Қазақ тілі және әдебеиті _3 сынып _7 бөлім Су тіршілік көзі.Құрғақшылықты зерттейміз_ТАНЫСТЫРЫЛЫМ


Ана тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Мұғалім мәтіннің бастапқы бөлігін айтады. Оқушылар шеңбер бойымен ертегіні жалғастырулары керек.

Ертеде бір хан өз нөкерлерімен жорықтан келе жатып, шөл далаға тап болыпты. Қатты шөлдеген хан әсерлері айналадан су көзін іздеуге кірісіпті. Бір кезде хан нөкері алыстан жылтыраған бір нәрсені байқайды...

«Жалғасын тап»

Сабақтың тақырыбы:

Құрғақшылықты зерттейміз

Сабақтың мақсаты:

Өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, диалогке қатыстыру. Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп,әңгіме құрап айта білуге үйрету.Ашық және жабық сұрақтар құрастыруға дағдылану. Хат жазу.

Су тасқыны

Бай мен кедей

Алтын, нан

шөл

ағашқа мінуі

бір үзім нан

алтын, күміс -тас

арпа, бидай - ас

1-топ: мәтін бойынша 3 ашық, 3 жабық сұрағын құрастыру.

Дескрипторлар:

Ашық сұрақтарды құрастырады;

Жабық сұрақтарды құрастырады.

2-топ: мәтін мазмұны бойынша көрініс көрсетеді, мақалдың мағынасын ашады.

Дескрипторлар:

Қойылым барысында диалогты қолданады;

Мақалдың мағынасын ашады.

 

3-топ: Су тасқынының туындау себебін анықтап, алдын алу жолдарын ұсыну.

Дескрипторлар:

Су тасқынының себебін анықтайды;

Су тасқынының алдын алу жолдарын ұсынады.

Баяғыда бір бай мен кедей көрші тұрыпты. Бай өте жақсы өмір сүріпті. Ал кедей егін егіп, өз еңбегінің нанын жеп күнелтеді екен.

Бір жылы көктемде қатты су тасқыны болады. Бай бар алтынын көтеріп, биік ағаштың басына шығып кетіпті. Кедей де нанын алып, ағаштың басына шығады. Су тасқыны бірнеше күнге созылады. Қарны ашқан бай кедейге:

Әй, кедей, мына бір кесек алтынды алып, маған бір үзім нан берші, -дейді.

Алтының өзіңе, нан бере алмаймын,- дейді кедей. Екінші күні бай тағы да:

– Алтынымның жартысын берейін, бір үзім нан берші, –деп жалынады. Кедей бере алмайтынын айтады. Ақыры, аштан өліп бара жатқан бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Байға жаны ашыған кедей өз нанымен бөліседі. Келесі күні су тоқтап, олар ағаш басынан түседі. Содан бері бай мен кедей араласып, жақсы көрші болған екен. Халықтың «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» дегені осыдан қалған болар.

/Топтар өз жұмыстарын қорғайды, дескрипторлар бойынша өзара бағаланады, мұғалім «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтарды бағалайды/.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу