1. Қазақ тілі_3 сынып_ Ынтымақ күні_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып: 3

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№122-сабақ. Ынтымақ күні

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды;

- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

- туынды сөздердің құрамына ажырата алады;

- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

-туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады;

-жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

 Бағалау критерийлері

- негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасалуын біледі;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

 Сөздік қор

 

Пәндік терминология мен тірек сөздер

ынтымақ күні, түбір сөз, қосымша

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Тапсырманы орындау барысында қандай дағдыларды дамытуға мүмкіндік алдыңдар?
  • Тапсырманы орындау деңгейін қалай бағалайсыңдар?

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік қасиеттерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

«Дүниетану» пәні

 АКТ қолдану дағдылары

-

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз құрамы, дыбыс түрлері туралы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі. ) «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны

Мамыр айындағы мерекелер тізімін жасау

1- топ Қазақстан халқының бірлік күні

2- топ Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні

3- топ Отан қорғаушылар күні

4- топ Жеңіс күні

Талқылау

  • Бұл мерекелер туралы не білесіңдер?
  • Неліктен бұл мерекені атап өту маңызды?
  • Мерекені атап өтуге қандай ұсыныс жасар едіңдер?

Әр топ берілген сұрақтар бойынша белгілеген мерекені таныстыру ұйымдастырады.

Саралау. Қосымша дереккөз ұсыну

Атаулы күндер

3  мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні5  мамыр - Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні7  мамыр - Радио күні7  мамыр - Отан қорғаушылар күні7    мамыр -  Дүниежүзілік Қызыл Крест және жарты ай күні12 мамыр - Медицина бикелерінің ынтымақ күні15 мамыр - Халықаралық отбасы күні17 мамыр - Халықаралық мұражайлар күні21 мамыр - Халықаралық мәдени даму күні 31 мамыр - Саяси қуғын сүргін-құрбандарын еске алу күні

Талдау:

  • Осы тапсырманы орындау барысында қандай дағдыларды дамытуға мүмкіндік алдыңдар?
  • Тапсырманы орындау деңгейін қалай бағалайсыңдар?

Сабақ тақырыбы мен бағаалау критерийлерін белгілеу.

Сабақтың ортасы

3.1.4.1 (Ұ; Т; Қ) Өлеңді мәнерлеп оқу. Тірек сөздерді белгілеу.

13-жаттығу.

Ықтимал тірек сөздер: паш етеді, ынтымақ, бірлік, ғұрып, шаңырақ, ұлт.

Сөздік жұмысы. Түсіндірме сөздіктен қарамен берілген сөздердің мағынасын анықтау.

Паш етеді – көрсетеді, білдіреді

Ынтымақ – ауызбіршілік, достық

Ғұрып – қалыптасқан әрекеттер, ...

(Т; Қ) Жоспар кестені пайдаланып өлең мазмұнын талқылау.

  • топ Халықтың ынтымағын паш етеді.
  • топ Жүз ұлт пен ұлыс жүз уықтай
  • топ Қазақстан – алып ел!

Әр топ тірек сөздерді қолдана отырып, өлең мазмұны бойынша шағын әңгіме құрастырып айтады.

Дескриптор

  • тірек сөздердің мағынасын анықтайды/түсінеді;
  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды.

(Ө; Қ) Қарамен жазылған сөздердің түбірін тауып, түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндіру.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің түбірін анықтайды. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндіреді.

Халқымның халық

Ынтымағын ынтымақ

Бірлігін бірлік

Сергіту сәті

Бойыңды сергек тік ұста,

Деміңді ішке тез ал да,

Емін-еркін тыныста.

Сол қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада.

Оң қол да бос тұрмасын,

Шеңбер жасап зырласын.

3.4.2.1 (Ө; Ж, Қ) Есте сақтау диктанты. 14-жаттығу.

Оқушылар әр сөйлемді жеке оқып, іштей қайталайды, жатқа жазады. Мәтінді көркем, қатесіз жазуға назар аудартылады.

Тапсырма: мәтіннен туынды сөздердің астын сызу.

Жауабы: бір-лік, той -лайды, қуан- ыш.

Бағалау критерийлері

  • негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы жасалған туынды сөзді анықтайды.

Орындаған жұмыстарын жұбымен алмасып, оқулықтағы мәтінмен тексереді. Қателерді жай қарындашпен түзетеді.

Қатемен жұмыс ұйымдастыру.

Саралау

Туынды сөздің тірек сызбасын ұсыну.

3.3.5.1 (Ө; Ж, Қ) Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

15-жаттығу. Мақалды жалғастырып жазады. Мағынасына талдау жасайды.

Ырыс алды ынтымақ

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Бірлігі мықты ел озар.

Бірлігі жоқ ел тозар.

Сабақтың соңы

5 минут

ІІІ Рефлексия

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.

Бағалау критерийлері

Өз бағам

Мұғалім бағасы

тірек сөздердің мағынасын анып түсінемін

тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құраймын

жіберілген пунктуациялық қателерді тауып, түзете аламын

жіберілген стилистикалық қателерді тауып, түзете аламын

негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы жасалған туынды сөзді анықтаймын

Үй тапсырмасы: 16-жаттығу. Суреттегі торкөздерге ф әрпі бар сөздерді тауып жазу. Сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрастырып жазу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу