабақ

(Ө,Ж,Қ)Мәтінді мұқият тыңда. Сызбаға тірек сөздерді жаз. Мақсаты:Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну деңгейлерін анықтау. Мазмұндай білу дағдыларын жетілдіру.

 Отаным – алтын бесігім

Отан адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы - анасына балайды.

Отан белгісі бір адам үшін оның туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, солармен бірге осы өмірден көретін қызығы мен бақытының тұрағы. Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұтуқанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан теңіз ертегі-аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал - мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы.

Бауырлас халықтарымызға ортақ «Отаның - алтын бесігің», «Туған жердің тасы да болысады», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық», «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» «Ер елінде, гүл жерінде», «Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сияқты ғажайып мақалдар қаншама?!

Отанды шексіз сүйіп, ардақтаумен бірге оны жауларынан жан аямай қорғау әр перзенттің парызы, міндеті. Отан - ананы басына іс түскенде жан салып қорғамаған азаматты азамат, халық перзенті деуге болмайды.

  • Тірек сөздерді мұқият оқы. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.Жұпта отырып, бір-біріңді бағалаңдар.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннен негізгі тірек сөздерді анықтайды-1 балл
  • мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды -1 балл
  • тірек сөздерді орынды қолданады- 1 балл

Ұжымдық тексеру арқылы өз-өзін бағалауды ұйымдастыру.

(Ө,Қ)Жазба жұмысы

Мақсаты:Тірек сөздерді пайдалана отырып, берілген жоспар бойынша мазмұндама жазу.

Оқушылар белгілеген тірек сөздерді пайдалана отырып, жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жазады. Жазған мәтіндерін мұғалім төмендегі дескриптор арқылы тексеріп бағалайды.

Дескриптор

Білім алушы

  • мәтіннің мазмұнын жүйелі жазады-1 балл
  • сөйлем құрылымын дұрыс сақтайды -1 балл
  • тірек сөздерді орынды қолданады- 1 балл

(Т,Қ)Бес жолды өлең құрастырып, сабақты бекіту.

НЕ?

Қандай?

Не істейді?

Сөйлем.......

Не?

Топтар құрастырып жатқан өлеңдерін оқып, 2 жұлдыз, бір тілек арқылы бір-бірін бағалайды.

сызба

презентация

Отан туралы мәтін, сурет,

Үлестірмелі таратпа қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

-Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат білдің?

-Сен үшін ол қызықты болды ма?

Үй жұмысы:

Берілген диалогті мұқият оқы. Тапсырмаларды орында.

Мақсаты:Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну деңгейлерін анықтау. Қажетті ақпаратты анықтай білу дағдыларын жетілдіру.

- Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, асқар таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.

- Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр.

  • Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-

дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.

  • Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана

қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!

  • Біз де қуаныштымыз!

1) Сәйкестендір.

  • Аружан

А) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты

  • Энди

В) өз елінің рәмізі туралы айтты

  • Акира

С) өз елінің атауын түсіндірді

2) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта.

А) Акираға қазақ халқы өте ұнады.

В) Огайо штатында қазір ауа райы салқын.

С) Аружан өз елінің Елтаңбасы туралы айтты.

D) Энди еліндегі асқар таулар туралы айтты.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу