Демалыс мәдениеті. Мерекелер_№127сабақ_Сөз және оның құрамы_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Күні: 4 тоқсан | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | №127. Сөз және оның құрамы | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.3.1.1 жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін; көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу; 3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату. | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері | -тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады; -каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады; -туынды сөздерді жасайды. | |||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология мен тірек сөздер: Түбір сөз, туынды сөз, түбірлес сөздер, қосымша, жұрнақ, жалғау; Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Тәуелсіздік қандай жолмен орнады? | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз елін, туған жерін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сөз және оның құрамы | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | (Ұ) Блиц сұрақтар: Сөз неден құралады? Сөзден не құраймыз? Түбір деген не? Қосымша деген не? Түбір сөзге мысал келтір Туынды сөзге мысал келтір. (Т) Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың ана тілі туралы тауып жазған мақал-мәтелдері мен қанатты сөздері, оларды қатыстырып құраған сөйлемдері, сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдау барысы және жалғанған қосымшаларына (жұрнақ, жалғау) байланысты сөздерді топқа біріктіруі тексеріледі. Оқушылардың орындаған жұмыстары ауызша комментарий арқылы бағаланады. 1) Тапсырманы толық орындағандар - «Өте жақсы!», «Керемет!». 2) Тапсырманы жартылай орындағандар – «Жарайсың!, Жақсы!». 3) Тапсырманы орындауда қиналғандар – «Жақсы жұмыс! Әлде де еңбектен!» Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықталады. | Слайд 4 Слайд 1, 2 | ||||||||
Сабақтың ортасы 5-35 минут | Негізгі бөлім 3.1.3.1 (МК, Ұ; Т; Қ) Суретті қолдана отырып тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазу. Өзара бағалау. Тәуелсіздік күніне байланысты салынған суреттер көрсетіледі. Сұрақтар қойылады: -Суретте не бейнеленген? /ҚР Туы, Алтын адам, қанатты барыс/ -Суретке қарап не айтуға болады? /Егемен еліміздің нышандары бейнеленген/ -Берілген бейнелер ненің белгісі? /Тәуелсіздіктің белгілері/ -Осыған байланысты қандай мереке атап өтіледі? /1991 жыл 16-желтоқсаннан бастап Тәуелсіздік мерекесі атап өтіледі/ Тапсырма 1. Сурет негізінде және «Тәуелсіздік» ұғымына байланысты тірек сөздерді анықтау және белгілеу. Тірек сөздер: 1986 жыл, желтоқсан ызғары, Одақ – империя, ыдырады, 1991 жыл, Отан, бостандық, тәуелсіздік, егемендік, ұлтжандылық, ұлтаралық, татулық, бірлік, бейбітшілік, жасампаз, жаңарған, Мәңгілік ел, абыройлы, мәртебелі, мемлекет, айналды. Тірек сөздер негізінде жоспар құру Жоспар: 1. Тарих беттерінен... 2. Желтоқсан ызғары. 3. Мәртебелі Қазақстан. Оқушылар тірек сөздер мен жоспар негізінде сипаттау мәтінін алдымен өз бетінше бағалау критерийлері негізінде құрап жазады. Өз нұсқаларын топта жариялап, талқылайды. Топтың ішінен ең үздік деп тапқан мәтіндерін сыныпта оқиды. Мәтінге ат қояды. Топтар бір-бірін өзара бағалайды. Сынып ішінде талқыланған соң, бағалау критерийлеріне сәйкес келетін ең үздік сипаттау мәтіні таңдалынады. Бағалау критерийлері: -тірек сөздерді дұрыс белгілейді және қолданады; -жоспар незінде сипаттау мәтінін құрап жазады. 3.3.6.1 (МК, Ө) Каллиграфиялқы нормаларды сақтап жазу. 37-жаттығу. Жаттығуды көшіріп, көркем жазады. Оқушылардың кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазуы қадағаланады. 3.4.2.1 (Ө, Ж, Қ) Сөз құрамына талдау. 37-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдайды. Түбір мен қосымшаны тиісті белгілермен белгілейді. Жалғанған қосымшаның (жұрнақ, жалғау) ерекшелігіне, байланысты сөздерді топтастырады. Өзара бағалау. Бағалау дескрипторы: -сөздің түбірін табады; -туынды сөздерді анықтайды; -жұрнақ пен жалғауды ажыратады. 39-жаттығу. Түбірлес сөздерді топтау. Бір түбірден шыққан сөздерді топтап жазады. | http://miras.edu.kz/college/index.php/ru/novosti/186-s-dnem-nezavisimosti ік Слайд 5 Қосымша №3 Оқулық 2-бөлім 110-бет №4 Дәптермен жұмыс Оқулық 2-бөлім 110-бет №4 Дәптермен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия «Тәуелсіздік» сөзіне бес жолды өлең құрастыру. 1. Зат есім. (тақырып - бір сөз) 2. Сын есім. (сипаттау – екі сөз) 3. Етістік (қимыл атауы – үш сөз) 4. Сөйлем. (4 сөзден тұрады) 5. Синоним. (тақырыптың басқаша атауы) Үй тапсырмасы: Дереккөздерді пайдаланып, желтоқсан құрбандары туралы ақпарат іздестіру, мәліметтер жинау. Таныстырылым жасау. | Қосымша №5 Парақшалар | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша дереккөздермен жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Сөз құрамын ажыратуда қиналатын оқушыларға түбір сөздерге жұрнақ жалғанғанда кейбір сөздердің бастапқы мағынасы азғана өзгеріске ұшырайтыны, ал кейбір сөздердің мағынасы толықтай өзгеріске ұшырайтынын түсіндіру. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Синквейн әдісі арқылы кері байланыс жасау. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?