Хат жазамыз
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | |||||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №2-сабақ. Хат жазамыз | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды; - мұғалімнің көмегімен сызбаға қарап, хат жазады; - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзетеді | |||||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер Хат, ыстық лебіз, ниет Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
- Хат иесі Нұрсұлтанның анасына деген қандай сезімін байқадың? - Нұрсұлтан анасына айтқан қай сөздерді сен де анаңа айтқың келеді? | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік қасиеттерін қалыптастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиеттік оқу, дүниетану | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Хат мәтінін компьютер қолданып теруге болады | |||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Хат құрылымы, хат жазу стилі туралы түсінігі бар | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Т,Ж,Қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» (Карусель) әдісі. Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. Оқушылар аналары туралы дайындағын таныстыруын бір біріне таныстырады. Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар алдымен таныстырады. Ішкі шебердегі оқушылар тыңдап, сонан соң өздері жалғастырады. Оқушылар өзара ақпарат алмасқан соң қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі оқушылар кезекпен ақпаратымен бөліседі. Таныстыру осылай жалғасады. Арнайы қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруге болады. Оқушылардың өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай таныстыру ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады. Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарын таныстыру. Бағалау критерийлерін белгілеу, бағалау кестесін таратып беру. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау (Ө; Т; МК; Қ) Хатты мәнерлеп оқу. Мәтіндегі негізгі ойды табу. АНАМА ХАТ Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, яғни балаларыңызға деген ана махаббатыңыз шексіз. Дүниеге іңгәләп келгеннен - ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз. Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар – бақытты жандар. Олар қанат астындағы балапандар сияқты үнемі ана жылуын, махаббатын, мейірімін сезініп жүреді. Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыны үйретіп, жаманға жолаттырмайсыз. Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз. Мейірман анам, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі бисмилләмді айтып, жақсы адам болуға тырысып жүрмін. Дархан анам, кей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын. Бұдан былай қателіктерімді қайталамай, артымнан ерген іні-қарындасыма үлгі болуға талпынамын. Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін! Ұлыңыз Нұрсұлтан http://bilimdiler.kz/okushi/12028-anama-hat.html Талқылау - Хат саған қандай әсер қалдырды? - Хат иесі Нұрсұлтанның анасына деген қандай сезімін байқадың? - Нұрсұлтан анасына айтқан қай сөздерді сен де анаңа айтқың келеді? (Ө) Терме жазу. Нұрсұлтанның өзіңе ұнаған ана туралы сөздерін теріп жазып алу. Сергіту сәті: Балалар есейіп, қалаға оқуға түседі, отбасынан жырақта жүреді. Сондай кездерде анасын сағынып ән-жыр арнаған көптеген ақын-жазушылар бар. Қазір «Анаға хат» әнін тыңдап көріңдер. Анаға хат әнін тыңдау 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, фотосуреттермен хат құрастыру (Ұ,Т, Ө) Шығармашылық үзіліс. «Анамызды құрметтейік» тақырыбында хат жазу үшін РАФТ әдісі қолданылады. Хат құрылымы еске түсіріледі. . Р – өз рөлін белгілеу (бауыр, ересек аға/апа, журналист, ) А – аудитория, кімге арналады (балаларға, достарға, ересектерге) Ф – қандай формада (хат) Т – тақырып: Анамызды құрметтейік «Сөйлем теннисі» тәсілі. -Хат мазмұнын жоспарлау. Сөйлемдерін жетілдіру: топ оқушыларының бірі бастап сөйлемді айтады, келесі оқушы сол сөйлемді тағы 1 сөзбен толықтырып жетілдіреді, келесі оқушы осылай әрекетті жалғастырады да, соңғы шыққан сөйлемді жазып алады. Сөйлемді сөздермен толықтыру барысында көркем сөздерді, Нұрсұлтанның хатынан белгілеп жазып алған сөздерін қолдануын қадағалау керек. Шимай жазу. - Талқылау, таныстыру. Жазу. Дескриптор
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ. Рефлексия Өзін өзі бағалау кестесі
Оқушының бағалауы мен педагогтің бағалауы сәйкес келді ме? Неліктен? Оқушылармен қандай оқу мақсаттарын әлі де пысықтау керек? Үй тапсырмасы: Ана туралы өлең тауып жаттау. | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?