2_Қазақ тілі_3 сынып_8-бөлім_Жазғы демалыс_№12 сабақ
«Қазақ тілі» пәні
3-сынып
8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: №12. Жазғы демалыс
Әзірлеген: Абдрасилова Г.Л.
Сабақтың мақсаты
3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Бағалау критерийлері
-пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және негізді жауап береді;
-сұқбаттасын тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.
Үй тапсырмасын бағалау
Постерлер көрмесін ұйымдастыру
2 жұлдыз, 1 тілек
Дескриптор:
- постер мазмұнын тақырыптан ауытқымай құрастырады;
- тақырыпты жан-жақты аша біледі;
- көрнекілік материалдар тиімді іріктелген;
- эстетикалық талғаммен, үйлесімді орналастырады.
Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру
Жазғы демалыс
Інім Ілияс екеуміз Қапал, Көшкентал ауылында демалыстамыз. Маңайдағы Баян-жүрек, Мұзбалақ, Шыңбұлақ, Тамшыбұлақ, Бүркітті, Сайынбөлек деген тау мен жер аттарына ерекше қызығудамыз. Жағалай қайың, қарағай, шырша, арша ағаштары жайқалып тұр. Таңқурай, алма, долана, сиыр бүлдірген, қой бүлдірген, қара бүлдірген балбырап пісе бастаған.
Емдік, шипалы жылы суы бар ауыл өте көңілді. Інім екеуіміз атқа мінуді үйреніп алдық. Ауыл балаларымен асық ойнап, өзенге суға бірге түсеміз.
Әжемнің өз қолынан дайындаған құрт-ірімшік, талқан-тарысы қандай дәмді десеңші! Қымыз, сүт, айранның дәмі бал татиды. Ал, кешқұрым дастарқан басында әжемнің әсерлі әңгімесі сондай қызықты!
Ислам Боранхан
№14 мектептің 4 «Б» сынып оқушысы,
«Айгөлек» журналынан
Сұрақтар құрастыру
Сергіту сәті
«Қимылды жалғастыр» ойыны
Ішкі және сыртқы шеңбер
http://profkom-mmg.kz/wp-content/uploads/2017/08/DSC_0011.jpg
https://scontent-iad3-1.cdninstagram.com/vp/870b9d55895b5985b280ee832c74aa9d/5CA802FC/t51.2885-15/e35/38505450_1825449400875842_7225030625697202176_n.jpg
Қызықты оқиғаңмен бөліс
Еркін жазу
Тыңдаған ең қызықты оқиғаны жазу. Сөйлем, сөз санын анықтау.
Өзара тексеру.
Рефлексия
Үйге тапсырма:
«Жазғы демалыс жоспары» құрастырып жазу.
Ата-аналарымен ақылдасып жазғы демалыста қандай міндеттерді атқаратынын, қайда баруы ықтимал екенін жоспарлау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?