Туған жер шежіресін зерттеймін. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар
Ой қозғау.
«Қоңыр» тобының «Туған жер» әнін тыңдалады. Сұрақ-жауап жүргізу арқылы жаңа сабаққа кіру жоспарланған.
Топқа біріктіру: «Қарқын» әдісі бойынша жүзеге асады. Мұнда топтардың жұмыстары қарқынды, нәтижелі болуын жүзеге асыру үшін, топта белсенді оқушылар мен қолдауды қажет ететін оқушылардың бірдей түсуі көзделеді. Оқушылар үстел үстіндегі сөздерді ала отырып 4 топқа бірігеді.
Оқылым.
ӨЖ. Мәтіннің орны ауыстырылып берілген бөліктерін ретке келтіріп белгіле.
Жусанда туған жердің иісі бар
Бір күні бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толтырады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған екен.
Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алматпы.
Бейбарыс өзінің мықтылығының арқасында әскербасы дәрежесіне жетіп, кейін патша болып, Бейбарыс сұлтан атанады.
Тапсырма.
Сабақта оқыған, көрген ақпараттарды тұжырымдай отырып топ атаулары бойынша әңгімелеу мәтінін жазады. Мәтінге тірек болатын сөздерді анықтап, астын сызады.
1 топ - «Туған жер», 2 топ «Шежіре», 3 топ «Жусан», 4 топ – «Атамекен».
Тапсырма жеке орындалады. Топта бір-біріне оқып, ең үздік деген мәтін сынып ішінде оқылады.
Қолдануға болатын суреттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?