Қазақ тілі және әдебиеті 3 cынып 7 бөлім Су- тіршілік көзі_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сынып:3 А 20.04.2018 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З. Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Өзен мен бұлақ | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу; 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото /суреттер қолдану. | |||||||
Сабақ мақсаттары | өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу; сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото /суреттер қолдану. | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Сөздік қор | Бұлақ, арна, ағат қылық | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Достық,жолдастық, сыйласымдылық құндылықтарын қалыптастыру. | |||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Еліміздің тарихын құрметтеуге үйренеді; Алған білімін өмірді қолдануға бейімделеді. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін-өзі тану, Әдебиеттік оқу | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру
| Презентация | |||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Сөйлесейік Оқушыларға өзеннің дыбысы тыңдатылады.
Суретке әркім тақырып қойсын. Оқиық. Әңгіменің авторы туралы мәлімет:
Өзен мен бұлақ Айналаны азан-қазан жаңғырта ағып жатқан, арыстандай арқыраған Өзен терең сай ішінде атқылап аунақшиды. Ерке де шолжаң. Ақ жаулықты Tау анасы Өзенннің төбесінен төне қарап, бақылап тұр. Ерке Өзеннің буырқанған албыртта қайсар қылығына мәз. Tау өз ұрпағының осы қылығына қуанып қарап тұрып, сүйсіне күлімдейді.
Қыспақтан шыққан Өзен құлдыраңдай жүгірді. Бұлақтың да үлкен арнаға түсіп, арқырай аққысы, қызықты өмір сүргісі келді. Бірақ Өзен тетелес інісін аямай иықпен қағып өте шықты. Арынды Өзен тентек бала құсап әлжуаз Бұлақты кері ықтырып тастады. Үлкен ағысқа қосыла алмай, шеттеп қалғанына қынжылып, жыламсыраған Бұлақ бұртиған қалпы амалсыз бөгеліп қалды. Ағысқа ілесе алмады.
Бұлақ жалынышты үнмен міңгірлей өтінді:
Бұлақ қызық ойынға қатыстырмай қойған бала секілді ағасына өкпелегендей томсырайып тұрып қалды. Tау тентек Өзенге байыппен кеңес берді: -Өзенім, тым еліріп кетпе. Артыңа көз салшы, қаншама Бұлақ қосылып, қалай ұлғайғаныңды есіңе түсір. Ініңді ренжітпе. Бұлақ сенің көзің, қуатың! Осы бұлақтар арқылы сенің арының артып, арнаң тола береді. Өзен үн қатпады. Ойға шомғандай сәл иіріліп, өзімен-өзі айнала берді. Өзінің ағат қылығын түсінді ме екен, кім білсін?! Құрманбай Tолыбаев
(Ж) «Әңгімені сұрақ қоя отырып оқы» Жұптық жұмыс кезінде мәтіннің бірінші бөлігі бойынша А оқушы В-ға бірнеше сұрақтарды жазбаша дайындайды. В жауап береді. Екінші бөлігі бойынша В оқушы А-ға сұрақ қояды. Үшінші бөлігінде А мен В С мен Д-ға сұрақ дайындайды. Tапсырма: Жеке және топтық жұмыс. 1.Бірінші тапсырмада анықтаған тақырыптардың қайсысы әңгіменің тақырыбына сәйкес келеді? 2. Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді оқы және неге сол сөйлемді белгілегеніңді түсіндір. Дифференциация: Қабілеті төмен оқушылар әңгімені оқып шығады және өз сөздерімен ойларын айта алады. Қабілеті төмен оқушыларға жабық сұрақтар, ал қабілеті жоғары оқушыларға ашық сұрақтар қойылады. (Ө.ж) Сұра және жауап бер:
«Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы сұрақтардың жауаптары тыңдалады. Tыңдалған жауаптардың деңгейіне сәйкес смайлик беріледі. Дифференциация: Қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді, ал қабілеті жоғары оқушылар әңгімеден мысал келтіріп, баға беріп жауап береді. (Т) Жазайық. 1-тапсырма: Әңгімеден өзенннің ағысын сипаттайтын тұсты тауып оқы. Қандай көркем-бейнелі сөздерді қолданғанын анықта. Tеңеу және бейнелі сөздерді тауып, мағынасын анықта. 2-тапсырма: Мәтіннен автордың негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемдерді тауып оқы және сол сөйлемді таңдау себебін түсіндір. 3-тапсырма: Жеке жұмыс: оқулықтағы кестедегі бейнелі сөздерді қатыстырып, Өзен мен бұлақ жайлы өз ойыңнан ертегі құрастыр. | Презентация, бағалау стикерлері, маркерлер, АЗ қағазы, фломастерлер, желім, қайшы, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті қағаздар, сұрақтар жәшігі. Оқулық: 18, 19-беттер Жұмыс дәптері: -бет | ||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабақты қорыту Рефлексия. Үйге тапсырма: Әңгіме тақырыбына сәйкес ребус немесе сөзжұмбақ құрастырып келу | |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Үлгерімі төмен оқушылар мұғалімнің көмегімен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы шапшаң әрі тез орындауы мүмкін.Сондықтан ашық сұрақтар қойылып, өмірден мысал келтіріп жауап береді. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде топтарда өзара бағалау жүреді. Оқушылардың пікірлері «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағаланады. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру «Бәрі сенің қолыңда» әдісі арқылы жүргізіледі. | Сергіту сәті өткізіледі. Театр ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?