«Отаным десем ойыма...» тақырыбына мазмұндама жазамын. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Отаным десем ойыма...» тақырыбына мазмұндама жазамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу

4.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу, тыңдағаны бойынша пікіралмасу;

 

  • Көмекші сөздер арқылы (әңгімелеу/сипаттау/пайымдау) мәтінін құрап жазу

Бағалау критерийі

  • Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарды түртіп алады;
  • Тірек сөздерге сүйеніп пікір алмасады;
  • Көмекші сөздерді қолданып мәтін құрап жазады

 Тілдік мақсаттар

Отан, туған жер, жанұя, сипаттау мәтіні, пайымдау мәтіні, әңгімелеу мәтіні, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, жалпы азаматтық құндылықтар

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстанның табиғат ғажайыптары жайлы монолог құраймын

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

ІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

«Жасырын сөздерді анықта» ойыны

Сөздер: Туған жер, туыс, ағайын, ана, су, жер, мекен, т.б.

  • Балалар, берілген сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/

ІІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсаты мен таныстыру, бағалау критерийлерін шығару.

Презентация

слайд

Сабақтың ортасы

10-35 минут

(Т) «Ассоциация» әдісі бойынша пікір алмасу.

-«Отан» дегенде ойларыңа не келеді? Сызба толтырады. Тірек сөздерді таңдау себебін ортаға салып, өзара пікір алмасады.

Мысалы: Отан- туған жер, атамекен туған өлке, табиғат, ел, Астана, отбасы, туған-туыс, туған ауыл, т.б.,

/Оқушылар тірек сөздерді толықтыру үшін мұғалім аудио жазба тыңдатады. Олар өлең жолдарын тыңдай отырып, тірек сөздерді толықтырады/.

(Ұ,МК) Тыңдалым.

  • Балалар, ал біздің «Отан!» деп жырлаған ақындарымыздың ойын білу үшін өлең жолдарына назар аударып, ақпаратымызды толықтырайық.

«Отан десем ойыма.....»

Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. 

М.Мақатаевтің «Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен...

/Оқушылар тірек сөздері толықтырады, тірек сөздердерді жұппен өзара оқиды/.

(Т) «Отан десем ойыма...»

Мақсаты: Тірек сөздерді қолдана отырып, мәтін құрастыру.

1-топ: Әңгімелеу мәтіні

2-топ: сипаттау мәтіні;

3-топ: пайымдау мәтіні

/ «Галлерея» әдісі бойынша топ оқушылары өз мәтіндерін оқиды. Дескрипторлар бойынша өзара бағаланады/.

Сызба

https://youtu.be/aBGhp7EQEw0

https://youtu.be/oLwCaB6gt78

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40 минут мин

Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» әдісі

-Бүгін мен ...................... түсіндім.

-Маған ...................... қызықты болды.

-Маған ........................... қиындық туғызды.

Өзін-өзі бағалау

«Блоб ағашы» арқылы өздерін бағалайды.

Блоб ағашы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды анықтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу