Құрғақшылықты зерттейміз_ТАНЫСТЫРЫЛЫМ
Мұғалім мәтіннің бастапқы бөлігін айтады. Оқушылар шеңбер бойымен ертегіні жалғастырулары керек.
Ертеде бір хан өз нөкерлерімен жорықтан келе жатып, шөл далаға тап болыпты. Қатты шөлдеген хан әсерлері айналадан су көзін іздеуге кірісіпті. Бір кезде хан нөкері алыстан жылтыраған бір нәрсені байқайды...
«Жалғасын тап»
Сабақтың тақырыбы:
Құрғақшылықты зерттеймізСабақтың мақсаты:
Көркем, публицистикалық және ресми стильдерді ажырату
Болымды және болымсыз етістіктерді анықтау.
Жер, сусыз, гүлдейді,құрғақ,құнарлы,аспан, жаңбыр, су, ыстық, кебеді, күннің көзі, көркейеді.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стилі бар:
1. Білім мен ғылым саласында – ресми іс – қағаздар.
2. Әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет.
3. Бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық.
4. Күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі).
5. Ғылым саласына байланысты –(ғылыми стиль)
Мысал:
Біз мектепке келе жатырмыз. (ауызекі сөйлеу стилі)
Бүгінгі күнгі алға қойған мәселенің бірі - латын әліпбиіне көшу болып отыр. (публицистикалық стиль).
Ауа-райының өзгеруі атмосферада өтетін нақты құбылыстарға байланысты (ғылыми стиль).
Көрген жанның көзі сүйсінетін бұл баланың қаладан келгені кеше ғана. (көркем әдебиет стилі).
Сізден, қызым Әмірқызы Айжанды 2018 жылдың 12 сәуірі күні отбасы жағдайына байланысты сабақтан босатуыңызды сұраймын. білдіремін (ресми іс – қағаздар стилі).
Дескрипторлар:
Стиль түрлдерін ажырата алады;
Құрғақшылық
Бұған дейінгі жылдар да шаруа баққан адамға қолайлы болып тұрған жоқ еді. Ал биылғы жыл тіпті ерекше болды. Құрғақшылықтың нышаны өткен күзде-ақ сезілді. Күз жауын-шашынсыз өтті. Қыста қар аз түсті. Наурыз, сәуір айлары ғана шамалы ырымдады. Есесіне одан кейінгі үш ай: мамыр, маусым, шілде ішінде облыс аумағында бір күн жауын болмай, анық құрғақшылыққа бағыт алды. Жалпы, мамандардың айтуына қарағанда, қазіргі құрғақшылық Қазақстанды тұтас қамтуда. Мұнда көктем мен жазда жауын-шашын болмағаны өз алдына, осынша уақыт ыстық тұрып алды. Ыстықтың беті қайтпай, шілде айына келіп кірді. Құрғақшылық пен ыстық аптап облыстың аумағын түгел қамтып, барлық аудандарды тегіс қаусырды. Ең жоғарғы температура барлық аудандарда сақталды. Ырғыз, Шалқар аудандарында — 43, Алға, Мұғалжарда 40-41 градусқа жетті. Қалған аудандарда 38-39-дан төмен болған жоқ. Топырақтың беткі қабаты барлық аудандарда дерлік бірдей 64-68 градусқа дейін қызды. Осыдан келіп ауыл шаруашылығында қиын жағдай қалыптасты. Егіс күйіп, табиғи шабындықтар қурап, сұйылды.
1 топ:
Мәтін не туралы?
- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.
- Құрғақшылық неліктен болды?
2 топ:
Мәтін не туралы?
- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.
- Құрғақшылық кезінде ауа-райы қандай болды?
Дескриптор:
Мәтін стильдік ерекшелігін анықтайды;
Құрағқшылықтың себебін анықтайды.
3 топ:
Мәтін не туралы?
- Мәтін қай стильде жазылған? Дәлелде.
- Құрғақшылық қандай қиын жағдайға әкелді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?