№123-сабақ. Ержүрек қыз Мазмұндама Қазақ тілі_ ПРЕЗЕНТАЦИЯ


Қазақ тілі

3-сынып

8-бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті

Сабақ тақырыбы №123.

Ержүрек қыз. Мазмұндама жазу

(«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жумабаева А.,

«Атамұра», 2018 ж.)

Бастауыш сынып мұғалімі: Сарыева А.

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Оқу мақсаты

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазу;

жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Бағалау критерийлері

- өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

- оқыған материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып, мазмұндама жазады;

- жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді.

Топтастыру

Әлия Молдағұлова мектепте сабақты өте жақсы оқыды. Ол мектепте оқып жүргенде, 1941 жылы соғыс басталды. Әлия Отанын қорғау үшін соғысқа сұранды. Майданда батырлық көрсетті. Ерлікпен қаза тапты. Сөйтіп «қазақтың батыр қызы» атанды. Оған арнап көптеген қалада ескерткіш қойылды.

Хиуаз Доспанова кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болған. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Екеуі де алғыр, қайсар, адал еді. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Соғыс кезінде ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған.

Көркем жазу

Бб, батыр, байсалды, басқыншы.

Батыр туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

Белгі қойып оқу

18 -жаттығу

Талқылау

Кестені жұпта, топта талқылау

Сөздік жұмысы

Сержант - әскери кіші шен атағы

Комиссар - әскери қызмет атқаратын адам

Пулеметшіпулеметті қолданып, оқ атушы жауынгер.

Фашист – герман басқыншылары.

Тықсырып келе жатты

Бұршақтай, баудай - сөз құрамына

талдау

Сергіту сәті

«Кішкентаймыз әлі біз» әнін тыңдау, хормен айту

Жоспарға сәйкес мәтін бөліктерін, абзацтарды анықтау

Мәншүктің өтініші

Жаудың қарсы шабуылы

Мәншүктің батыл қадамы

Құрметті атақ.

Жоспардың екінші бөлігінен бастап мазмұндама жазатын болсақ, сөйлем қалай басталар еді?

1943 жылы ... қандай оқиға болды?

Оқиға әрі қарай қалай өрбиді?

Бірлесіп жазу

Мазмұндама жазу барысында:

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтау;

сөйлемді жетілдіру;

мәтіндегі сөйлемдердің мағыналық байланысын ретін сақтау;

жаңа ойды абзацтан жазу;

сөйлемнің тыныс белгісін қою.

Қатемен жұмыс

Жұмысын таныстыру. Стиистикалық қателерді анықтау. Ұсыныс айту.

Өзара тексеру. Грамматикалық, пунктуациялық қателерді жай қарындашпен белгілеу. Талқылау

Жиі кездескен қате түрлерін талдау, үлгі немесе дереккөздер арқылы түзету

Үй тапсырмасы

20-жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу