Қазақ тілі 3 сынып 7 бөлім Су тіршілік көзі Құрғақшылықты зерттейміз ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су – тіршілік көзі» Күні: 4-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құрғақшылықты зерттейміз | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу; 3.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салу/сызба түрінде көрсету; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп әңгіме құрап айту; 3.4.2.7 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау. | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатысады.Мәтіннен мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтап кестеге салып,сызба түрінде көрсетеді. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрап айтады. Мәтіннен болымды және болымсыз етістіктерді анықтайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Баға жетпес байлық, жолға шығу, бағалы, шөл, шаршау, шөлдеу, бір жұтым су | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын тапсырмаларды орындау барысында дарыту. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||||
Бастапқы білім | Өзендер туралы мәтіндерді оқу. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 минут | (Ұ)Қызығушылықты ояту. «Сөздер тізбегі». Оқушылар мұғалім бастап айтқан сөзді бір сөзбен толықтырып, сөйлем құрап тұрады. Тізбекке қатыса алмаған оқушы «тізбекті» оқиды. Мысалы: Ыстық күні .......... ............... .......... .......... ............. . Жаңбыр жаумаса ............ ............... ........... ........... . Шөл далада ............... ............ ............ ................. ............. . Мұғалім құрғақшылық жайлы сөйлемдердің құрылуына бағыт-бағдар жасайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. | слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10-17 минут 17-25 минут 25-35 минут | (МК) Тыңдалым алды жұмыс. «Сөз сыры» Оқушылар берілген сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжайды, жұпта мәтін/ сөйлемдер құрастырып көреді. Жаңа сөздердің мағынасын таниды. Мақсаты:Оқушылардың айтылым және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, тапсырмаларды орындайды. Жұпта жұмыстарын бір-бірімен салыстырып, тексереді. Соңында түпнұсқамен салыстырады. Жұпта мәтінді бір-біріне мазмұндайды. Тыңдалым мәтіні: Ертеде екі адам алыс жолға шығады. Олардың біреуі өзімен көп алтын, бағалы тастар алады. Ал екіншісі көп су алады. Олар шөлмен жүреді. Жолаушылар қатты шаршайды, шөлдейді. Алтыны бар адам екіншісіне:
(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар берілген тапсырмалардың бірін таңдап, орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған. І. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
_____________________________________________________________ _____________________________________________________________
_____________________________________________________________ _____________________________________________________________
_____________________________________________________________ _____________________________________________________________ 2-тапсырма. Сөйлемдерді ретімен орналастыр.
3-тапсырма:Мәтіннен 3 болымды етістікті көшіріп жазып,болымды етістікке айналдырып жаз. ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________ Дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалайды:
| Үлестірмелі парақтар, кестелер мен дескрипторлар, тыңдалым мәтіні, мәтін жазылған парақтар. | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы өз жұмысын қорытындылайды. Мен бүгін............. Маған бүгін ................ Бағалау: Сабақтың басында анықталған критерийлер арқылы өзін-өзі бағдаршамның түрлі-түсті көздері арқылы бағалайды. | бағдаршам | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?