1_Қазақ тілі_3 сынып_8-бөлім_Демалыс мәдениеті. Мерекелер_№125сабақ_Сөз және оның құрамы_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№125. Сөз және оның құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Оқушылардың көбі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді.

Оқушылардың кейбірі:

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Бағалау критерийлері

-пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және оларға негізді жауап береді;

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Түбір сөз, туынды сөз, түбір, қосымша, жұрнақ, жалғау;

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Туған елін, жерін қадірлеуге, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз және оның құрамы тақырыбынан игерген біліміне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Психологиялық ахуал.

Сабақты ҚР-ның әнұранымен бастау. (Әнұран орындалады)

(Ж) Өткенді бекіту

1. Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?

2. Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесің?

3. Ұлы Отан соғысы туралы қандай кинолар көрдің?

4. Мақалдарды жалғастырып жаз.

«Отан үшін отқа түс ...», «Батыр туса ел ...Жаңбыр жауса ...»

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

ҚР Әнұраны

Слайд 2

Слайд 3

Слайд 4

Сабақтың ортасы

5-9 минут

10-16 минут

17-22 минут

23-24 минут

25-28 минут

29-31 минут

32-35 минут

Негізгі бөлім

(Ө, Т) Сурет бойынша пікір білдіру.

Тапсырма 1. Оқушыларға ҚР рәміздерінің суреттері ұсынылады.

Сұрақтар қойылады:

-Суретте нелер бейнеленген?

-ҚР-ның рәміздеріне нелер жатады?

-Елтаңба мен Туды сипаттаңдар. (Түрін, түсін, пішінін, қандай элементтерден тұратынын анықтаңдар)

Тапсырма 2. Әр топқа ББҮ кестесінің бірінші, екінші бағандарын толтыру ұсынылады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

(МК) Сынып бөлмесіне Елтаңбаның, Тудың, Әнұранның қандай жағдайларда қолданылатына байланысты заттар, суреттер, мәліметтер топтастырылып қойылады.

1-топта: Төлқұжат, туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат т.б.

2-топта: Ақ Орданың, Үкімет үйінің тағы басқа да мемлекеттік мекемелердің суреттері т.б.

3-топта: Ресми, салтанатты маңызды жиналыстар, сол жақ кеудесіне қолын қойып, жеңіс тұғырында тұрған Қазақстандық танымал спортшылар бейнеленген суреттер т.б.

Әр топ қойылған заттарға, суреттерге, мәліметтерге байланысты қандай рәміз туралы айтылып тұрғандыған анықтап, сыныпқа жариялайды. Әр топқа берілген байланысты мәліметтер жазылған мәтіндер таратылады. Мәтінде берілген мәліметтерді саралайды.

ББҮ кестесін толықтырады.

3.2.3.1 (МК, Ө, Т) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

Тапсырма 3. Мәтінді түсініп оқу.

(МК) Тақтадан Қазақстанның географиялық картасы көрсетіледі.

(Ө, Т) Көмекші сөздерді пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру.

Сұрақтар үлгісі:

-Қазақстан жер шарының қай жерінде орналасқан? (Картадан көрсетеді)

-Қазақстанның жер көлемі қандай? (Басқа мемлекеттермен салыстырады)

-Ата-бабаларымыз туған елімізді, жерімізді қорғауда қандай ерлік жасады? (Мысалдар келтіреді)

-Өзің туып-өскен жеріңді картадан көрсете отырып, қалай, не себепті мақтан тұтатыныңды әңгімеле. (Әңгімелеу барысында меніңше, менің ойымша, өйткені, сондықтан көмекші сөздерін пайдалану керектігі ескертіледі)

-Мәтіннің мазмұны бойынша қандай ой түйіндеуге болады деп ойлайсың?

-Мәтінде берілген нақыл сөздердің мағынасын қалай түсіндіресің?

, Т) «Кім жылдам?» ойыны ойнатылады.

Берілген сөздерден басқа сөздер жасаңдар.

1-топқа: «Елтаңба» сөзі. /ел, ет, ат, бата, бала, бел, таңба, таң, аң/

2-топқа: «Байрақ» сөзі. /бай, ай, рай, қар, ар/

3-топқа: «Әнұран» сөзі./ән, нұр, Нұра, ұра, ұран, ұн, нан/

3.2.5.1 (Ө) Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

Тапсырма 4. Берілген сөзлердің мағынасын ажырату. Синонимдерін анықтау.

Көне, пырақ, айбар, игілік, рәміздер, Әнұран, сазгер, Елтаңба, борыш т.б.

Оқушылар өз ойларын айтқан соң түсіндірме сөздік арқылы салыстырып, алдында айтылған сөздерінің мағыналары қаншалықты дұрыс екендігі анықталады.

3.3.5.1 (Ө; Ж; Қ) Өлеңді көркем жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Тапсырма 5. 27-жаттығу. Көркем жазу.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Тапсырма 6. 28-жаттығу. Сөздерді оқып, түбірін табу. Түбір сөз бен туынды сөздердің мағынасын салыстыру. Түбір сөздердің қай сөз табынан жасалғанына байланысты сөздерді топтастырып жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Дескриптор:

-қатесіз, көркем жазады;

-сөз құрамына талдайды.

Қосымша №3

Оқулық

«Үштік» әдісі»

Слайд 7

Оқулық 2-бөлім 106-бет

№4 Дәптермен жұмыс

Оқулық 2-бөлім 107-бет

№4 Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

Сендер бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?

Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?

Тудың авторы кім?

Ту неліктен көк түсті?

Туда нелер бейнеленген?

Елтаңбаның авторлары кімдер?

Елтаңбада нелер бейнеленген?

Әнұранның сөзін жазған кімдер?

Әнұранның әнін жазған кім?

Үй тапсырмасы: 29-жаттығу.

Парақшалар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсету.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады.

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыра алуын, құрастырылған сұрақтарға жүйелі, толық жауаптарын бағалау. Өзара бағалауды ұйымдастыру.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу